400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Тәрбиеші — бала жанының бағбаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған, тәрбиеші мамандығының ерекшеліктерін білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші — бала жанының бағбаны


Менің мамандығым –мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі.Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандаған едім.Осы арман мақсатпен Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін  «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие»бөлімін бітірдім.Бұл тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім, ол өте қызықты мамандық:сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді ал мен болсам олардың өмірімен бірге өмір сүремін,табыстарына қоса қуанамын.

Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек.Менің өмірдегі ұстанымым-жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау.Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол - адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.

Қазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесінде, қосар үлесімде. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойың тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп түсінемін.
Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені болып табылады. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін.

Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқындап тұр.Бала тәрбиесі,оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Ақын М.Жұмабаев айтқандай. «Тәрбие-адам баласын кәміл жасқа толып,өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» -деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз.

Менің балабақшада еңбек етіп жүргеніме көп уақыт болған жоқ. Әр мамандықтың өз қиындығы да болады. Күнде ертеңгісін балабақшада бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін.Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс — әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?.

Әрине әрбір оқу іс — әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.

Сөзімді қорытындылай келе,тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды, қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді. Мен үшін күнделікті балабақша балалардың алаңсыз күміс күлкісін, шаттыққа толы көңіл күйлерін көріп,балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін.

№93 сәбилер бақшасының тәрбиешісі

Жақсылықова Арайлым Мұхамбетқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі