жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала: Өндірістік оқу сабақтарын дуалды оқыту жүйесінде қолдану
Өндірістік оқу сабақтарын дуалды оқыту жүйесінде қолдану
(АГКТК, Шеберхана меңгерушісі Бегманов А.С.)
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.
Техникалық және кәсіптік білім беруге қазіргі уақытта ел көлемінде айрықша мән беріліп отыр. Техникалық және кәсіптік-білімнің бәсекеге лайық ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес құрылымдарының және азаматтардың әлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сөзсіз. Дуальдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді.
Қазіргі кезде кәсіптік техникалық колледждер заманымызға сай жаңару мен даму үстінде. Бұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Дуалдық жүйе шеңберінде кәсіби білім негізінен оқу мекемесінде емес, кәсіпорындарда жүргізіледі. Оқу уақытының 70-80 пайызы өндірісте өтеді. Оқыту мерзімі 2-ден 3,5 жылды құрап, оқу бойынша негізгі шығынды кәсіпорын көтереді.
Біздің колледжімізде дуалды оқыту бойынша мамандар дайындайды. «ПМТ-201», «ПМТ-202», «ПМТ-203» топтары 1108000.01 – «Теміржолдың тартуға арналған жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Тепловоз машинистінің көмекшісі» біліктіліктерін алып шығады. Студенттер әлеуметтік серіктестермен теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауда және олар өндірістік машықтану кезінде озат іс тәжірибелі мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны меңгереді және жұмыстар жасайды.
Дуальдық оқыту жүйесі элементтерін енгізудің мақсаттары:
Колледж ұжымының мақсаты:
1.
Дүние жүзілік білім кеңестігіне
теңестірілетін техникалық және кәсіптік
білім берудің тиімді жүйесін жасақтау;
2.
Жұмыс беруші талабына сай оқу жоспарларын
және оқу бағдарламаларын жасау;
3.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге
қабілетті мамандар дайындау;
4. Оқу
орнының оқу-материалдық базасын заман
талабына сай жаңа техникалық, технологиялық
лабораториялық жабдықтармен қамту;
5.
Оқытушылардың біліктілігін арттыру
үшін өндіріске енгізіліп жатырған жаңа
технологиялары- мен және жабдықтармен
таныстырып отыру мақсатында өндірісте
тағылымдамадан өткізу;
6. Әлеуметтік
серіктестермен байланыста оқушыларды
өндірісте тәжірибеден өткізу және
бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру
мүмкіндігіне ие болу.
Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты:
1.
Оқу орнына қандай және қанша маман
дайындау туралы ақпарат беру;
2. Оқу
орнына маман дайындауға өз талаптарын
қою;
3. Оқу орнымен бірлестікте
оқу-материалдық құжаттарды дайындауға
қатысу;
4. Оқушыларды оқу және өндірістік
тәжірибеден ақылы өткізу мүмкіндігін
қарастыру, шешу;
5. Оқушыларды оқу
және өндірістік тәжірибеден өткізуге
жағдай жасау;
6. Оқу орнын бітірушілерді
жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту;
Оқушының мақсаты:
1.
Теориялық білім мен тәжірибе арасындағы
алшақтықты жойып, кәсіби құзіретке
негізделген білім алу;
2. Өндірісте
оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы
өту мүмкіндігін алу;
3. Колледж
бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу
мүмкіндігіне ие болу.
Білімгерлер өздері таңдаған мамандықтардың кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуы керек. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірбиенің үйлесімді болуынан дуалды білім беру жүйесін енгізу қажет. Дуалды оқыту кәсіптік техникалық оқу орны мен өндірісте бірге оқыту. Бұның ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға кәсіптік техникалық колледждер ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші, өндірістік мекемелердің де жауапкешілігі артады. Қазіргі кезде еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы болып қол күші жетпей жатады. Қалыптасқан жағдайда білім беруді ұйымдастыру, яғни жас маманның өндірістік машықтандырудан толық кәсіпті игеруіне жағдай жасау. Бұл мақсатқа жетудің жолы негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, білімгер- лердің кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы-өз мамандығын жетік білетін кәсіби дағдылары педогогикалық дарыны бар жаңашылдыққа ұмытылатын өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қажет. Білімді үйреніп басқаларға үйрету-халыққа сапалы қызмет көрсетудің тетігі тәжірбиелі, білімді мамандардың қолында-деп бекер айтылмаса керек. Білгенін басқаларға үйрету үлкен сауапты іс деп ойлаймын. Ол үшін білікті де тәжірбиелі тәлімгерлерден өндірістік базасында, жұмыс орнында жұмыстың әдістерін, қыр сырын үйлесімі- мен үйреніп сұранысқа ие нағыз өз ісінің шебер иесі болуға тырысу. Теориялық біліммен қатар өндірістік машықтану кезінде білікті мамандар дайындау мәселесін шешуге бағдарланған құрылымдармен, сондай-ақ кәсіптік техникалық колледж білім беру мекемелерімен сұранысқа ие болатын білім беру жүйесін енгізу жан-жақты талқылануы қажет. Әлемдік тәжірбиеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандықты толықтай игеруіне ықпал етіп, еңбек өнімділігі артады және жұмыссыздық азаяды. Дуалды білім беруде әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста болу. Еңбек нарығы жағдайларына байланысты кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік мекемелермен келісе отырып, өндірістік машықтандыруды жүзеге асыру бойынша бірігіп дуалды оқытуда мамандар дайындауда – әдістемелік мәселелер бойынша келісім шарт міндеттерін жасау. Студенттердің қызығушылығы мен мекемелердің сұранысына қарай жұмысқа деген ынтасын ептілігі мен ұқыптылығын арттыру. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болса еңбек нарығында сұранысы жоғарылайды. Сонымен бірге оқу орныны болсын мекемелерде де осы мамандыққа деген сұраныс көбейіп, халықтың жұмыссыздығы кемиді. Бұл біздің кәсіптік техникалық колледждердің, білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылатады деп сенеміз. Өндіріс орындарының сұранысы негізінде кәсіби деңгейі жоғары көп салалы маман даярлауда колледж қосымша жұмысшы мамандықтарды оқытуды қажет етеді. Көп салалы мамандықтарды даярлаудың, қосымша мамандықтарды игерудің негізгі түсінігі тәжірбиедегі уақыттарын тиімді пайдалану өндіріс орындарымен келісілген оқу жоспары арқылы жүргізіледі.
Дуальды оқытудың артықшылығы ең алдымен жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғарғы пайзын көрсетеді. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді Дуалды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашы- лық іскерлік сапаларын, коммуниактивтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады. Дуалды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет.
Қорыта келгенде, егер дуальдық жүйемен оқыту әдістемесі жетілдіріліп, заңды түрде күшіне енгізілсе, жақсы нәтиже береді деп есептеймін:
Дуалдық
жүйе - оқытудың дәстүрлі түрлері мен
әдістерінің негізгі кемшілігін, яғни
теория мен тәжірибенің арасындағы
алшақтықты жояды;
2. Техникалық
және кәсіптік білім беру мекемелері
бітіруші түлектерін кәсіпорындарға
жұмысқа орналастыру үшін жұмыстанады;
3.
Жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс
жасайтын оқу орны болашақ мамандарға
қойылатын талаптарды ескеріп отырады;
4.
Әлеуметтік серіктестіктер өндіріс
талабына сай, білім алушыға қойылатын
біліктілік талаптарды дайындауға,
кәсіптік стандарттарды, дуальдық
оқыту жүйесі бойынша өзгеретін модульдық
бағдарламаны, оқу бағдарламасын
дайындауға және оқытушыларды тағылымдамадан
өткізуге қатысады;
5. Әлеуметтік
серіктестіктер мамандар дайындау
бойынша мемлекеттік тапсырманы
қалыптастыруға қатысады;
6. Оқушының
кәсіби дайындық деңгейін бағалау және
біліктілікті тағайындау үшін құзырлы
мамандар мемлекеттік емтихан комиссиясы
мүшесі ретінде қатысады;
7. Білім
алушы дуальдық жүйемен оқыту нәтижесінде
белгілі құзіреттерді меңгерген кәсіби
дағдыға ие болады;
8. Оқу орнын
бітіруші жұмысқа орналасу мүмкіндігіне
ие болады.
Біздің басты бағытымыз – өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеу. Тәлімгерлеріміз сапалы білім алып, отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүійспеншілігін болашаққа деген нық сеніммен қадам басып өз міндеттеріне жауапкешілікпен қарайды деп сенемін

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген