Тәуелсіз елдің бақытты
балалары
Қазақстан бала құқығын
басты орынға шығарған елдер санатынан.
«Бала құқығын қорғау туралы» заңның өзі де көп
ізгілікті іске кепіл. Осы заң шеңб ерінде, одан бөлек, мемлекеттік
ұстаным есебінде қазақстандық жеткіншектер тегін білім мен тегін
емге, әртүрлі әлеуметтік көмек пен көптеген игілікті іске ие.
Қазақстан халықаралық бала құқығын қорғау жөніндегі әртүрлі
конвенцияларға қосылған зайырлы, демократиялы
ел.
Ендеше, БҰҰ бекіткен 20 қараша Бүкіләлемдік
балалар күнін атап өтуде Қазақстан үшін ежелден қалыптасқан үрдіс.
Жалпыға ортақ «Балалар құқығы декларациясы», одан берідегі «Балалар
құқығын қорғау туралы конвенция» әлем халықтарының балаға деген зор
жауапкершілігінен туған құжат. Сондықтан, дәл осы күні
республиканың барлық өңірінде қайырымдылық акциялары өткізіліп,
балаларға арналған әртүрлі ойын-сауықтық кештер ұйымдастырылады.
Жетім балалар үйлеріне еріктілер киім-кешек, ойыншық, тәттілер
тарту етеді. Әлемдік шараны мысалға келтірсек, әйгілі МcDonalds
компаниясы дәл осы күні бүкіл өнімнен түскен пайданың тең жарымын
балалар қорлары мен балалар ауруханаларына, жетімдер үйіне,
мүмкіндігі шектеулі балаларға аударады екен. Біздің елде де осындай
ізгілікті істер атқарылып, өнер адамдары қайырым- дылық
концерттерін ұйымдастырып жатады. Мұндай игілікті істерге Жамбыл
Политехникалық жоғары колледжінің ұжымы да сан мәрте ұйытқы болды.
Колледж аясында халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай
әрқилы іс-шаралар өтіп жатыр.
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-ана
қамқорлығынан айырылған балалардың өзге балалармен тең дәрежеде
(денсаулығы көтерген жағдайда) білім алуына мүмкіндік жасалған. Оқу
ордасында ҚР «Бала құқығы туралы» заңының 4-бабына сәйкес, бүкіл
бала теңқұқылы. «Нәсiлiне, түсiне, жынысына, тiлiне, дiнiне, саяси
және өзге де сенiмдерiне, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтiк шығу
тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, баланың тууы мен
денсаулық жағдайына, оның ата-анасына немесе заңды өкiлдерiне не
кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан барлық балалар тең
құқықтарға ие». Сондай-ақ, осы заңның 7-бабында көрсетілгендей,
«Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және оған тегiн жалпы орта
және бастауыш кәсiптiк бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. Заң Қазақстан
Республикасында қабылданған бiлiм беру стандарттары шегiнде баланың
мiндеттi жалпы бiлiм алу құқығына кепiлдiк бередi. Баланың жалпы
бiлiм беретiн оқу орнына түсуi кезiнде заңда көзделмеген
шектеулерге жол берiлмейдi». Ел заңдары жеткіншектерді түрлі
озбырлықтан, жәбір жапа көруден сақтайды. Колледж аясында мұндай
озбырлыққа ешқашан жол берілген емес. Оқу орны басшылығы бұл ретте,
құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз байланыса отырып жұмыс
істейді. Тәуелсіз елде кез келген бала бақытты.
Өйткені, оны әртүрлі кесапат, зорлық-зомбылықтан
қорғайтын ең әуелі ата-анасы, білім ордасы, қоршаған ортасы, одан
қала берді Қазақстандай мемлекеті бар. Десек те, балалар арасындағы
қылмыс, құқықбұзушылықтар жайлы аракідік естіп қаламыз. Кейінгі
жылдары осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында еліміздің ҚР Ішкі
Істер Министрлігі мен ҚР Прокуратурасы, Білім және Ғылым
министрлігі, өзге де құқық қорғау органдары бірлесе отырып, ел
ішінде, республика көлемінде әртүрлі іс-шаралар мен түсіндірме
акциялар ұйымдастырып, қысқа-қысқа жарнамалық роликтер де шығарған.
Халықаралық балалар ұйымы өкілдері де баланың бос уақытын тиімді
пайдалану идеясын ежелден көтеріп келеді. Бала тәуелсіз ой иесі.
Оның ересек адамдар секілді көптеген заңдық еркіндіктері бар. Ол да
өз қалауымен кез келген мәселеде таңдау жасай алады. Оған мемлекет
өзін жан-жақты дамытуға, ізденуге, өмір сүру формасын таңдауға
кепілдік берді. Баланы ата-ана, туған-туыс, бауырдан ажыратуға, оны
жазалап, күш көрсетіп, қорқытып-үркітуге, ұрып-соғуға ешкімнің
қақысы жоқ. Егер осындай заңсыздықтар орын алса, онда оған
кінәлілер міндетті түрде заң аясында жазаланады. Бізді бүгінде
оқу-білімге ұмтылған көзі ашық, көкірегі ояу жастар өсіп келе
жатқаны марқайтады. Ел ертеңі саналатын жастардың ойы озық, білімі
терең болса ғана көш бастайды. Ендеше, бұл тұрғыда, ұстаздарға да
артылар жүк жеңіл емес.