400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму жолындағы мемлекеттің жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму жолындағы жетістіктері, қиыншылықтары жайлы. Келешек ұрпаққа өткен тарихы дұрыс жеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму жолындағы мемлекеттің жетістіктері

Біз тәуелсіз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жүрген бақытты ұрпақпыз! Биыл мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Бұл кез келген адам үшін үлкен мақтаныш! Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді. Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Тәуелсіздік үшін, біз үшін, келешек ұрпақ үшін жанын құрбан еткен ата-бабаларымызға мәңгі қарыздармыз. Қарап отырсақ 30 жыл дегеніміз көзді ашып жұмғанша өтіп кетер азғантай ғана уақыт. Дегенмен осы 30 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, талай мемлекетті мойындатқан ең жас мемлекетпіз. Қазақстанның іргетасы қаланған уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз теңге айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құылды. Ата заңымыз қабылданды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды.

«Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылданып, Шығыстағы көршімізбен шекарамыз бекітілді. Еліміз ядролық қарудан толық тазартылды. Елордамыз мемлекетіміздің жүрегі Ақмолаға ауыстырылды. Кейін Астана деп өзгертілді. Қазіргі таңда астанамыз елімізді осындай гүлденген мемлекетке айналдырған, елім деп қана өмір сүретін Республикамыздың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-сұлтан деп өзгертілді. Еліміз нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырды. Жастар әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім ала бастады. Елімізге әлемнің түкпір түкпірінен келіп жастар білім алатын болды. Білім мен егіздей болып еліміздің медицинасы да қарқынды дамыды. Көптеген науқастар шет елге телмірмей өз отанында сапалы ем ала алатын халге жетті. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Ашаршылық кезеңінде дүние жүзіне шашылған қазақ баласына кіндік қаны тамған отанына оралуға мүмкіндік жасалды. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді. Елімізде бір ғана емес бірнеше ұлт өкілдері бір отбасыдай бейбіт өмір сүруде.

Әp бaғыт бoйыншa «Yдeмелi индyстpиялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға ерекше мән берілді. Осының барлығы елбасы мен халықтың ұйымшылдығының арқасы деп білемін.

Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек.

 Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім иен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. Біз тәуелсіз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жүрген бақытты ұрпақпыз! Өз елін, жерін, тілін, дінін сүйіп құрметтейтін біз Тәуелсіз Қазақстан патриотымыз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі