Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Қазақ тілі - мемлекеттік тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тіл туралы ой қозғау. Бүгінгі күндегі ана тіліміздің жағдайы кез келген азаматты толғандыратын мәселе екендігі белгілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Каржасова Айжан Сериковна


Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Қазақ елі – тәуелсіз мемлекетпіз. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде» деп, ойын айқын жеткізді. Бізге осы айтылған тұжырымды жүзеге асыру жолында тек еңбектену ғана қажет болып тұр.

Жалпы мектебіміздегі әртүрлі іс-шараларды өткізудегі басты, түпкі ойымыз – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, өскелең ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухта тәрбиелеу. М.Әуезов «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деп айтқан болатын. Ұлы даналарымыздың осы сияқты айтылған пікірлерінен кейін мемлекеттік тілді білмейтін, ойын ана тілінде жеткізе алмайтындар қанша жерден сауатты болса да, жау­апты қызметтерге тартылмауы керек. Бұл, әсіресе, қазақ жастарына қатысты. Мем­лекеттік тілді білмеген адам Қазақстан­дағы өзге этностардың да қамын жейтін мемлекетшіл болады дегенге сенбеймін. Егер өзіміздің дүниемізге өзіміз ие болып, тіліміздің қолданылу аясын кеңейте алсақ, өзге этностар да үлкен құрметпен қарар еді.

Мемлекеттік тілдің жағдайын жақсартудың ең маңызды буыны – балабақша мен мектеп болып табылады. Бүгінгі таңда тәрбие, білім ошақтары қазақ тілінде сөйлемесе, қоғам, барлық халық қазақша сөйлемейтіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін қағида. Болашақ өміріміздің жалғасы, қоғамымыздың басты тұтқасы – бүлдіршіндер. Мектеп қабырғасынан мемлекеттік тілді жетік біліп, жанашырлық танытқан тұлға ғана болашақта ұлт жанашыры болады деп ойлаймын. Сол себептен олардың білімі мен тәрбиесіне, туған тілі мен Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген жөн.

Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда» деген сөзі кез келген қазақ азаматтарына ой салары сөзсіз. Бүгінгі таңда балабақша табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндеріміздің ана тілінен гөрі орыс тілін тез меңгеріп кететіндігі, жұмысбасты ата-ананың оған назар аударуға уақытының жоқтығы немесе немқұрайлы қарауы, сол баласымен қосылып шүлдірлеп бара жатуы жаныңа қатты батады. Қайда бара жатырмыз дегендей ой түйесіз? Жас буын мектеп табалдырығын аттап, ұстаз алдына келгенде басқа бір әлемге тап болғандай күй кешеді. Қазақ мектебіне келген орыс тілінде сөйлейтін бала өтіп, түсіндіріліп жатқан дүниеден ештеңе ұқпай, қызығушылығы болмай, көзі боталап мұғаліміне қарап отырған сәтте кеудеңдегі жаның шығар-шықпас болып тұратынын ата-ана сезінер ме екен? Б.Момышұлының «Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі» деген сөзі еріксіз ой елегіңнен өтеді. Осындай сәтте ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың рөлі басым екенін айтпасақ та түсінікті. Үштілділік – заман талабы болып отырған кезеңде «Кейінгі өскелең ұрпағымыз ана тіліне деген құрметтен айырылып қалар ма екен?» деген қорқыныш та жүрегіміздің бір түкпірінен айғай салғандай болады. Мектептегі тәжірибе көрсеткендей, егер бала орыс тілінде сөйлесе, ол бірінші орысша ойлайды, соны жазады, сонан кейін барып оны қазақ тіліне аударады. Ал, бұл қаншама уақытты, еңбектенуді, ойлануды қажет етеді десеңізші. Баланың өзіне қатты салмақ түседі. Баланың қазақша ойлай алмауы, ана тілінде жаза алмауы – ұлтымызға үлкен сын.

Болашағы бар ұлт бүгінгі мен ертеңгі ұрпағының сана-сезімін ана тілінде тәрбиелесе ғана тарих сахнасының төрінен орын алары хақ. Өйткені ұлттық даму рухани сабақтастық негізінде жүреді. Әрбір өскелең жас ұрпақ алдыңғы аға буын жалғастырған жолды, ата-баба өсиетін түсініп, сезініп барып өркендейді. Ұлттық болмыстың тек өзіне ғана тән, қайталанбас құндылығы, ерекшелігі – тіл. Ұлтты сақтау – тілді сақтау. Сондықтан да тілдің құдіретіне бас июден, сол құдіретті тануға, ілгері дамытуға деген құлшынысымыздан айырылып қалмайық. Ұлттың да, ұлт тілінің де болашақ иегері болатын жастарымызды соған баули берейік.

Сөзімді заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың сөзімен түйіндейін, «...Жоғалып, өшіп кеткен тілдердің қайта тіріліп келмейтіндігі белгілі. Жаңадан тіл пайда болмайды. Тілдердің пайда болу дәуірі біткен. Сондықтан қазіргі барымызды мәпелей білуіміз керек»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2021
1305
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі