Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін арттыру
Жас ұрпаққа жан-жақты білім беріп, шығармашылығын шыңдап,зерттеушілік қабілетін дамытып, ғылыми-теориялық білімін тереңдетіп, қазіргі заман көшіне лайықты білімнің қыр-сырын терең меңгерген шәкірт тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Мұғалім-тек білім беруші ғана емес,баланың өз бетінше білім алуына, туындаған мәселелерді шешіп, өмір жағдайына бейім, өздеріне сын көзбен қарайтын, дұрыс шешім қабылдайтын, мақсат-міндеттерін дұрыс анықтап, болжам жасап, қорытынды шығарып,кездескен проблемаларды шеше алуына ықпал ететін жан. Сайып келгенде мұндай ұрпақты жетілдіруде ұстаздың атқаратын рөлі өте ерекше. Әрине, ондай шәкіртті тәрбиелеуде мұғалімнің атқаратын қызметі де ерекше. Мұғалім алдына келген баланы жан-жақты зерттеуі керек. Әрбір баланың қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, белсенділігін анықтап, бойындағы жасырынып жатқан «мен» деген қасиетін ашып, шығармашылық тұлғаға жетелеуі қажет.Баланың бойында шығармашылық қабілеті шыңдалған кезде ғана ғылыми –зерттеушілік қабілеті де дами түседі.Оқушы қаншалықты дарынды, шығармашыл болса да, өздігінен ғылыми жұмыспен айналысуға, зерттеуге батыл қадам жасай бермейді. Оны жетелейтін де, ақыл-кеңес беретін де мұғалім екені анық. Сондықтан оқушының ғылыми-зерттеушілік қабілетін арттыруда дұрыс жұмыс жоспарлауды ескеруіміз қажет.
Біріншіден, оқушының теориялық білімін тереңдетіп, жаңа білімді ізденуіне ықпал етіп, пайымдауға, ғылыми болжам жасауға, салыстыруға, талдау жасауға үйрету.
Әрине, оқушының мұндай қабілеттері сабақ барысында ашылады. Күнделікті сабақта тақырыпты түсіндіргенде теориялық білім шыңдап, жаңаша білім ізденуіне ықпал етіп отырамыз. Сонымен қатар сол тақырыпты талдауға, пайымдап, болжам жасауға әрбір сабақта жүзеге асып отыруы керек.
Екіншіден, дұрыс тақырып таңдауға, проблемаларды шешуге дағдыландыру.
Жоғарыдағы әрекеттерді меңгерген соң балаға дұрыс тақырып таңдауға бағыт беруіміз керек. Егер тақырып дұрыс таңдалмаса, онда оқушының зерттеуінің нәтижесі болмайды. Тақырып таңдалғанда ескеретін жайттар:
-тақырыпты таңдауда баланың жас ерекшелігін ескеру;
-баланың қызығушылығын ескеру және бақылап отыру;
-ұсынылған тақырыптан ауытқымау;
-тың тақырып болуы керек;
-зерттелмеген немесе өте аз зерттелген;
-жалпылама етіп алмау керек.
Сонымен қатар проблемаларды шеше білуі керек.
-материалдар болмауы;
-екі жақты ойдың жазылуы;
-дәлелдердің аздығы;
-әдебиет теориясының аздығы.
Үшіншіден, жобаны қорғауға, көпшілік алдында сөз саптауға, сұрақтарға жауап таба білуге үйрету.
Негізінен ғылыми жұмысты жазу бір бөлек болса, сол еңбекті қорғап шығу бір бөлек мәселе. Осы тұста оқушының шығармашылық қабілетін шыңдауды қажет екенін түсінуіміз керек.Кейбір оқушылар ғылыми-зерттеушілік қабілеті өте жақсы болғанымен, сол жазылған жұмысты қорғауда көптеген қиындықтарды бастан кешіреді.Себебі,жазуда қиналмағанымен, көпшілік алдында сөз сөйлеу, аудиторияны өзіне қарату, жұмысты уақытты үнемдеп қорғап, дәлелдеп шығу, сұрақтарға жауап беруде мүдіріп қалады,сондықтан баланың шығармашылық қабілетін арттырып отыруымыз керек.
Шығармашылық қабілеттін арттыруда:
-өлең жазуға, өлең оқуға машықтандыру;
-ойын айтқанда, тосыннан сұрақтар қойып, жауап таба білуіне ықпал ету;
-ойын жеткізгенде, қарама-қарсы сұрақ қою немесе пікір айтып, ойын дәлелдеуге машықтандыру;
-дауыс ырғағымен жұмыс жасау, сөзді, әріптерді анық айтылуына мән беру;
Сонымен қатар ғылыми жұмыспен айналысуда оқушыға жоспар жасау –таптырмас көмек.
-ғылыми жұмыстың тақырыбы бойынша пайдаланылатын әдебиеттер тізімін жасау;
-осы тақырыпта жазылған ғалымдардың ғылыми жұмыстарымен танысу, салыстыру,жинақтау;
-талдау жасау;
-тәжірибе жасау;
-қорытынды жасау;
-болжам жасау;
-жұмысты қорғау.
Бүгінгі оқушы – ол ертеңгі ел беделін көтеруге қалтқысыз қызмет ететін азамат. Міржақып Дулатовтың «Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні –қараң, келешегі –тұман»дейді. ХХІ ғасыр-ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру-тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Білікті ұстаз-білімді ұрпақ, ал білімді ұрпақ- еліміздің болашағы. Әл-Фарабидің: «Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын,ерік-жігері –зор, тілек-мақсаты-ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек»-деген сөзін ұстануымыз керек.
Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казбекова Айымжан Шоткызы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Оқушылардың ғылыми- зерттеушілік қабілетін арттыру"

шағым қалдыра аласыз