400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала ШҚО-ның Өскемен қаласының халық санағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының халық саны туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ 314.113 (574.42)


ШҚО – ның Өскемен қаласының халық санағы

Ж. С. Аубакирова, Н.Қ. Мейрамбаева

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен, Қазақстан Республикасы


Мақалада Өскемен қаласының халқының демографиялық көрсеткіштері: санының динамикасы, жастық құрамы мен ұлттық құрамы, жұмыспен қамтылуын қарастырамыз. Анализ жасау үшін хронологиялық талдау негізіне 1939-2014 жылдар аралығын қамтимыз.


Зерттелетін хронологиялық шеңберді екі кезеңге бөлеміз: бірінші кезең кеңестік кезеңінің жылдары 1939-шы жылдан 1989-шы жылға дейін, екінші кезең 1989-шы жылдан 2014-шы жылға дейін.

Өскемен қаласы Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды.

Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірі саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген[1].

Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі.

1 кесте. Өскемен қаласының 1939-2014 жж санының динамикасы[2]


Жалпы саны

Жылдар

1939

1959

1989

1999

2009

2014

Өскемен

20141

159335

322781

320234

298866

325803


1939 – шы жылы Өскемен қаласы ШҚО – ның орталығы болды және де осы жылы халық санағы өткізілді. 2014 жылы адам саны 1939 жылдан бері 305662 адамға көбейген. Тарихта қазақтардың қалаға қарай көшуі ХХ ғасырдың 50 - 60-шы жылдарында байқалады. Кеңес одағынан кейін Өскемендегі қазақтардың саны 3.7 пайызға өсті. Ал орыстар 1.4 ке азайды. Нәтижесінде қаладағы қазақтардың саны 2014 жылдан 1989 жылға қарағанда екі есеге өскен. Орта есеппен алғанда Өскемен қаласының қазақтарның өсуі 2009-2014 жылдары - 1.8 есе жоғары(11.5%), бұл алдыңғы екі онжылдықпен салыстырғанда (6.6).

Алдағы жылдарда ауылды жерлерден қалаға қарай қоныс аударушылардың саны одан ары жоғарылауы мүмкін. Бұған себеп, 2000-шы жылдары дүниеге келгендердің қалаға оқуға немесе жұмыс іздеп келулері болмақ.


2 кесте. Өскемен қаласының халқының ұлттық құрамы(1939 жылдан 2016 жылдар аралығы) [3]

Жылдар

Жалпы

саны

ұлттар

Соның ішінде

Қазақтар

Орыстар

Басқа этностар

саны

%

саны

%

саны

%

1939

20141

1645

8.2

16542

82.2

1947

9.6

1959

159335

7045

4.4

133618

83.9

18672

11.7

1989

322781

34097

10.6

263179

81.5

25505

7.9

1999

320234

62136

19.4

238057

74.3

20041

6.3

2009

298866

79313

26.5

203499

68.1

16054

5.4

2014

325803

124910

38.3

188872

58.0

12021

3.7


Тарихта қазақтардың қалаға қарай қоныс аударуы ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарыда ерекше байқалады. 1959 - 1979-шы жылдарда қаладағы қазақтардың саны 64,9% ға ұлғайған. Бірақ осы жылдары қазақтармен қоса, орыстардың да қалаға қарай көптеп көшіп келуімен ерекшеленеді.


3 кесте. Өскемен қаласының халқының жас жыныстық және ұлттық құрамы, 2009 ж[4].

Жасы

Барлығы

Соның ішінде

қазақтар

орыстар

саны

%

саны

%

саны

%

15 жасқа дейін

45633

14.5

20324

19.2

24037

12.2

15-19

27461

8.7

13797

13.0

12946

6.6

20-29

60330

19.2

23776

22.4

34484

17.6

30-39

46451

14.8

16721

15.8

28210

14.4

40-49

45474

14.4

16436

15.5

27199

13.8

50-59

42046

13.3

8640

8.2

31464

16.0

60-69

22781

7.2

3692

3.5

17734

9.0

70 жастан кейін

24667

7.8

2575

2.4

20405

10.4


1 диаграмма. Өскемен қаласының халқының жас жыныстық және ұлттық құрамы, 2009 ж


Қазақтардың жастық құрамы әлде қайда жасырақ. Өскемен қаласының 60 жастан асқан адамдарының саны бар жоғы 5,9 пайызды құрайды. Ал орыстардыкы – 19,4. Барлық халықаралық стандарттар бойынша 60 жастан асқан адамдардың үлесі жастық құрымының ішінде 7% дан асса, осы халық кәрі халық деп саналады. Қазақ халқының жастық құрамы жас, ал орыс халқы өте кәрі ұлт болып есептелінеді. Қазақтарда әр 100 жас адамға (20 жасқа дейін)18 кәрі адам (60 жас және одан үлкен) келеді, ал орыс халқында әр 100 жас адамға 103 кәрі адамнан келеді. Болашақта Өскемен қаласының халық санының қандай болып өзгеретіні қазіргі жастардың ұрпақ әкелу жүйесіне байланысты болмақ.


4 кесте. Өскемен қаласының халқының жұмыспен қамтамасыз ету құрылымы[5]

Жұмыс атауы, соның ішінде:

саны

%

147547

100

Ауыл шаруашылығы

2100

1.4

Өнеркәсіп

28193

19.1

Құрылыс

14603

9.9

Білім беру және денсаулық сақтау

19006

12.9

Көлік және байланыс

13225

9.0

Қаржылық қызметтер

5552

3.8

Мемлекеттік басқару

12562

8.6

Сауда

26308

17.8

Коммуналдық қызметтерді көрсету

7557

5.1

Өзгеде қызметтер

17973

12.2

Басқалары

378

0.3


Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 28193 адам еңбекке тартылған, ауыл шаруашылығында 2100 адам, 14603 адам - құрылыста, 19006 адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 26308 адам саудада, 13225 адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.

17,7 мың адам шағын және орта бизнеске қамтылған. Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады. Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген. Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке), олар 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың студент), 11 орта оқу орындары (6,3 мың оқушы), 7 кәсіби-техникалық мектеп (3,4 мың оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.[6]

Қорытындылай келе, Н.Ә.Назарбаев: «15 жыл ішінде қазақтардың қалалық ұлтқа статистика жағынан ғана емес, мән - мағынасы жағынан да айналғанына көп ешкім назар аудармады... Бүгін... Бизнестің барлық салаларында, менеджментте, ақпараттық технологиялар салаларында, басқада көптеген дамыған салаларда қалалық қазақтар жұмыс жасауда. Ұлт дәрежесінің деңгейі және қазақтардың ұлттық өзін-өзі бағалауы нағыз мемлекет құраушы ұлт дәрежесіне сай болды»[7]. Елбасымыздың сөзіне мысал ретінде өзіміздің Өскемен қаласынан көрдік.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Өскемен

  2. Итоги переписи населения 1999 г. по Восточно-Казахстанской области. Т.2. – Алматы, 2001. С.43

  3. Этнодемографический сборник РК, 2014

  4. Статитический сборник/Под ред. Смаилова А.Аю – Астана, 2011. С.9-10

  5. ВКО. Итоги национальной переписи населения РК 2009 год. Том 3.

  6. Алексеенко А.Н. Место встречи Усть-Каменогорск: два мира, два образа жизни в поисках взаимодействия и сотрудничества, 2016. С.77-80

  7. Назарбаев Н. В каждом сердце – родная страна: речь на 12-й сессии Ассамблеи народа Казахстана//Казахстанская правда, 25 октября 2006 г.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі