400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МАҚАЛА. Тәлімі мол Тәрбиеші.

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсаншы Нұркелекова Гүлмира апайым туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәлімі мол майталман ұстаз!!!

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім!

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.

Ендеше осы мақаланы өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкірттерінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін мектебіміздің майталман ұстазы – Нұркелекова Гүлмира Төлегенқызына арнадым.

Нұркелекова Гүлмира Төлегенқызы 1966 жылы 17 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Энгельс (қазіргі Қарақұр ауылы) совхозында дүниеге келген. 1974 жылы аудан орталығы Шолаққорған селосында №1 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, аталған мектепті 1984 жылы жақсы аяқтап, Алматы қаласындағы ҚазПИ-дің тарих факультетіне оқуға түседі. 1986 жылы 3 курс оқып жүргенде Алматыдағы бүкіл әлемге әйгілі «Желтоқсан оқиғасына»

қатысқан. Институтты 1989 жылы «Тарих, советтік право мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын өзі түлеп ұшқан алтын ұя мектебі, яғни №1 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінен бастайды.

2007 жылы ОҚО Кентау қаласына қоныс аударып, Ататүрік атындағы №4 мектеп – лицейіне тарих пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасады.

2013 – 2014 оқу жылынан бастап осы мектептің кітапханашысы болып жұмыс істейді.

Өзінің 28 жылдық еңбек жолында көптеген шәкірттер тәрбиелеп, мектепшілік «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік декадасында белсенділік танытып, «Мейірім төккен ана», «Кітап – рухани сарқылмас қазына», «Поэзия – жүрек тілі», «Ертегілер әлемі» тақырыбында кітап көрмелерін ұйымдастырып мектеп директоры А.Бапахованың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар қаламыздың әлеуметтік және саяси өміріне белсене араласа отырып, қалалық деңгейде оқырмандар арасында кентаулық ақын, жазушы, сазгерлермен кездесу іс-шараларын жоғарғы деңгейде ұйымдастыруда көптеген жетістіктерге жеткен.

Солардың бірқатары:

  1. Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының әкімінің «Тәуелсіздік күніне» орай жолдаған Алғыс хаты;

  2. 2014 – 2017 жылдары аралығында Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаевтың Алғыс хаттары;

  3. 2017 жылы Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Ауелбековтың Алғыс хаты.

2009 жылдан бастап Кентау қалалық «Қазақ тілі» қоғамы жанынан ашылған «Желтоқсан – 86» ұйымына мүше болып қабылданған.

Ұйымның мақсаты – Желтоқсан қозғалысына қатысушылардың басын біріктіріп, кейінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Бауыржан Ақылбек мырза мен «Желтоқсан – 86» ұйымының төрайымы Өтебаева Рахима, оның орынбасары Асымбекова Рысты ханымдарының ұйымдастыруымен:

- 2015 жылы Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен;

- 2016 жылы «Қазақ тілі» қоғамының «Желтоқсан ұлт – азаттық көтерілісіне 30 жыл» медалімен;

- 2016 жылы «Желтоқсанның 30 – жылдығы» медальдарымен марапатталды.



Гүлмира Төлегенқызы өзіне тән табиғи сезімталдығымен әр оқушының мінез – құлқындағы «ерекше қасиетті» дәл танып, дөп басатын майталман ұстаз. Оқушылардың айтуынша сабақ арасында әлгі «қасиетті» әзілге айналдырып, шәкірттерді қиюын тапқан қисынды әзілмен бір дүрліктіріп алып, тақырыптың жаңа бір қиырына тартып кететіндігін айтады.
Алайда, қазақ тарихында азаттықтың күрес жылы, азамат тағдырының қаралы жылы болып енген – 1986 жыл, яғни «Желтоқсан оқиғасы» туралы сұхбаттасқанымда Гүлмира апайымыздың жанарынан талайды сынға салып, сергелдеңге түсірген аумалы-төкпелі заманды көргендей сезімде болдым.

«1986 жылы Алматыдағы әлемді дүр сілкіндірген «Желтоқсан оқиғасы» кезінде мен 3 курс студенті болатынмын. Осы кезде өзіміздің жатақханадағы құрбы-жолдастармен бірге мен де алаңға бардым. Онда барған себебіміз - біздің республикамызды ширек ғасыр бойы басқарып келе жатқан Д.А.Қонаев атамызды себепсіз орнынан алып тастауы, оның орнына республиканы басқаруға ұлты бөтен, шеттен келген, қазақтың тілін, дінін, әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін білмейтін Г.В.Колбин деген азаматты отырғызғанына өз наразылығымызды білдіру үшін 17-18 желтоқсан күндері алаңға

шықтық. Осы оқиғаға қатысқанымыз үшін жоғарғы билік өкілдерінің тапсырмасымен қудалауға ұшырадық, көптеген студенттер көп зардап шекті, кейбір студенттерді Комсомолдан, Институттан оқудан шығарып жіберді. Осы кездерде мен өз оқуымды жалғастыруға мүмкіндік алып, 1989 жылы КазПИ-ді бітіріп шықтым», - деп сөзін аяқтады.


«Ұстаз деген өз уақытын аямау, өзгенің жанын аялау» демекші, ұстаз бойындағы қасиеттер баға беру үшін емес, көрген тәліміміз бен тәрбиемізді, ұстаздан алған білім – білігімізге ризашылық сезімімізді жеткізу үшін санамаланып отыр. Оның үстіне қазақ халқында «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген де өсиет сөз бар. Гүлмира Төлегенқызының бойындағы ерлікті, адалдықты, білімге, кітапқа деген құштарлық қасиеттерін көргенде бұл қасиеттерді меңгеру, осындай ұстаз болуға ұмтылу бүгінгі шәкірттер үшін ғана емес, кейінгі ұрпаққа да үлгі боларлығына күмән жоқ.

Бүгінде Гүлмира Төлегенқызы үш ұл, бір қыз тәрбиелеп, олардан алты немере сүйіп отырған аяулы ана, ардақты әже!!!

Ұстаз мерейі әрдайым үстем болғай!


Сарбасова Қалдыкүл Қамбарқызы

Ататүрік атындағы №4 мектеп –лицейінің

информатика пәнінің мұғалімі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
627
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі