Мақала. "Тіл - қасиетті ұғым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. "Тіл - қасиетті ұғым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала. "Тіл - қасиетті ұғым"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл қасиетті ұғым



Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.



 «Тілін білмеген - тегін білмейді» - деген атам қазақ.  Бүгінгідей ел болып еңсе көтерген тұста ана тіліміздің қадір-қасиетін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру маңызды мәселе болып тұр.  Қазақ тілі - Қазақстандағы мемлееттік тіл және ол барлық қазақстандықтарды біріктіретіндіктен ұлттық бірліктің басты факторы болып табылады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрудағы мақсаты да ел халқын тұтастандыру болатын. Ол әрине мемлекеттік тіл- қазақ тілі арқылы іске асады. Ал қазақ тілі – уақыт ағымынан алынған адамдардың өмірлік тәжірибесін, оның наным-сенімін, өмір салтын, шығармашылық қуатын көрсететін аса бай тіл.

          Елімізде  әр жыл сайын ұлтаралық қатынасты нығайту мақсатында  «Қазақстан халықтары тілдері мерекесі» салтанатты түрде аталып өтуде.  Мереке қарсаңында мектептерде, басқа да білім мекемелерінде, ұйымдарда  «Қазақстан халықтары тілдері мерекесі» және «Мемлекеттік тіл» апталықтары   жүргізілуде. Мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде іс жүргізудің сапасы артуда.  Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы, ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ететін құрал. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Елбасымыздың

22- қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялау да сол мақсаттан туған.

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы - ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген жоба. «Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасы – үш тілді қазақстандықтар бірдей меңгеруін меңзегенімен, негізгі мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу.

Мемлекеттік тілдің қоғамдағы  алатын орны ерекше. Мемлекеттік тілдің мәртебесінің өсуіне, іс қағаздарының қазақ тіліне толық көшуіне әрбір қазақстандық үлес қосуы керек. Көркем шығармаларды, поэзия мен драматургияны, сондай-ақ ғылыми әдебиет пен БАҚ материалдарын оқу арқылы қазақ тіліне деген құрмет пен жан-жақты түсінік қалыптасады. Олай болса, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ана сүтімен дарыған ана тілімізді құрметтеп, оның дәрежесін биікке көтеру, рухани азығымыз - ана тілімізге жауапкершілікпен көңіл бөліп, оның өрісін кеңейтуге сіз бен біз болып, атсалысайық. Мемлекеттік тіл өсіп-өркендеп, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміз бен теңдігіміздің қайнар көзі, кемелді келешегіміздің ұйытқысы екенін ұмытпайық. Өзіміз болып атсалыспасақ, өзгенің жаны ашымасы анық. Демек, болашағымыз жарқын,  мемлекетіміздің тұғыры биік болуы   өзімізге байланысты.     

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі