МАҚАЛА
Тақырыбы: "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту"
Жумагулова Асем Жумабаевна, тәрбиеші
“Павлодар қаласы №93 сәбилер бақшасы” балабақшасы
Павлодар қаласы
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ертегінің алатын ролі өте зор. Ертегі – қай халықтың фольклорында да ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады.
Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».
Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі» бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киәк жатады.
Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, «алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар», өзі ұшатын кілем, көреген батыр, саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді.
Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.
Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жануарлар туралы болып бөлінеді.Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.
Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы, озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа, сюжеттері бір бағытта болып келеді. Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілерің өзіне тән
Қазақ халық ертегілерінің
ерекшелігі — өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің
араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі
және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор
ертегілер жатады. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға
жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр
қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және
арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер
жатады
Қазақ халық ертегілері жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың
бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және
мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін
тигізеді. Сонымен қатар, қазақ халық ертегілерін пайдалану
оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын
жетілдіреді.
Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт — дәстүр, мақал мәтелдер, ертегілер,жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Демек,жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетініңүлгілерініңалатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі «ертегілер».Балаға бесік жыры қандай маңызды болса,ертегі де дәл солай маңызды.Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылықжасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие.
Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ,жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл — ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды,зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана — сезімін оятып, ақыл — есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала, Тақырыбы: "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту"

шағым қалдыра аласыз