Түркістан
облысы
Жетісай
ауданы
Жылы су
ауылы
«№25 жалпы орта мектебі»
кмм
Сопбекова Жулдызай
Ермекбаевна
Химия – биология пәні
мұғалімі
ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН
АРТТЫРУДАҒЫ БАҒАЛАУДЫҢ
ОРНЫ
Білім – бір
құрал.
Білімі көп адам құралы
сай ұста сықылды,
Не істесе де келістіріп
істейді.
Ахмет
Байтұрсынұлы
Бүгінгі күні білім берудегі
өзекті мәселенің бірі оқушылардың алған білімін бақылау, талдау,
бағалау болып табылады. Бағалаудың дәлдігі мен толықтылығы білім
берудегі көздеген мақсатымызға жетудің ұтымдылығын анықтайды. Олай
болса білімді, іскерлікті және дағдыны бағалаудағы көздеген мақсат
– ол оқушылардың жан – жақты еңбек және шығармашылық әрекеттерін,
танымдары мен болмыстарын өзгертуге бағытталған жолдарын анықтап,
тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Оқу – тәрбие үрдісін жүргізуде
мұғалімнің шығармашылығы маңызды қызмет атқарады. Осындай талапқа
сай қызмет істеу үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігін
арттыруда ұстаз өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы
толықтырып, психология және педагогика ғылымдарын, ондағы ғылыми
жаңалықтарды, озық тәжірибелерді үнемі сабақ барысында пайдаланып
отыруы тиіс. Мысалы, Ұлыбританияның Кембридждік тәсілдерін меңгеру,
сабақта пайдалану қазіргі заман
талабы.
Оқушының пәнге қызығушылығын
арттыруда сабақтың алатын орны ерекше. Сабақ барысында мұғалімнің
алға қоятын мақсаты – оқушы білімінің терең де тиянақты болуын
қамтамасыз ету. Оқушы білімі мен біліктілігін арттыруда
қолданылатын әдіс – тәсілдердің бірі – оқушы білімін бағалау. Әрбір
сабақта оқушының білімін бағалау күнделікті сабақта жүргізілетін
үдеріс. Баға қою тәртібі әр пәннің өз ерекшелігіне сәйкес жүреді.
Мысалы, биология пәнінен қойылатын бағалар, физика, математика,
химиядан қойылатын бағалардан өзгешелеу болып келеді. Барлық
оқушының қабілеті бірдей болмайды. Оқушылардың қабілетіне
қарай нақты табыс критерийлерін
ұсыну керек. Бағалау критерийлерiне қарай
оқушының әрбiр жауабы, ұсынысы, идеясы, шешiмi құнды болып
есептелетiнiн және бағаланатынын ескерту керек. Әр сабақта жаңа
тақырыпты өздерi оқып, жұбымен, одан соң топта талдап, мысалдар
келтiредi. Топта әрқайсысы өз ойын, идеясын ортаға салып, шешiм
қабылдауды үйренедi. Сонымен бірге сабақта
мадақтай отырып бағалау оқушы
белсенділігін арттыруына көмегі тиері сөзсіз. Осы негізде
бағалаудың төмендегі түрлерін 7 «Ә» сыныбына өткізілген
сабақтарымда қолданып жүрген түрлерін ұсынып
отырмын.
Бағалаудың
үлгілері:
-
Оқушыны мадақтай отырып
бағалау.
-
Оқушылар өздерінің орындаған
тапсырмаларын өздері бағалайды. Тапсырманы толық орындағандар –
дөңгелек, екі тапсырманы орындағандар – төртбұрыш, бір тапсырманы
орындағандар – үшбұрыш көтереді.
-
Топтық жұмыс жүргізу кезінде
оқушы білімін топ бойынша бағалау. Мысалы, «Металдар» тобына – 5 ,
«Бейметалдар» тобына – 4, «Галогендер» тобына – 3
.
№
|
Оқушының
аты-жөні
|
Үй тапсырмасы (1-2
балл)
|
Топтық жұмыс (1-3
балл)
|
Ширату
тапсырмалары
(1-3
балл)
|
Бекіту тапсырмасы (1-2
балл)
|
Жалпы
балл
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырманың берілу көлеміне
қарай жиналған баллы бойынша топ жетекшісі оқушы білімін
бағалайды.
Тапсырма(топтық
жұмыс)
-
1 топ. Дёберейнер элементтерді
қалай жіктеді?
-
2 топ. Дж. Ньюлендс
элементтерді қалай
жіктеді?
-
3 топ. Д.И. Менделеев
элементтерді қалай
жіктеді?
|
Дескриптор: Жалпы - 3
балл
1.Постермен оқушылар
берілген тапсырманы орындайды.
|
Үй
тапсырмасы
1.Индикатор дегеніміз
не?
2. Қандай индикаторларды
білесің?
3.Қышқыл дегеніміз
не?
4.Қандай қышқылдарды
білесіңдер?
5.Сілтілер дегеніміз
не?
6.Қандай сілтілерді
білесіңдер?
|
Дескриптор: Жалпы - 2
балл
1. Сұрақтарға жауап
береді.
|
Ширату
тапсырмалары
Элементтің
аталуы
(әріптері
ауыстырылған)
|
Металл немесе
бейметалл
|
амйгин
|
|
фсрфоо
|
|
рітме
|
|
үткірк
|
|
суект
|
|
акльицй
|
|
оеткт
|
|
2.
Элементтерді металдар мен бейметалдарға жікте:
Li, Na, Br, K, I, H, C, Ag, Hg, S, Ca,
Mg. |
Дескриптор: Жалпы - 3
балл
1.Әріптер
топтамасынан элемент атын құрастырыа,сәйкестендіріп
жазады.
2. Элементтерді
металдар мен бейметалдарға
жіктейді.
|
Бекіту
тапсырмасы
1) Периодтық
кестедегі барлық элементтер _____________ және _____________ деп
екіге бөлінеді.
2) Магний —
_____________ . Күкірт — _____________
.
3) Егер элементінің
металдық жылтыры болса, электр тогы мен жылуды өткізсе, онда
элементі _____________ .
|
Дескриптор: Жалпы - 2
балл
1.Мәтіндегі бос
орындарға қажетті сөздерді қойып, дәптерге
жазады.
2.Оқушы периодтық жүйе
бойынша қорытынды жасайды.
|
-
Оқушылар білімдерін бағдаршам
түстері арқылы бағалау. Мұнда топтар бірін – бірі бағдаршамның
қызыл, сары, жасыл түстері бойынша бағалайды, топ басшысы қорытынды
бағаны бағалау парағына қояды.
-
Жетон тарату арқылы оқушылар
білімін бағалау.
Қызыл жетон – «3» Жасыл жетон
– «5»
Сары жетон – «4» Ақ жетон –
«2»
Керi байланыс жасау – оқушының
оқуын жақсарту үшiн қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтiлген
сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенiн, оған қалай қол
жеткiзгенiн, ненi дамыту қажет екендiгiн, қандай сұрағы бар екенiн
стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. Сонымен бірге
оқушылар топтық жұмыста бiр-бiрiн «Екi жұлдыз, бiр тілек»
арқылы постер қорғаудағы жұмысына қарап, кері байланыс беріп өтті.
Бұны қолданғандағы менiң ең негiзгi мақсатым – өзгенi бағалау
арқылы өзiнде жоқты табу немесе өзгенiң жетiстiгi арқылы өз
кемшiлiгiн тауып, оны түзетуге
бағыттау.
Сабақта өзiн – өзi әдiл
бағалауға жетелеу үшiн «Даналық ағашы» ойыны өткiзуге болады.
Алдын–ала дайындалып әкелген алманың суреттерiне оқушылар өтiлген
тақырыптар бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарына жауап алған
соң, жоғары деңгейдегi сұрақтар ағаштың жоғарғы жағына, орта
деңгейдегi сұрақтар ортасына, төмен деңгейдегi сұрақтар төменгi
жағына жапсырылады. Бұл оқушылардың өзiн – өзi шынайы бағалай
бiлуiне ықпал етедi. Үлгерiмi жақсы оқушылар көшбасшылық таныта
бiледi, жоғары дәрежелі сұрақтар қойып, мысалмен дәлелдейді. Өздері
құрастырған жоғары дәрежелі сұрақтары балалардың көңiлiнен шығып,
шапалақ соғып, қолпаштайды.
Өз тәжiрибемнен түйгенiм –
балалардың кешегi жағдайына қарап, бағалауға болмайды. Әр оқушы
мiнсiз оқушы болуға талпынады. Мұғалiмнiң мiндетi - сабақты жан –
жақты ойластырып, оқушыға бiлiмдi меңгеруiне жағдай жасай бiлуiмiз
керек. Әлi де болса бағалаудың басқа да, оқушыларды қызықтыра
түсетiн түрлерiн сабақтарымда қолдануды жалғастырамын деп
ойлаймын.
Белгiлi бiр нәтижеге жету үшiн
бiраз уақыт керек сияқты. Оқыту үшiн бағалау мен оқу үшiн бағалауды
сабақтарымда қолданғанымда мынандай қорытындыға келдiм:
оқушылар ынтымақтастықта бiрлесе жұмыс жасап, бiлiмдi бiрге
меңгердi, сыни тұрғыдан ойлауға, еркiн сөйлеуге, ой бөлiсуге,
өзгенің жауаптарын мұқият тыңдауға, өз көзқарастарын, өз пiкiрлерiн
дәлелдi қорғай бiлуге, өзiн – өзi, достарын тексерушi, бағалаушы
болуға, өзiн және сыныптасын шынайы бағалауды үйрендi. Өз еңбегiн
саралап, қорытындылай алды. Бұл жетiстiк бағдарламаның
нәтижесi.