Тәрбие тал бесіктен
басталады
«Тәрбиелеу — бұл адамгершілік
өмірге оқыту
немесе адами әрекеттерге
баулу».
С.А.
Соловейчик
Қазақ халқы ежелден ұл бала
мен қыз баланың тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Олар ұл бала мен
қыз баланы бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер
шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас
пісіруге, кесте тігу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстары, тәрбиенің
көзі болып табылатьн үнемшілдікке, сараңдыққа салынып кетуден
жирендіріп отырған.
Балаларды тәрбиелеуде
адамгершіліктің барлық элементтерін қолдана білу керек. Адамның
адамгершілік әлемінің гормониясы болып, жақсылық ғана құрайды,
бірақ адамгершілік қажеттіліктің бағыттаушысы болып саналады.
Адамгершіліктік қажеттіліктер адамға туғанынан берілмейді, оны
тәрбиелеу барысында қалыптастыру қажет, себебі онсыз жоғары
руханилық және жақсылық болуы мүмкін емес.
Сухомлинскийдің айтуынша: «Нағыз адам — мінез-құлықты ынталандыра
алатын, құштарлығын және жақсы қылықтарды тудыратын, жан дүниесінде
игілік тілектері қалыптасқан адам болып табылады». Қажеттілік
дегеніміз не? Қажеттілік -бұл бір қалыпты өмір сүру үшін ағзаға
жетіспей жатқан заттарды толықтыруға талпыныс. Балалар да
адамгершіліктік қажеттіліктер пайда болу үшін моральды орта қажет.
Мұндай ортаға жақсы отбасы немесе оны қоршаған ортасы жақсы болуы
керек. Сонымен қатар қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің
күретамыры деп қарастырады. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады.
Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың
қоғамға қажетті адам қылып шығару негізгі құндылық болып
табылған.
Қазақ отбасында баланың ерте
есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге
көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы
ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес
жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің
арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп
жүрген.
Қорыта келгенде, қазақ
отбасында тәрбие берудің мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға,
уақытты, ұтымды пайдалануға, үнемшілікке, сараңдыққа салынбауға,
ұқыптылыққа дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың қалай келетінін
немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деуге
толық негіз бар деп есептеймін.
Шабакова Шырын
Орыс тілі пәнінің
мұғалімі