Материалдар / Мақала: Қазақ халқының қолөнері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Қазақ халқының қолөнері

Материал туралы қысқаша түсінік
көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
1491
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ халқының қолөнері»

Эпиграф:

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық»


Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолөнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: балаларды қазақ халқының қолөнері түрлерімен таныстыру; ұлттық дүние танымдық білімін толықтыру.

Дамытушылық: оқушылардың алдыңғы өткен сабақтарын қайталай келіп, тілдерін, ой-өрістерін лексика грамматикалық тапсырмалар арқылы кеңейту. Сөйлеу, оқу, жазу, сұраққа түсініп жауап беру дағдыларын, біліктерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: қазақ халқының қолөнерін танып білуге, қолөнер бұйымдарын бағалай білуге тәрбиелеу. Өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, тіл дамыту, тест жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: бейнекөрініс, интерактивті тақта, тақырыпты суреттер, қолөнер көрмесі.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды белгілеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстырып, кезеңдерін хабарлау.

Оқушылардың білімін тексеру.

Қ.Р. қандай өнерлер жақсы дамыған?

Қазақ кәсіби өнерінің негізін салушы кім?

Әбілхан Қастеев қай жылы туды?

«Тәуелсіздік монументі» тақырыбына диалогты әңгімеле

II Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қазақ халқының қолөнері – сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан бай қазына.

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын тоқу, тігу, өру, мүсіндеу, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Жаңа сөздер: Интерактивтік тақтадағы жаңа сөздермен, сөз тіркестермен сөйлем құру.

қолөнер – прикладное искусство

бұйым - вещь

қару-жарақ – оружие

ер-тоқым - седло

шұғылдану – заниматься, увлекаться

көрме – выставка

Тақтадағы тірек сызбаны пайдаланып, «Қазақ халқының қолөнері» атты тақырып бойынша әңгіме құрастыру.




Қазақ халқының қолөнері:

киіз басу

өрнек тоқу

зергерлік өнер


Адамдар:

шебер

ұста

ісмер

зергер


Қолөнер:


Әйелдер қолөнері Ерлер қолөнері


киіз басу киіз үйдің жиһаздарын жасау

кілем тоқу қару-жарақ жасау

киім тоқу зергерлік өнермен айналысу

Мәтін.

Қазақ жерінде қолөнер жақсы дамыған. Қолөнер түрі «еркектерге тән іс», «әйелдерге тән іс» деп екіге бөлінеді.

Кілем тоқу, өрмек тоқу, кесте тігу, сырмақ сыру, киім тігу сияқты нәзік жұмыстарды әйелдер атқарады.

Қару-жарақ, қайыс өру, тастан, балшықтан, сүйек пен мұйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеуді еркектер атқарады.


(Қазақ халқының қолөнері туралы бейнекөріністі тамашалау)


Мақал-мәтелдер


Өнерлінің қолы – алтын,

Өлеңшінің сөзі – алтын.

***

Өнерлінің өрісі кең.

***

Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

***

Өнерлі өрге жүзеді.

***

Өнершінің қолы – ортақ.

***

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

***

Шебердің қолы – көпке ортақ.




Грамматикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырманы орындау.


I деңгей.

«Қазақ халқының қолөнері» туралы әңгімелеу.

Тест сауалдарына жауап беру.


II деңгей. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.

4-тапсырма.

Қазақ жерінде қолөнер жақсы ... .

Жүннен тоқылған киім жеңіл ... .

Киіз төсеніштер ішінде сырмақ түрлері ... .

Тұскиіз ұсталған киіз үйдің іші әдемі, сәнді ... .

Қоржын – тоқыма ... . Гобелен тоқу өнері жас суретшілерді ... .

Қазақ халқының киім үлгілерін мемлекеттік мұражайдан ... .


Керекті сөздер: көруге болады, көрінеді, дамыған, көп, қызықтырады, бұйым, болады.


III деңгей. Сөйлемді дұрыс құра.

Тоқиды, киім, қой, ешкі, түйе жүндерінен

Болады, жүннен, киіз үйдің, киіздерін, текемет, сырмақ сияқты заттарды жасауға.

Атайды, ағаштан, бұйым, жасайтын, адамды шебер деп.

Өнер келе жатқан ерте заманнан, зергерлік.


3-тапсырма. Етістіктің болымсыз түрінен көсемше, көсемшеден есімше жасаңдар. Бірнеше сөйлемдер құрандар (12 сөзден)


Үлгі: күтпе-----------күтпе-й, күтпе-ген


III Сабақты қорытындылау.

а) Оқушылардың тақырыптық көрмесі.

ә) Ой қозғау. Топтастыру.


Қолөнер


қару-жарақ

кілем тоқу

киім тоқу

асыл мұра

киіз басу

зергерлік бұйымдар


Оқушылардың білімін бағалау.


Үйге тапсырма беру: 2-тап. 105 бет (мақал-мәтелді жатқа білу)

3-тап. 105 бет (қалған сөзден)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!