Мақала Тәуелсіздігім –туыммен тұғырлы, елтаңбаммен еңселі, әнұраныммен айбатты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Тәуелсіздігім –туыммен тұғырлы, елтаңбаммен еңселі, әнұраныммен айбатты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіздігім –туыммен тұғырлы, елтаңбаммен еңселі, әнұраныммен айбатты" атты айбыным атты мақала тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жазылған. Мемлекеттік нышандарды қадірлеп қастерлей білейік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздігім –туыммен тұғырлы, елтаңбаммен еңселі, әнұраныммен айбатты

Мақала

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіздік-ащы термен келген тәтті жеңіс. Тәуелсіз ел - ешкімге бағынбайтын, өз заңы мен өзіне тән рәміздері бар мемлекет. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке ие болған қазақ елі 30 жылда орасан жетістікке жетті. Бізді бірінші рет әлем таныды .Жүздеген жылда қол жеткізетін экономикалық, әлеуметтік табыстарды еліміз қысқа мерзімде жүріп өтті. Ең маңыздысы , Қазақстан ынтымағы жарасқан халықтар достығы берік орнаған елге айналды. Тәуелсіз мемлекет атанып, етек-жеңімізді жинап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұлттық құндылықтарымыз бен елдіктің ерен белгісін қалыптастырып үлгердік. Соның бір дәлелі – мемлекеттік рәміздеріміз. Қазақстан рәміздері 1992 жылы 4 маусымда алғаш рет бекітіліп, бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталды.

Тәуелсіздігім – туыммен тұғырлы. Қазақстанның мемлекеттік туы 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды, авторы белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Ал тарихта тудың рөлі ерекше болған. Айталық, екі ел соғысқанда сарбаздар туды құлатуға тырысқан. Себебі, тудың құлауы жеңілісті, ал қарсыластың қамалына тігілуі жеңісті білдірген. «Жау жүрек мың бала» фильмін білмейтін қазақ жоқ шығар. Аталмыш кинотуындының соңғы минуттарында жауынгер мың баланы басқарған Сартай батыр денесін оқ құшса да, жаралы болса да қалмақтардың туын құлатады емес пе?! Сонда, жалауының желбіремей жерде жатқанын көрген жоңғарлар бірден шегініп, тентірей қашпаушы ма еді?! Тағы бір қазақ тарихында, әлем тарихында мәңгі қалатын оқиға бар.  Ол – Ұлы Отан соғысының қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тігуі. Жиырма жастағы қазақ қыранының «Гитлер үйінің» төбесіне өз Отанының туын тігуі ерліктің ең беделдісі еді. «Рейхстагқа ту тіккен - қазақ Рақымжан Қошқарбаев» деген сөздер тарих сахнасында мәңгі қалары сөзсіз. Міне, тудың қадірі мен құдыретін ата-бабаларымыз салған сара жолдан-ақ көруге болады.

Тәуелсіздігім – елтаңбаммен еңселі, әнұраныммен айбатты. 1992жылы қазақстандықтар арасында мемлекеттік рәміздердің жобасын жасау туралы байқау өтеді. Сол байқауда тудың 1200 түрлі нұсқасы, елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 түрі ұсынылған екен. Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібековтың туындысы бүгінгі күні Қазақстанның символына айналған Мемлекеттік Елтаңбамыз атанды. Елтаңбамыздың мән мағынасын ашып айтпасақ та, бәріміз білеміз. Қанаттарында бидайдың сабағы бейнеленген қос пырақ – молшылықтың, дәулеттіліктің, жан-жағын айнала қоршаған уықтар дәл ортада тұрған шаңыраққа жиылып – бірліктің, төбесіндегі жұлдыз бен көгілдір аспан – мәңгілік тәуелсіздіктің белгісі. Бір ғана елтаңбамызда тұтас бір ұлтты, тарихы тағылымға толы халықты бейнелейтін көрініс жатыр. Елтаңбаға қарап-ақ жігерленіп, еңсені тіктеп алуға әбден болады. 

Ал Мемлекеттік Әнұранның жөні бөлек. Әнін аты аңызға айналған композитор Шәмші Қалдаяқов жазса, өлеңінің автторлары ақиық ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Ешкімге таныс емес әнді алғаш шырқағандар, 1986 жылы алаңға шыққан қазақтың жалынды жастары еді. Оң қолды кеуденің сол жағына жүрек тұсына қойып әнұранды шырқағанда, кімнің де болсын бойы шымырлап, ерекше сезімге бөленетіні анық. Отанымыздың атын шығарып жүрген спортшыларымыз да ұранымызды әлемге әйгілі етіп жүр.

Туыммен тұғырлы-дегеніміз ол мен туыммен мақтан етемін деген мағынада. Елтаңбаммен еңселі-дегеніміз ол менің елім биіктерден көрінеді, биікте тұр деген мағынада. Әнұраныммен айбатты - дегеніміз ол менің елім әнұраныммен айбатты, әдемі, көрікті деген мағынада. Бұл Ту, Елтаңба, Әнұран - Қазақстан Республикасының Рәміздері. Нақтырақ айтқанда Қазақ халқы, Қазақтың патриоттары тұрғанда өзге елдің халқы туымызды аяққа таптап, Елтаңбамызды төменге түсіріп, Әнұранымызды келемеждеуіне жол бермейміз! Бәрінен бұрын Мемлекеттік Рәміздер-еліміздің Дербестігі мен Тәуелсіздігін күллі әлемге жария ететін ерекше құнды белгі. «Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі». Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Әрбір Рәміз-Жүрегіміздің төрінен орын алады! Мен Еліммен Мақтанамын.

Токхожаева Айбаршын Бейсеновна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2021
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі