Тұтықпа дегеніміз
не?
Кудайбергенова Балмира
Саматқызы
№19 ЖОББМ
дефектологы
БҚО, Орал
қаласы
Тұтықпа сөйлеу мүшелерінің
бұлшықеттерің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының ,
жылдамдығның бұзылуы .Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып
бөлінеді ,көбінесе ол баланың тілін жедел даму кезеңінде пайда
болады . Сөз басында сирек жағдайда сөз ортасында пайда болатын
артикуляция қимылы мен басқа сөйлеу мүшелерінің тырыспасы
салдарынан логопат белгілі бір дыбыста іркілуге мәжбүр. Аталған
белгілер копикалық және тоникалық тұтықпаға
жатады.
Тоникалық тұтықпада науқасқа
бір дыбыстың тежелуінен екінші бір артикуляциялық қимылға ауысу
қиынға соғады. Тұтықпа өзінің дамуында кенттен пайда болатын қысқа
мерзімді мүдірістен бастап , адамның қарым қатыныасқа орасан зор
қауіп төндіретін тұлғалық проблемаға әкеп соғуы ықтимал.
Невротикалық тұтықпа дені сау балаларда стресс невроз салдарынан
пайда болады. Балаларда туа пайда болатын және жүре пайда болатын
жүйке жүйесі ауыру салдары неврозды тұтықпаға ұласуы
мүмкін.
Этиология мен патогенезі
.
Тұтықпаның пайда болу
себептеріне байланысты ешқандай ғылыми теориялар мен жүйелі
эксперименталды мәліметтер жоқ.
Тұтықпа 2 түрлі себептерден
болуы мүмкін.
Біріншісі тұқымқуалаушылық
,энцефалопатиялық ауыру салдарынан ,жатырішілік немесе босану
кезіндегі травмалар.инфекциялық ауыру салдарынан жүйке жүйесінің
зақымдауы. Тұтықпаның пайда болуна әкеп соғатын бірқатар себепте;
моторика мен ырғақты сезінудегі бұзылыстар, қоршаған ортамен
қарым-қатынаса түсе алмау,тұйықталу салдарынан тұтықпа пайда
болады.
Екінші
себебі;
-кенеттен пайда болған
психикалық травмалар
(қорқу,шошыну)
-Отбасындағы екі немесе одан
да көп тілде қарым-қатынасқа түсу
-Шет тілдерін
үйрету.
-Тахилалия (өте жылдам
сөйлеу)
Тұтықпа патогенезі қыртысасты
дизартрия механизмімен ұқсас. Оның құрамындағы-дыбыс
шығару,артикуляция мен тынысалу үрдісінің координациясы
бұзылған.Сондықтан кей жағдайда тқтықпаны дизритмиккалық дизартрия
ретінде белгілейді.Басми қыртысы құрылымдардың өзара индукциялық
іс-әрекеті ажыраса ми қыртысының жұмысын реттеуге кедергі
келдіреді.Осыған байланысты қимыл-қосғалысты алдын-ала дайындайтын
стрипаллидарлы жүйе жұмысында ақау пайда болуы мүмкін.Қозғалысты
2түрлі қызмет атқаратын бұлшықет топтамасы жүзеге асырады.-бірі
жиырылады,келесі-демалады.Бұлышқет тонусының нақты және үйлесімді
іс-әректінің нәтижесінде тез және қатаң дифференсацияланған
қимылдар жүзеге асуы мүмкін.Бұлшықет рационалды үйлесімін бақылау
осы стриопаллидарлы жүйемен жүзеге асады.Мидың анатомо-патологиялық
бұзылысы немесе паллидарлы реттеуші қызметі төмендеп клоникалық
қайталауға (тик)немесе тоникалық спазмаға әкеп соғады.Уақыт өте
келе патологиялық рефлекс-сөйлеу тілінің автоматизациясының
бұзылысы мен сөйлеу тілі аппаратының мускулатурасының
гипертонусы-шартты рефлекске ұласады. Тұтықпа бірқалыпты емес
бұзылыс,мүдіріс форма бойынша,пайда болу орыны мен жиілігі бойынша
бөлінеді.Форма боынша;клоникалық,тоникалық,аралас болып бөлінсе,ал
локализациялық орыны бойынша;артикуляторлық,дыбыс шығару,демалу
орындарына бөлінеді. Локализациялық орыны Тыныстау орыны.Тұтықпада
сөйлеу барысындағы тыныстау бұзылысы логопаттың инспираторлы
дауысты немесе белгілі бір дауыссыз дыбыстарды дыбыстауда пайда
болады.Яғни,Дыбыстауда дыбысты емес,тынысты пайдаланады.Қысқа тыныс
шығару тек сөйлеу барысында ғана емес,тыныштық күйінде де
байқалады.Өйткені сөйлеу барысында (қалыпты балада)демалу,жай
демалудан айырмашылығы;дем жұту тез,дем шығару баяу,демалу көлемі
молырақ,көбінесе ауызбен дем алынады,дауыс желбезегі демалу кезінде
қашықтайды,ал дем шығару кезінде
жақындайды.
Дауыс тұтықпа барысында
дыбыстау дауыс байламдарындағы тырыспалармен қабат жүзеге асады да
дыбыстың дұрыс пайда болуна кедергі жасайды.Тырыспалардың әсерінен
дауыс байламы тез-тез жоғары-төмен көтеріліп әрекет етеді.Логапат
сөзді жаймен созып айта алмаған соң,дауысты дыбыстарды қатты
дыбыстауға тырысады.Ал жаймен сыбырлап сөйлегенде немесе әндеткенде
тұтықпа байқалмайды. Артикуляция Артикуляцияда функционалды
бұзылыстан басқа соматикалық бұзылыстар байқалады. Мыс; таңдайдың
биік болуы, тілі ауыздан шығарғанда жанына қарай қисаюы, танау
тесіктеінің гиперторфиясы. Ілеспелі ырықсыз қимыл-қозғалыстар
Сөйлеу барысында адамның саналы түрде орындайтын, бірақ қажет болып
табылмайтын қозғалысы. Логопат басын артқа қарай шалқайтып, көзін
жұмып, жұдырығын түйіп, иықтарын қозғалтып, аяғымен жер теуіп, бір
аяғын екінші аяғымен басуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда клоникалық
немесе тоникалық тырыспа қимылдарын орындайды. Психика Тұтықпа
дамыған жерде психикалық ауытқудың болатыны анық. Көп жағдайда
кейбір буын, дыбыс немесе сөздерді дыбыстауда үрей сезімі болады.
Көбіне логопоттар саналы түрде бұл дыбыс, буын, сөздерді атаудан
қашқақтайды және оларды басқа сөзбен алмастыруға тырысады. Қатты
асқынған жағдайда бала мүлде сөйлей де алмауы мүмкін. Қалыпты
қарым-қатынасқа баланың түсе алмауы, оның өзін-өзі төмендетуіне,
кем санауына және оның ішкі «менінің» жойылуына әкеп
соғады.