Мақала. Тіл – халық қазынасы , ұлттың жаны.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Тіл – халық қазынасы , ұлттың жаны.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі.Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындауға тиіс. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы , ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Елбасымыз айтқандай,"Қазақстанның болашағы -қазақ тілінде". Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл – халық қазынасы , ұлттың жаны.

Ата-бабаларымыз көксеген ,армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз- ұлттық рухты көтеру деп ойлаймын. Адамзат тарихында көптеген елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.

Қазіргі таңда тілімізді шұбарлап, қорлайтын, өз тілі тұрғанда ұялмай басқа тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Оған өз басым күнде куә болып жүрмін. Жастардың орыс тіліндегі сөздерді жиі пайдалануы шынымен, адамды ашындырады. «Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. 

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», – деген екен Бауыржан Момышұлы. Сол тіл мәселесі, оның ішінде мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің тағдыры жайында айтарым: Мемлекеттік тілімізді аман сақтап, ілгері дамыту үшін бәрімізге ұлттық сана, азаматтық биік тұғыр, мемлекеттік идеология қажет. Меніңше ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. "Отан отбасынан басталады" демекші,тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін,әр отбасы қазақ тілін үйретуді қолға алса нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын."Игі істің басы-тіл.Тәрбие басы -тіл",-деп М.Қашқари айтқандай ,тілге үлкен мән беруіміз керек. Өз ана тілімізге көбірек мән берейік.

Ата-бабамыздан қалған:«Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген даналық сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден көз жазып қалмайық!Сондықтан дүниеге бай болмай, тілге бай болайық ағайын. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз деп ойлаймын.

Омарова Гульсана Ержигитовна,Ибраева Мархабат Даировна

Қостанай қаласы білім бөлімінің

16 жалпы білім беретін мектебі" КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2022
1571
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі