Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Тәуелсіздікті жырлаған ақындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік сүйіншілеген ақындар


Қазақтың сонау заманнан арман еткені - Тәуелсіздік. Ұлт деңгейінде осы бір қуанышты, жаңалықты сүйіншілеп халыққа жеткізу, жолында қазақ ақындарының өз үлесі бары анық десек артық айтпаймыз. 


Негізгі сүйінші сұраған - Ақсақал буын

Негізгі сүйінші сұраған ақсақалдар ғой. Айтсам, 1960-1990 жылдар. 1960-жылдары әдебиетке келген ақсақал буыннан Тұманбай Молдағалиев, Шөмішбай Сариев, Қадыр Мырзаәлі, Сәкен Иманасовтардың дәуірі еді. Олар кешегі кеңестік кезеңде қорлықты да, барлықты да көрді, жетілді. Кей идеяларын толық жеткізе алмай емеурінмен, әр түрлі жағдайда жазып жүрді. Тәуелсіздіктің таңы атқан кезде Молдағалиевтің сүйіншілеген өлеңі шықты. Әрине, тек ол кісі ғана емес, ақынның замандастары Тәуелсіздікті сезіндіріп жарыса жырлады. Бұл кісілердің кеңестік дәуірде әлеуметтік беделі болған, қаламақы жағынан толық қамтамасыз етілген, бір кітабы үшін үлкен қаламақы алған,Тәуелсіздікті асыра жырлаған - сол буын. Ақсақал буын - кешегі кеңестік кезеңде қазақ әдебиетінің алтын дәуірін жасаған классиктер санатынан прозаиктер болсын Ақселеу Сейдімбек, Сәкен Жүнісов, Қалихан Ысқақов, ал ақындардан Тұмағаң, Қадекең бастаған буын осылар анық сезініп, өзінен кейінгі толқынға Тәуелсіздіктің табын сезіндіріп, жырын сездіріп, соның жауапкершілігін сезіндірген әдебиеттегі көшбастаған ақсақаладар. Бергісі Несіпбек Айтұлы, Жүрсін Ермандар. 

Тәуелсіздік пен таршылық - орта буын


Тәуелсіздіктің онжылдығында (1991-2001) танымал болған ақын-жазушылар: Светқали Нұржанов, Жанат Әскербекқызы, Маралтай Райымбекұлы, Дидар Амантай, Жанарбек Әшімжан, Әлібек Шегебай, Бақытжан Алдияр, Бақыт Беделхан, Есей Жеңісұлы, Бекжан Әшірбаев, тағы да басқалар.

Тәуелсіздік алған жылы қазіргі аты аталып жүрген Қасымхан Бекманов, Ғалым Жайлыбай, Әубәкір Қайранов, Қайран Әуелов, қазір енді аға буын болып қалды, бірақ сол кездері нағыз жас буын болған. Тоқсаныншы жылдардың басында әлеуметтік жағдайына байланысты, қоғамда таршылықтар болып, нан тауып жеудің өзі үлкен мәселеге айналды. Қаншама жазушыларымыз бен ғалымдарымыз "творчестволық кухнясын" тастап базар жағалап кеткен кездер болды. Мысалы, қазақтың ақындар сол жылдары барлығын тастап, базарға шықты. 10 шақты жыл сол базардан жағдайын жасап, үй жайын реттеп, көлік мініп, заман реттелгенде олар да әдебиетке келді.Бұл бір ғана мысал, сол сияқты Тәуелсіздікті сезіне алмағандар бар. Бірақ енді көре келе Тәуелсіздікті "Ура" деп жырлаған жоқ, осы"Тәуелсіздік бізге бақ болып қалар ма екен", "Арман", деген сияқты өз формасында жазды. Өйткені орта буын елең-алаң жағдайда қалып қойып, ойда қырда болды.Сол егемендік алған жылдары нағыз көшеде қалған әдебиет деп айтуға болады. Бұл Тәуелсіздіктің қуанышы мен таңын сезініп үлгермеген буын. Одан кейінгі буын біздің алдымыздағы Жарас Сәрсек, Маралтай Райымбекұлылар да сол қос қоғаматы ауысып жатқан өткелге түсіп қалды. Тәуелсіздікті толықтай сезіне алмаған буын деуге болады. Өйткені Темірхан Медетбек ағамыздың Алтын көпірліктер деп баға берген ортаңғы буын сол Тәуелсіздік кезінде не арғы қоғамнан толық әдеби бағасын ала алмай, не бергі қоғамда толық әдеби кеңістікке ене алмай сондай бір көшеде жүрген кезеңдер болды.Олар да ес жиды, етек жинады. Бұлардың толық ес жиған кезі 1991-2000 жылдары аралығында Тәуелсіздіктің жауапкершілігі деп, орнығуы, барлық жақтан саяси, әлеуметтік, рухани мәдени жағынан да реформалар жүргізіліп жатқан кездер ғой. 1980 жылдары әдебиетке келген, 90-шы жылдары жаңағыдай жағдайларды бастан өткерген Ғалым Жайлыбайлардың буыны 2000 жылдары толық қалыптасып, елдің аузына ілігіп, кітаптары да мемлекеттік тапсырыспен шығып, ептеп қаламақы алып, мемлекеттік марапаттарға ие болып, атақтары шығып, Тәуелсіздікті сезіне бастады.

Орта буынның Тәуелсіздікті сезінуі

Менің ойымша, ақсақалдар салып кеткен ізбен сол ақындар шамасы келгенше керемет жырлады. Ресми жақтан, прозаға қарағанда көбіне өлеңмен жырлады. Өлең түрінде Тәуелсіздікке лайықты баға берілді.Тәуелсіздіктің, бес, он, он бес, жиырма, жиырма бес жылдығында да ақындар шама шарқы келгенше жырлап келе жатыр. Орта буыннан Жарас Сәрсектің Махамбеттің рухымен жазылған "Көзсүзген" деген өлеңін осы Тәуелсіздік туралы шыққан өлеңдер арасында ерекше атап өтер едім. Маралтайдың, Әмірхан Балқыбек, Бауыржан Бабажанұлының өлеңдерінде өзіндік бір формадағы жыр дастандары бар. Тәуелсіздікті керемет, өте жоғарғы деңгейде жырлаған ақындардың бірі - Ғалым Жайлыбай. Поэма тілімен де, дастан, өлең тілімен де кешегі Несіпбек Айтұлынан артық жырламаса кем жырлаған жоқ. 


Жас ақындар Тәуелсіздікке нәр берді

Бізден кейінгі буын жайлы айтар болсам, қазіргі поэзия өте қарқынды түрде дамыды. Тәуелсіздік буынын қатырған дейтін топқа сол Жарастар мен марқұм Әмірхандардың сол әдеби ортаның қызығы да, шыжығы да болды. Сол эстафетаны бір-біріне жақсы бере білді. Алмат Исәділ, Дәурен Берікқажы, Танакөз Толқынқызы, Әлібек Шегебай сынды жас буынды бір күнде Жазушылар одағына мүшелікке алған болатын. Сол кезде Нұрлан Оразалин былай деп айтқан еді: "Біз жаңа буын, жас ақындар мектебін қалыптастыруымыз керек". Сол кезде бұл идеяға қарсы шығып, біреуінің кітабы шыққан, біреуінікі шықпаған деп сынағандар болды. Кейін бірақ сол жас буын үкілеген үмітті ақтап, биікке ұмтылды.. Сол буын поэзияны да жақсы қалыптастырды. Ерлан Жүністердің қатары поэзияның эстафетасын бір буыннан бір буынға жақсы табыстай білді. Прозада да, поэзияда да  Бейбіт Сарыбай, Дархан Бейсенбекұлы сынды бізден кейінгі жігіттер де лайықты деңгейде жалғастыра білді. Тәуелсіздік алғаннан кейін көп ақындар тың идеяларды алып келді. Олар Тәуелсіздікке нәр берді деуге болады. 










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2020
719
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12