Мақала тақырыбы: Тұрақты тіркестерді қалай оқытып жүрмін?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала тақырыбы: Тұрақты тіркестерді қалай оқытып жүрмін?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала тақырыбы: Тұрақты тіркестерді қалай оқытып жүрмін?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұрақты сөз тіркесін қалай оқытып жүрмін?

Оқушылар тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінсе, сөздік қоры молайып, әдеби тілде жатық сөйлей алады, ой өрісі кеңи түседі. Сөзді көбінесе тура мағынасында түсінетін мектеп оқушылары ауыспалы мағынада қолданылатын тұрақты сөз тіркесінің мағынасын, тіркесу ерекшелігін бірден түсіне алмайды.

Сондықтан оны терең түсіндіру үшін көркем әдебиеттен де мысал, жаттығулар беріп, әдіс түрін жетілдіре білу қажет.

Тақырыпты баяндап түсіндіргенде мына жайларға көңіл аударамын: тұрақты сөз тіркестерінің құралу ерекшелігімен мағыналары; гармматикалық жағынан мүшеленбейтін біртұтас тұлға екені; тілімізде оның алатын орны; қолданылуына қарай атқаратын қызметі.

Сабақтың кіріспесін сөз мағынасы деген тақырыпты қайталаудан бастап, сөздің негізі және ауыспалы мағынасын еске түсіремін. Сөздердің сөйлем ішінде тіркесіп айтылатыны жөнінде мысал талдап, шәкірттерді нысанаға жақындатып алған соң, сабақтың негізгі бөлімін баяндаймын. Сөздердің тіркесу тәсілдерін салыстырмалы түрде мынадай үлгіде талдаймыз:

Жай сөз тіркестері:

Болат қозының аузынан шөпті жұлып алды.

  • Болат не істеді?

  • Нені жұлып алды?

  • Қайдан жұлып алды?

Тұрақты сөз тіркестері:

Болат қозының аузынан шөп алмайтын бала.

  • Болат кім?

  • Болат қандай бала?

  • Қандай деген сұраққа қай сөздер жауап болып тұр?

  • Бірінші мысалдағы Қозының аузынан деген сөздің орнына басқа қандай сөздер қойып айтуға болады? (сиырдың аузынан, лақтың аузынан, т.б.).

  • Екінші мысалдағы Қозының аузынан деген сөздердің орнына басқа сөздер қойып айтуға бола ма?

Әрине бұл сұрақтар шәкірттерге түрлі ой салады.

Сұрақтарға тиісті жауап алғаннан кейін қорытыды жасаймын.

Осындай мысалдар арқылы сөз тіркесінің айырмашылығы анықталып, ережелері айтылады.

Мысалы: - Ат ізін салмау, аузымен құс тістеген, төбе шашы тік тұру, ат-тонын ала қашу дегендердің бәрі тұрақты сөз тіркесіне жатады,- дей келіп:

  • Енді өздерің осындай мысал ойлап көріңдер. « Қой аузынан шөп алмайтын » деген не деген сөз? Мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Көз ілу, бетінен басады, қас пен көздің арасында, мұртыңды балта кеспейді дегендер ше?

Бұлардың мағынасын түсінгеннен кейін, сұрақ арқылы оқушылардың жауабын өзім толықтырамын.

Оқушыларға түсіндірілетін анықтама. Тұрақты сөз тіркестеріндегі бстапқы негізгі мағыналары сақталмайды, олар ауыспалы мағынада қолданылады.

Тіркес тұтасынан бір ғана сұраққа жауап болады да, бір ғана ұғымды білдіреді, мүшеленіп айтылмайды.

Мысалы: Қолым тимейді (уақытым жоқ, нең тимейді? Деп сұрамайды). Ит арқасы қиянда ( өте алыста) , екі езуі екі құлағында (күліп, мәз болу) дегендер де ит арқасы қайда? Неше езуі құлағында? Деп талдап мүшелдеуге келмейді деп түсіндіремін.

Оқушылар сөйлем талдағанда мағынасын түсінбегендіктен, кейде таң атты, қарным ашты, аяғым тартпайды, т.с. сияқты тіркестерді сөйлем мүшелеріне ажыратып шатыстырады.

Сондықтан мұны айрықша ескерткен жөн болады.

Қолдану ретіне қарай тұрақты сөз тіркестері әр түрлі сұрақтарға жауап болып, сындық,мезгілдік, қимыл ұғымда жұмсалатынын мынандай таблицамен көрсетемін.

Тұрақты сөз тіркестері

Мағынасы

Сұраулар

Қандай ұғымда қолданылатыны

1.Тонның ішкі бауындай

Өте жақын

Қандай?


Қандай?

Сын есім қызметінде

_“_

2.Жүрек жұтқан

Өте батыл

Қалай?

Үстеу мағынасында

3. Жұлдызы қарсы

Өш



4. Аузынан ақ ит кіріп

Өте жиіркенішті

Не?


5.Бармағын шайнау

Өкіну

Не істеу?

Етістік мағынасында

_“_



Мұндай мысалдарды көп келтіруге болады. Оқушылардың өздері ойланып, өздіктерінен жұмыс істеулері тіпті орынды болады. Бірақ түсінік беру қажет. Оқушылар ұғымының әр қилы екенін байқаймыз. Тұрақты сөз тіркестері сөйлем құрамында тұрып күрделі мүше ретінде сөйлем мүшесі болып қызмет атқаратынын да мысалмен көрсете кету артық болмайды.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Кеңесбаев І. (1977) «Идиома мен фразеология мәселелері”, “Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі” Алматы: Білім баспасы;


  1. Сыздықова Р. (1889). «Қазақ көркем әдебиет тілінің мәдениеті». Алматы: Жалын баспасы;


  1. Уәли Н. (2003). «Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесіндегі жаңа қолданыстар». 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі