«Шу» атауы қайдан шыққан.
Бүгінде Шу қаласы тоғыз жолдың торабына айналды. Алайда аталған киелі мекеннің тоғыз жолдың торабына айналғаны дәл бүгін ғана емес. Қара судай тынып жатқан тарих тылсымына сәл үңілсең, не бір шежірелі кезеңдер алдыңнан атойлап шығып, туған жер- тербеген бесігіңнің қадір-қасиетін көз алдыңда асқақтатып жібереді; басқаны былай қойғанда қазіргі қуатты,байтақ мекенді, егеменді «Қазақ» деген азулы халықтың не бір тарихи шежіресінің ортаң қолдай көзі тірі куәгері болып шыға келеді. Ал біздер осы жайында не білеміз? Жалпы өзен,өлке, қала неге «Шу» деп аталған Оның екі әріптен ғана тұратын географиялық атауының астарында қандай сыр жатыр? Осы Шуды жас қаланың санатына жатқызуға бола ма?
Шу – Жамбыл облысындағы қала, темір жол торабы. Облыс орталығы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласының солтүстік шығысында 225 км., Шу өзенінің сол жағасында орналасқан, іргесі Түрксіб темір жолы құрылысына байланысты қаланды,1937жылы поселкеге айналды.Шу әсіресе жаңа «Мойынты-Шу» темір жолы іске қосылғаннан кейін (1953ж.) шұғыл дами бастады.1960 жылы аудан,1965 жылы облыстық қала болды (12 том,290 бет Қазақ энцеклопедиясы )депті.
Сонда қалай, өзен Еренқабырдан (Тянь-Шань тауының бұрынғы атауы) тулап,шулап басталғаны үшін Шу атанған ба? Енді біреулер «бұрындары өзеннің қамысы мол болыпты, тіпті ішінде жолбарыс жортады екен.Оның үстіне бұл жақтың тентек бораны, долы желі де аз емес.ну ,әрі нар қамыстар әлгіндей желден қатты шуыл шығарады екен, содан Шу атаныпты»-дейді.
Дегенмен мұнда бір сыр бар. Қай тарихи кезеңді алсаң да қай шежірелі еңбектердлі ашсаң да ежелден-ақ қойнауына құт-береке дарыған Шу өзенін, оның өлкесін, елді мекенін айналып өтпеген.
Енді ғылыми деректерге жүгінейік «Қытайдың белгілі тарихшысы сыма Цянь былай жазған:»Күнбатыста Шу атты мемлекет бар.Өздерінің әлеуметтік салты Жүн елінің салтымен жүргізіледі. «Жүн» деп отырғаны «Ғұн» Ал түсінікті болу үшін Махмуд Қашқаридің еңбектерінде «Сақтар, үйсіндер,ғұндар, қаңлылар қазақ сахарасында ерте дәуірден қала мәдениетін жасаған үлкен мемлекеттер.Олар қаланы бірінші рет Жетісуда,Алатаудың қойнауларында,Іле,Шу,Таласөзендерініңбойында,Сырдарияда,Қаратауда,
Арал теңізінің жағасында көбейте бастады...
Ғұн мен үйсіндер Жетісуда байтақ Шу қаласын,көркем Талас қаласын тұрғызып, тарихта көркем мұра қалдырды»-дейді.
Әлікей Марғұлан:
«Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский ) заманынан бұрын Жетісуда бір үлкен ескі қала болған, оны Шу деп атаған.Қаланы садырған Шу деген ел басқарушы»- деп жазған.
Хақан Шу жайындағы аңыз-тарихи шындық.Өйткені Ескендір Зұлқарнайынның Орта Азияға жорық жасағаны, оның ауыртпалығы өзге емес, осы Қазақстанның оңтүстігін сақ-массагеттердің көтергені де айдай ақиқат. Шу хақаны өмірде юолған өте ақылды,ұстамды, әрі айлалы тұлға.
Шу қаласының іргетасы осыдан 2300 жыл бұрын қаланған. Сондықтан Шуды жас қала санатына жатқызуға болмайды.
Шу шаһары,Шу өзені Хақан Шудың есімімен аталған.
Тәуелсіздігімізді алағалы бері Шу ауданы көлемінде бірнеше жер атаулары қазақшаланды. Оған дәлел аудан орталығына Төле би атамыздың есімінің берілуі аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Шу ауданында көптеген игі-шаралар жасалынып жатыр.
Киелі , бай Шу өлкесі дами берсін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "«Шу» атауы қайдан шыққан.
Мақала "«Шу» атауы қайдан шыққан.
«Шу» атауы қайдан шыққан.
Бүгінде Шу қаласы тоғыз жолдың торабына айналды. Алайда аталған киелі мекеннің тоғыз жолдың торабына айналғаны дәл бүгін ғана емес. Қара судай тынып жатқан тарих тылсымына сәл үңілсең, не бір шежірелі кезеңдер алдыңнан атойлап шығып, туған жер- тербеген бесігіңнің қадір-қасиетін көз алдыңда асқақтатып жібереді; басқаны былай қойғанда қазіргі қуатты,байтақ мекенді, егеменді «Қазақ» деген азулы халықтың не бір тарихи шежіресінің ортаң қолдай көзі тірі куәгері болып шыға келеді. Ал біздер осы жайында не білеміз? Жалпы өзен,өлке, қала неге «Шу» деп аталған Оның екі әріптен ғана тұратын географиялық атауының астарында қандай сыр жатыр? Осы Шуды жас қаланың санатына жатқызуға бола ма?
Шу – Жамбыл облысындағы қала, темір жол торабы. Облыс орталығы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласының солтүстік шығысында 225 км., Шу өзенінің сол жағасында орналасқан, іргесі Түрксіб темір жолы құрылысына байланысты қаланды,1937жылы поселкеге айналды.Шу әсіресе жаңа «Мойынты-Шу» темір жолы іске қосылғаннан кейін (1953ж.) шұғыл дами бастады.1960 жылы аудан,1965 жылы облыстық қала болды (12 том,290 бет Қазақ энцеклопедиясы )депті.
Сонда қалай, өзен Еренқабырдан (Тянь-Шань тауының бұрынғы атауы) тулап,шулап басталғаны үшін Шу атанған ба? Енді біреулер «бұрындары өзеннің қамысы мол болыпты, тіпті ішінде жолбарыс жортады екен.Оның үстіне бұл жақтың тентек бораны, долы желі де аз емес.ну ,әрі нар қамыстар әлгіндей желден қатты шуыл шығарады екен, содан Шу атаныпты»-дейді.
Дегенмен мұнда бір сыр бар. Қай тарихи кезеңді алсаң да қай шежірелі еңбектердлі ашсаң да ежелден-ақ қойнауына құт-береке дарыған Шу өзенін, оның өлкесін, елді мекенін айналып өтпеген.
Енді ғылыми деректерге жүгінейік «Қытайдың белгілі тарихшысы сыма Цянь былай жазған:»Күнбатыста Шу атты мемлекет бар.Өздерінің әлеуметтік салты Жүн елінің салтымен жүргізіледі. «Жүн» деп отырғаны «Ғұн» Ал түсінікті болу үшін Махмуд Қашқаридің еңбектерінде «Сақтар, үйсіндер,ғұндар, қаңлылар қазақ сахарасында ерте дәуірден қала мәдениетін жасаған үлкен мемлекеттер.Олар қаланы бірінші рет Жетісуда,Алатаудың қойнауларында,Іле,Шу,Таласөзендерініңбойында,Сырдарияда,Қаратауда,
Арал теңізінің жағасында көбейте бастады...
Ғұн мен үйсіндер Жетісуда байтақ Шу қаласын,көркем Талас қаласын тұрғызып, тарихта көркем мұра қалдырды»-дейді.
Әлікей Марғұлан:
«Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский ) заманынан бұрын Жетісуда бір үлкен ескі қала болған, оны Шу деп атаған.Қаланы садырған Шу деген ел басқарушы»- деп жазған.
Хақан Шу жайындағы аңыз-тарихи шындық.Өйткені Ескендір Зұлқарнайынның Орта Азияға жорық жасағаны, оның ауыртпалығы өзге емес, осы Қазақстанның оңтүстігін сақ-массагеттердің көтергені де айдай ақиқат. Шу хақаны өмірде юолған өте ақылды,ұстамды, әрі айлалы тұлға.
Шу қаласының іргетасы осыдан 2300 жыл бұрын қаланған. Сондықтан Шуды жас қала санатына жатқызуға болмайды.
Шу шаһары,Шу өзені Хақан Шудың есімімен аталған.
Тәуелсіздігімізді алағалы бері Шу ауданы көлемінде бірнеше жер атаулары қазақшаланды. Оған дәлел аудан орталығына Төле би атамыздың есімінің берілуі аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Шу ауданында көптеген игі-шаралар жасалынып жатыр.
Киелі , бай Шу өлкесі дами берсін!
шағым қалдыра аласыз













