жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Тәрбиеші мен отбасы арасындағы кері байланыс"
І
Тәрбиеші мен ата ана – ана арасындағы кері байланыс
Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата – аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу.
Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер - педагогтар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда»
психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының
маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала өз
ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік
күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса
солай сүйгенін
қалайды.
Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің
көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол
әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ
тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша,
отбасы, қоғам болып шешуіміз
қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты –
отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай,
тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету
арқылы жүргізу. Бұл:
- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін
дамыту;
- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін
жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді
бөлу;
- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы
қарым-қатынастың ашықтығына қолдау
көрсету;
- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық
дәстүрлерді
формалау;
- баланың жекелігін қабылдау және түсіну,
балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және
сыйлау.
Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды
жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша
жұмыстар жүргізілу
қажет:
- біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға
тәрбиелеу;
- екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық
шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет
жасау.
Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.
Тәрбиеші мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.
Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн.
Тәрбиешінің жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.
Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.
Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау
үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты
ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы
ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің
жетістіктері болуы
мүмкін.
Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы
мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер
ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды
жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да
айтады.
Отбасы тіршілігін, дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез-құлық жағдайларын анықтауға болады. Отбасындағы тәрбиелеу жұмыстарымен танысқаннан кейін алынған ақпарат ата-аналарды балабақша жұмысына қызықтыратын оңтайлы жағдайда құрылу керек. Яғни, ата-ана балабақшада өздерінің балаларына деген құрмет пен махабатты сезінуі керек.
Ата-аналармен жұмыстың түрлері:
|
Дәстүрлі |
Дәстүрден тыс |
|
1. Ата-аналар жиналыстары. -Жеке топтық және балабақшаның жалпы конференцияларын ұйымдастыру. - Тәрбиеші-педагогтың жеке кеңесі; - Балалардың үйінде болуы; - Ашық есік күндері; - Отбасы жөнінде мәліметтер дәптерін толтыру; - Ата-аналарға арналған ақпараттар бұрышы; - Әр түрлі тәрбиелік шараларға, мерекелік ойын-сауық ертеңгіліктерге қатысу; - Оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға қатыстыру; - Сауалнама жүргізу,әңгімелесу. |
2. Ата-аналармен тренингтер өткізу. - Пікір сайыстар жүргізу; - Психологиялық демалыс сәттері (разминка); - Ауызша журнал; - Ата-аналар кештер;. - Ата-аналар оқулары; - Ата-аналар рингі; - Ашық сабақтар. «Менің жанұям газетін»шығару. |
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық адамгершілік саулығының негіздерін қалайды. Баланың жетістіктерін қажеттілігін қалыптастырады. Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар нормалар мен белгілер кешенін анықтайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды. Баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын қалыптастырады. Баланың мінез құлқының жалпы адамзаттың моральдық және мәдени стандарттарына үйретеді. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің баланың жеке қабілеттеріне, денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері:
Баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлармен түрлі мүмкіндіктер жасау. Баланы эмоционалдық қолдауды қамтамассыз ету. Баланың жақын және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, олармен берік қарым-қатынас орнатудағы жеке талаптарын қанағаттандыру, тіршілік іс әрекеттерінде қауіпсіздік туралы алғашқы білімін қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету, тілдік қатынастық дамуын қамтамассыз ету, отбасы мен қоғамның дәстүрлерімен құндылықтарына тәрбиелеу, бейімімен қызығушылығын дамыту. Отбасы тәрбиесін ұйымдастыру шарттары; отбасы бала тұлғасын дамытуда оның алғашқы қоршаған ортасын құрады.
АТА- АНА ТОПТАРЫ: Балалары үлгілі отбасылар тобы. Барлық мүмкіндігі бар тек бала тәрбиесіне кері (әртүрлі себептерге сай) әсер ететін отбасылар.
Отбасындағы қарым-қатынастар: Түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас. Ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас. Ынтымақтастық қарым-қатынас (отбасы мүшелерінің өзара түсіністікпен көмекке бағытталған қарым- қатынасы).
Отбасы мен балабақшаның өзара әрекетінің басты қызметтері:
- Ақпараттық;
- Тәрбиелік-дамытушылық;
- Қалыптастырушылық;
- Қорғау-сауықтырушылық;
- Бақылаушылық;
- Тұрмыстық
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастыру жолдары;
Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастыру жолдары;
Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатындағы зерттеу,адамгершілік бағыттылығына қарай топтастыру, бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.
Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата-ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата –анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз. Ғабидден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз боп үйрету керек». Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу – тәрбие жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. [20]
Осыдан бірнеше жыл бұрынғы ата – аналар үшін балалардың уақытылы тамақтануы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата – аналар үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата – аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден – бір жолы оларды мекеме жұмысына , яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін ата – аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білуі қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан – жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін балабақша жоспарлы түде шешеді, отбасына педагогикалық көмек бере отырып белгілі бір жетістіктерге жетеді.
Олай болса бүгінде ата – анамен балабақша тәрбиешілері бірлесе отырып, балаларды оқу мен тәрбиеге баулуда жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығару үшін отбасымен балабақша бірлесе отырып ат салысуымыз қажет.
2
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген