Мақала "Қауіпсіз интернет"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Қауіпсіз интернет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді. Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық ересек адамдар мен жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды санмың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, орны болуы керек емес пе?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қауіпсіз интернет

Оқушының санасын улайтын түрлі қауіпті сайттардан қорғау мақсатында Екіаша орта мектебінде «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқаны ашылып, іс-шаралары жоспарланды. Науқан барысында мектебімізде «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет еліне саяхат», «Интернет пен денсаулық» тақырыбында сынып сағаттары өтті, «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет» тақырыбында оқушы білімін арттыратын ашық сабақтар жоғары дәрежеде жалғасып жатты, «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» атты дөңгелек үстелдер, «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар», «Интернет: ия және жоқ», «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыптарында шығармалар мен эссе сайыстары ұйымдастырылды.

Мектебімізде тәжірибелі тілшілер, психологтар, басқа мамандардың, ата-аналардың қатысуымен кездесулер ерекше әсер қалдырды. Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары туралы қызу пікіралмасу ешкімнің көңілін тыс қалдырмады. «Қауіпсіз интернет» тақырыптарында плакаттар жарысы, «Желідегі қарым-қатынас этикасы» атты оқушылардың сөйлеу мәдениетін жақсартатын буклеттер сайыстары, «Интернет менің өмірімде» атты шығармашылық жұмыстар бойынша түрлі байқаулар өтті.

Ғаламтор – күнделікті ішетін ас секілді санамызға еніп барады. Қазақстан интернеттен бас тарта алмайды. Егер біз ғаламтордан жапа шегеміз деп әлемдік өркениеттен, тез мағлұмат алу мен байланыс құралынан бас тартатын болсақ біртіндеп құлдырай бермекпіз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,-деп қазақ халқы айтпақшы, ауырмайтын жолдарды жасап, монитор алдында күлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережелерін сақталық.

Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде әрбір бала он бір жыл уақыттын өткізеді. Киелі ордада әрдайым жұмыс қайнап жатады. Мұғалім қандай қиыншылықпен бетпе бет келсе де, шешімін әрдайым таба алады. «Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы ақпараттық науқаны жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылды. Осы шаралардан соң мектеп оқушылары интернет желісін пайдалану қағидаларын жетік меңгерді деген үміттемін.

Алматы облысы

Сарқан ауданы

Екіаша ауылы

Екіаша орта мектебінің

информатика және математика пәндері мұғалімі

Калкеева Балжан Ермухамбетовна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2019
1444
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі