Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала "Рухани жаңғыру аясында мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар арқылы дамыту"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Рухани жаңғыру аясында мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар арқылы дамыту
Жандилдаева Гульмира Кеулимжаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Алматы облысы, Талғар ауданы
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін
Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да, сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып отыр. Қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері тәрбиесінен көрінуі арқылы оның ұлттық құндылықтарының мәніне ие болады және өскелең ұрпақтың азаматтығы мен отаншылдықты, рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде ықпал етеді.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізі ғасырлар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен моралдық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сол сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің негіздерін бір арнаға түсіріп тәрбие мәселесінде пайдалану бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік деп білемін.
Ұлттық отаншылдықты қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тәлімдік тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М. Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті». Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше мән беру керектігін атап өтеді. Ал ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таңбасы.
Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу ұлттық идеяның негізгі бағыты болып табылады. Ұлттық идея – қазақ халқы тудырған моральдық нормаларда және ұлттық құндылықтарда бекітілген патриоттық тәжірибені меңгеру, ұлттық этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тану, тарихты құрметтеу арқылы іске асырылады. Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Амангелді Айталы «Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қаһармандық ерлік салтын қастерлеу – ұлттық идеяның басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады» - деп келтіреді. “Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қайтып алмақ” – деген тұжырым жасаған қазақ халқының ұлы ақыны ғалым М. Жұмабаев. Бүгінгі жас ұрпақты бала шақтан, яғни ерте жастан ұлт құндылықтарына сүйене отырып тәрбие жүргізу керек. Тәрбие iсi – мемлекеттiк iс. Өйткенi бүгiнгi дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдiктi танытар азаматтардың өсетiнiн танытады. Сол себептен де Елбасы өзінің мақаласында «Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» – деп ой қорытады. Бүгінгі күн тұрғысынан қарайтын болсақ, егемен елдің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың бойына жастайынан ата-бабаларымыз негізін салған ерлік рухты, отаншылдық сезімді сіңіру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық сезім мен ұлттық намыс, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті деп білемін. Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәрбие саласында жұмыс жасау басты міндетіміз. Ұлтымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген болатын.
Ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстаным-тәрбиелеудің ұлттық жолдарын саралап, айқындап бала бойына сіңіре білу. Яғни, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу. Өткені, ұлттық тәрбиенің мақсаты болашақта ұлттық сана-сезімі жоғары,өз елінің салт-дәстүрін,тарихын,мәдениетін жақсы білетін, сүйетін, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу. Ұлттық санасын ояту, өз ұлтының ана тілін, дінін, мәдени мұраларын меңгерту. Бала бойына жанашырлық, сенімділік, шыдамдылық, намысшылдық тәрізді ұлттық мінезді қалыптастыру.
Ұлттық тәрбиеміздің негізгі көздері-әдет-ғұрып,салт-дәстүр мен ұлттық әдебиетіміз.Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері,жеті ата туралы түсінік, туыстық қарым-қатынас атаулары, ата-ана мен перзент алдындағы парыз бен қарыз, ұлттық намыс. Міне, осыларды бала санасына сіңіріп,бойына дарыта білу-ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты қағидамыз.
Халқымыз қандай да бір білім мен өнегені балаға қолма-қол көрсету,көрсете отырып үйретуді басшылық еткен. Мысалы, еңбек дағдысын игерту үшін ең әуелі өзі істеп көрсетіп, ең соңында балаға өз бетінше істеткен.Үлкенді сыйлау, құрметтеу, қонақ күту оны аттандыру сияқты әдеп тәрбиелерін ұқтырып, үйретіп отырған. Қазақ үйретіп, көрсетіп,ұқтырумен ғана шектелмеген. Қандай да бір әдеп, әдет дағдыларының шынайы мәнін түсіндіріп, ойға тоқытып отырған. Тәрбиелеудің ұлттық үрдісінде баланың қандай да бір ұнасымды қылығын мадақтап отырған. Өйткені, бала қашанда үлкендердің өзіне ыстық ықылас, ізгі ниет көрсеткенін күтеді. Сол үшін де баланы ынталандыру үшін мадақтау арқылы психикасына ықпал етудің үлгісін қалыптастырған. Ынталандыруды баланың жас ерекшелігіне сай ұтымды пайдалана білген.
Осылайша, қазақ ұрпақ тәрбиелеудің талай тамаша жолдарын тағайындап, оны жүзеге асырудың амал-тәсілдерін айқындаған. Педагог М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі, бала тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен жетелеуге міндетті»,- деп ұлттық тәрбиенің, халықтық педагогиканың ұлағаттылығын дөп басып айтқан.
Осы орайда мен де оқыту мен тәрбие ісінде ұлттық сипатымызды айқындайтын халықтық педагогиканы, атап айтсам, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлеріміздің бөлшектерін баланың деңгейіне қарай қазақ тілі мен әдебиеті сабағында пайдаланып отырамын.
Мұндағы мақсатым:
Біріншіден, әр оқушы өзінің қазақ елі азаматы екенін, қазақ елінде туып-өскенін мақтаныш ете алатындай етіп тәрбиелеу, қазақ мәдениеті мен өркениетінің ешбір елден кем болмағандығына көздерін жеткізу.
Екіншіден, оқушыларға қазақ халқының тарихын, ірі тұлғаларды, олардың ел ісіне қосқан үлесін өнеге ету,солар арқылы адамгершіліктің биік шыңына жетелеу.
Үшіншіден, оқыту барысында, апталықтарда, спорттық шараларда сынып сағаттарында ұлттық ойындарды, салт-дәстүрді, ауыз әдебиетінің әртүрлі жанрларын пайдаланып, оқушылардың қиялын, ой-өрісін, әдеби сөздік қорын дамыту.
Төртіншіден, халықтық педагогика арқылы қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалардан сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау, саналы, қоғам істеріне бей-жай қарамайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеу.
Атап айтсам, кәсіби-шығармашылық тәрбие бағытында өткен сыныптан тыс сағатымда ата-кәсібіміздің қыр-сырына тереңірек үңіліп,оны жалғастыру да, заманауи тұрғыда жаңашаландыру да биіктерге жеткізетінін ұқтырсам, эстетикалық тәрбие бағыты бойынша қазақ қыздарынан табылатын ұяңдық пен инабаттылық, адалдық, қазақ ұлдарынан табылатын мәрттік пен намысқойлық ата-әжелерімізден бізге жеткен ұлттық ерекшелігіміз екендігін ұғындыруды мақсат еттім.
Салауатты өмір салтын насихаттауда қазақ халқының ұлттық тағамдарының, ұлттық ойындарының адам денсаулығына тигізер пайдасы жөнінде айтылды.
Мұнан да басқа отбасы тәрбиесі, әлеуметтік –мәдени және жеке қасиеттерін қалыптастыру, экологиялық тәрбие,рухани-адамгершілік тәрбие беру бағыттарында өткен тәрбиелік шараларды ұлттық тәрбиемен ұштастырып отырдым.
Өткізген сабақтарымда бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке, шыншылдыққа, салаутты өмір салтын ұстануға бағыттауды мақсат еттім. Өйткені, ұлттық рух бала бойына тілмен, дәстүрмен, өнермен сіңеді.
Біздің басты міндетіміз-қазақтың еліне, жеріне,әрбір тау-тасына иелік ете білу сезімін жас ұрпақтың жүрегіне, санасына сіңіру. Қазақта қандай дүние,қандай рухани байлық болса,сонымен мақтана алатын саналы, интелектуальдық мінез-құлқы қалыптасқан, өз елінің өзге елдермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ететін парасатты ұрпақ тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз
әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты
қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер,
туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың
еңбектеріндегі тәрбие қағидалары. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің
ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы
түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық
сана-сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік
қасиеттер, ізгілік сынды сапалық белгілер ұлттық тәрбиенің негізгі
бағыттары болады.
Иә, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары
болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру
жүйесінің құрамдас бөлігі.
Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалдық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу. Білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру болып табылады.
Кез келген ұлттық тіл мен әдебиеттің кемелденуі жазудың қалыптасып дамуымен тығыз байланысты екені шындық. Жазу арқылы тілдік қолданыстар, сөз саптау түрлері жаңғырып, әдеби нормалар бір ізділікке түсіп бекиді, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметі (стилі) жіктеледі, әр тараптанады, жалпыхалықтық сипат алып, қолданыс ауқымы кеңейеді.
Қазақ тілі – еліміздің ұлттық құндылықтар жүйесінде дамуының негізгі өлшемі болып табылады. Ол оның әлемдік қауымдастықтағы өзіндік орнын анықтауда саяси-экономикалық, саяси-идеологиялық, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-танымдық маңызға ие. Ал әлемдік мәдениет пен өркениет жетістігі болып саналатын білім мен ғылым және қазіргі заманның жаңа технологиялары тіл арқылы беріледі, тіл арқылы игеріледі.
Олай болса, қазіргі ақпараттар ағыны тасқынындағы ана тілінің қазынасының рухани мазмұнын ашып, оның қазіргі тілде жаңа сапада жалғасқан коммуникативтік қуаты мен қолданыстық әлеуетін көтеретін, көне атаулардың уәждемесін беретін, мәдени құндылыққа ие болу ерекшелігін көрсететін мемлекеттік деңгейдегі бірегейлік, ұлттық деңгейдегі ұйымдастырушылық қызметінің өрісін кеңейтудің дәйекті құралы болатын – лексикографиялық еңбектерді зерделеп, жаңа жазу үлгісіне көшіру осымен байланысты тың ізденістердің қатарында.
Осындай мазмұны жаңғыртылып, түсіндіріліп, танылатын тілдің ұлтпен біртұтас жүйе екендігін дәйектейтін тілдік деректердің талдамалы-түсіндірмелі дереккөздері жан-жақты берілген академик Ә.Қайдардың «Қазақтар ана тілі әлемінде» (2009) атты этнолингвистикалық сөздігін, сандық жағынан ғана емес, сапалық тұрғыдан да толықтырылып, жаңарып шыққан он бес томдық «Қазақ тілінің әдеби сөздігі» мен «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» сияқты еңбектерді жаңаша таңбаға көшіру – «рухани жаңғыру» бағдарламасын дәйекті іске асырудың кепілі.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты орындаған іргелі зерттеу бағдарламалары мен еңбектері мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің, оның қолданыс мәдениетін жақсарту мен қолданыс әлеуетін барынша тиімді пайдалану, сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру мен дамытуға бағытталған. Сондай-ақ Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында орындалған қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, синонимдер, диалектілік, түсіндірме сөздіктері әлемдік тәжірибедегі сөздік жасау ісінің жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, мазмұны мен сапасы жағынан жаңарып шыққан. Олар – болашақта жаңа жазу реформасына сай тілдік қазынаны лексикографиялаудың тиімді де, сенімді дәйеккөзі.
Ел тарихының тәуелсіздік кезеңіндегі маңызды рухани-мәдени шаралардың басы болған – тұңғыш Президентіміздің тікелей басшылығымен атқарылған мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының жүзеге асырылуы. Осы бағдарлама аясында тіл арқылы ұлт болмысын, оның тарихи-мәдени кеңістігін танытудың үлгісін ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми-өндірістік зерттеу тәжірибесінің нәтижелері ретінде жарық көрген, тілдік қазынаны деректеп, дәйектеп көрсеткен сөздіктер айқын көрсетті.
Ұлттық тәлiм-тәрбие мәселесi бойынша кейiнгi жылдары iргелi зерттеулер жүргiзілiп, ғалымдардың назарынан түскен емес. Қазiрде соңғы педагогикалық тәжiрибелер, сондай-ақ психологиялық-дидактикалық және қолданбалы педагогикалық озық технологияларға сүйене отырып, ұлттық тәрбие мәселесiн одан әрі ғылыми негiздеп, қайта жаңғырту мен дамыту бүгiнде өмір талабы болып отыр.
Ұлттық тәлiм-тәрбие мұраларын мектептегi оқушылар ұжымдарының iс-әрекеттерiнде барынша пайдалану – қазiргi кездегi педагогикалық талаптардың бiрi. Замана жетiстiктерi негiзiнде тіл үйренуші ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап, жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары арқылы саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Заңдары, ҚР Үкіметі қаулылары, ҚР Білім және ғылыми министрлігі құжаттары мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi – аталмыш проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты, бiлiмдi тұлғаларды дайындауда мектептегі тіл үйренушілер ұйымы арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.
Әдебиеттер:
1.Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің стратегиялық негіздері. – Алматы:А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2017.– 128 бет,
2. Манкеева Ж.А. «Этнотаңба мен лингвотаңба сабақтастығы –тілдің рухани-әлеуметтік мазмұ-нын тану тетігі» Алматы, 2017.