Материалдар / Мақала "Қашықтықтан оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс тәсілдер"
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Мақала "Қашықтықтан оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс тәсілдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс тәсілдер. Бүгінгі таңда білім беру орындары қашықтықтан оқыту үрдісіне көшкені баршамызға мәлім. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев: «Қазіргі заманғы қашықтан оқыту технологияларын жеделдетіп енгізу қажет. Алдымызда білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау, оларды қолжетімді және интерактивті ету міндеті тұр», - деп ерекше атап өтті. Қашықтықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен педагогтың әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан оқыту екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады – синхронды және асинхронды оқыту.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ақболатова Лунара Төлегенқызы

Орал қаласы №14ЖОББМ

Қашықтықтан оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс тәсілдер

Бүгінгі таңда білім беру орындары қашықтықтан оқыту үрдісіне көшкені баршамызға мәлім. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев: «Қазіргі заманғы қашықтан оқыту технологияларын жеделдетіп енгізу қажет. Алдымызда білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау, оларды қолжетімді және интерактивті ету міндеті тұр», - деп ерекше атап өтті.

Қашықтықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен педагогтың  әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны.

Қашықтан оқыту екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады – синхронды және асинхронды оқыту. 

Дәстүрлі оқыту барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатынымыз баршамызға белгілі. Ендігі кезекте қашықтықтан оқыту барысында осы әдіс-тәсілдерді қалай түрлендіріп пайдалануға болатындығына тоқталсақ.

Дәстүрлі оқыту

Қашықтықтан оқыту

Түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс

Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде мұғалімнің материалға түсініктеме беруі суреттер/сызбалар/тәжірибелер арқылы бекітіледі.

Қашықтан оқытуға нені алуға болады?

Таныстырылым арқылы көрсету үшін суреттерді, сызбалар мен модельдерді,  скринкаст және қысқа бейнероликтерді пайдаланып, оқушыларға оларды таныстыруды немесе түсініктеме беруді ұсынуға болады. 


Дәстүрлі оқыту

Қашықтықтан оқыту

Оқу қызметін ұйымдастыру түрлері (ОҚҰТ) бойынша

Дәстүрлі сыныптық-сабақтық оқыту жүйесінде фронталды, топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлері қолданылады.   


Қашықтан оқытуға нені алуға болады?

Синхронды оқытуда ZOOM сессияларын немесе Teams командаларын, WһatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы топтық қоңырау шалуды қолдана отырып, топтық және жұптық жұмысты ұйымдастыруға болады. Қажет болған жағдайда жеке оқу бағыттарын ойластырып, жоғарыда аталған құралдарды қолдана отырып, оқушыларға кеңес беру арқылы қолдау көрсету. 

Асинхронды оқытуда оқушыларға жұптарға немесе топтарға бірігіп жоба жұмыстарын орындап, оның ақпараттары мен нәтижелерімен мессенджер чаттарында, бірлесіп қолданылатын құжаттарда, интерактивті тақталарда өзара бөлісуді ұсыну. 


Дәстүрлі оқыту

Қашықтықтан оқыту

Түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс

Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде мұғалімнің материалға түсініктеме беруі суреттер/сызбалар/тәжірибелер арқылы бекітіледі.

Қашықтан оқытуға нені алуға болады?

Таныстырылым арқылы көрсету үшін суреттерді, сызбалар мен модельдерді,  скринкаст және қысқа бейнероликтерді пайдаланып, оқушыларға оларды таныстыруды немесе түсініктеме беруді ұсынуға болады. 


Қашықтықтан оқыту барысындағы топтық жұмысты қалай ұйымдастырамыз?

Оқушылардың өз бетінше орындайтын немесе бірлескен жұмысына арналған тапсырмалардың тамаша нұсқасы – үйге берілетін жоба тапсырмалары. Жоба оқытудың әмбебап құралы болып табылады. Мұғалім оқушылар орындайтын  жоба тапсырмасын өз бетінше немесе бірлесе отырып (топта, жұпта) бөлімді немесе бөлімшені өту барысында орындайды. Тапсырманың әр бөлігі бөлім (бөлімше) бойынша белгіленген оқу мақсаттарына сәйкес келеді және оқушының оқу мақсаттарына табысты қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім жобаны орындау мерзімі және аралық тексеру мерзімдері көрсетілген тапсырманы орындауға арналған нұсқаулықты әзірлейді.

«Жетістікке жетудің үш құпиясы: басқалардан көп білу, өзгелерден көп жұмыс істеу, басқаларға қарағанда аз нәрсе күту», - деген Уильям Шекспирдің пікірін келтіре отырып, білім жолында талмай еңбектенсек, цифлық сауаттылығымызды үздіксіз арттырсақ, алға қойған мақсаттарымызды орындауға талпынсақ, жетістікке жетуге мол мүмкіндігіміз болары сөзсіз дегім келеді.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі