ҒТАМР 14.25.19
«ТҮРКІСТАН ШЕЖІРЕСІ» АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
А.У. Самуратова
Түркістан облысы, Түркістан қаласы « М.Әбенова атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Түркістан қ., Қазақстан Республикасы
Аңдатпа. Бұл мақалада қазіргі жалпы білім беретін, мектептегі өлкетану пәні аясында,сыныптан тыс әрекеттер, білім беру мен тәрбиелеуді өмірмен байланыстыратын маңызды құрал екенін көрсетіп отыр. Өлкетану жұмыстары оқушыларды тәрбиелеудегі, ұлттық рухты қалыптастыруда, шығармашылық ерекшеліктері сипатталған.
Кілт сөздер: топсеруен, топонимика, мұражай,өлкетану.
Кіріспе
«Өлкетану» курсында өлке тарихы, мәдениеті, жер су аттарының шығу тарихымен таныса отырып туған елге сүйіспеншілігін арттыруды, оқытуды көздейді, жергілікті жердің тіпті, аймақтың өз ерекшеліктерін, табиғатын, тарихын, халқы мен тұрмысын сипаттайтын факторларды зерттеп, оны жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану өзінің маңыздылығын ерекшеленеді. Өлкетану жұмыстары тұлғаның дүниеге деген дұрыс көзқарасын қалыптыру мен сенімін нығайтуға негіз болады.
2. Өлкетану бағытындағы «Туған өлке тарихы – ел шежіресі,тарих мұрасы» арнайы курс бағдарламасында сабақтан тыс әрекет аясында балалармен өлкетану жұмысын қалыптастыру және елді мекеннің тарихына, оның бүгінгі келбетіне баға беру, салыстыру деңгейін дамытуға бағытталған.
Зерттеу жұмыстары (Өз елінің шығу тегі, мәдени мұралары т.б тақырыптарда, қосымша материалдармен, әдебиеттермен жұмыс істеу кезінде қолданылады)
Топсеруендер тарихи орындарға:(Аймақ шежіресі, Тарихи ескерткіштер, мұражайларға ) Өлкенің жер көлемі, шекарасы, пайдалы қазбалары;
Оқушылырға өз өлкесінің шығу тарихы, орналасқан жері, аумағы, халқы, мәдениеті жөнінде білім беру.
Оқушылардың өлкетану сабақтарында өз жерінің тарихымен таныса отырып патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен, әдебиеттермен, тарихи деректер жұмыс істеуге, мәлімет іздеуге дағдыландыру. Аймақ тарихына байланысты естеліктерді; Аңыз әңгімелер, шапқыншылықтар мен шайқастар болған жерлерді;Өлкемізден шыққан тарихи тұлғалар: батырлардың ерлік істері, қаламыздың тарихи кезеңдегі келбеті, т.б; Өз өлкесінің мәдни мұраларын, тарихимәдени ескерткіштерін, мұражайларын, кітапханаларын білу; Түркістан қаласынан шыққан атақты тұлғалары туралы; Жергілікті жердегі ҰОС қатысқан адамдар жайында;
Бүгінгі таңдаңы білім ордасы, мектеп жайында;Туған өлкедегі табиғат пен тарихты, шаруашылық пен саясатты, мәдениет пен адамдардың тіршілік әрекетін қосып адамға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану педагогикалық қызығушылық тудырған [1].
Өлкетану жұмысы ежелден жалпы білім беретін мектептегі оқу процесінің құрамдас бөлігі болды. Бүгінгі таңда бұл компонент айтарлықтай кеңейіп, өзгертілуде. Өлкетану өлкенің өзіндік ерекшелігін (география, тарих, биология, экология, орыс және шет тілдері, көркем әдебиет және фольклор, өнер және т.б.), білім беру саласындағы өңірдің ерекше қажеттіліктері мен мүдделерін көрсететін білім беру стандарттарының өңірлік құрамдас бөлігінің ажырамас элементі болды.
В.И. Далдың түсіндірме сөздігінде: «Өлкетану – бұл жекелеген жерлер немесе тұтастай алғанда ел туралы білімнің (тарихи, географиялық) жиынтығы, бұл жергілікті жерлерді – табиғатты, экономиканы, тарихты, адамдардың өмірін жан-жақты зерттеу – жергілікті мектептер үшін басым» — деп жазылған. Қазақстандық өлкетанушылар тобына Шоқан Уәлиханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Александр Чулошников, Николай Ивлев, Владимир Проскурин, Сажид Ахметова, Неля Букетованы жатқызуға болады. Қазіргі кезеңде өлкетану қозғалысының тарихын, оның ішінде мұрағат көздері контекстінде зерделеу ерекше мәнге ие болады [2,314б.]. Қазақстанда өлкетану ісінің дамуы С.Аспандияров, М.Д.Жолдыбаев, Ә.Жангелдин сынды аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен байланысты. Сол кездегі О.Жандосовтың «Өз өлкеңді таны» мақаласы өлкетануға елеулі өз үлесін қосты. В.Д.Гордецкийдің «Жетісу өлкесіндегі мектеп топсаяхатына мәліметтер» атты оқу құралы өңіріндегі мектептерге таратылды. Бұл мектептердің мұғалімдеріне арналған ең алғашқы өлкетану бойынша оқу құралы еді. [3].
«...Болашақ жастар өмір сүріп отырған мемлекеттің өткені мен келешегін, оның алдында тұрған жоспарларды жақсы білуі қажет. Оқушы өз елінің басынан кешкен қиындықтарымен танысып қана қоймай, сондай қиындықтан елін, халқын алып шығуға белсене қатысып, оған өзінің үлесін қосатындай болып тәрбиеленуі тиіс» - дей келе, «өлкетану жұмыстары Отанды сүю мен патриоттық тәрбие беруде маңызды роль атқарады» - деп тұжырымдады С.Аспандияров өз еңбегінде [4].
Қазіргі таңда өлкетану жұмыстарын дұрыс жолға қойып, ұйымдастыра білу, тарихшылар үшін маңызды жұмыстардың бірі. Біздің ұстанымымыз, болашақ ұрпақтық ел тарихы, ата баба мұрасының құндылықтарын, туған өлке тарихы мен мұрасын құрметтей білуге, насихаттауға, шығармашылық ізденістерін қалыптасытыру.
Әдістеме
Бұл арнайы курста оқытуда қолданылатын формалары мен әдістері:

Топсеруендер тарихи орындарға: (Тарихи ескерткіштер, мұражайларға)
Дөңгелек үстел, конференция, ғылыми жоболарға, сайыстарға қатыстыру.
Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар жасай отырып, қызығушылықтарын арттыру.
Оқыту үрдісінде цифрлық платформаларды қолдану сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, білімалушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, пәнге деген қызығушылықтарымен және т. б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге тырыстым.
-
Картамен жұмыс. "Картаны оқу" шеберлігі, картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Шартты белгілер, символдар және шартты тыныс белгілер. Жергілікті аймақ топографиялық карталарын оқи білуге машықтандырылды.
-
Кино-фото құжаттарын, кезендік баспа материалдарын пайдалану, Қожа Ахмет Яссауи хикметтерін таныстыруда, бейнежазбалар, мұражайларға саяхат кезеңінде сабақтастыра отырып меңгертуге мақсат еттім. Аудиовизуалдық құралы.Өлкетану материалдарын оқытуда көрнекіліктің рөлі ерекше екені байқалды.Оқушыларды тарихи оқиғаларды, үрдістерді терең түсінуге, салыстыра білуге, ең мәнді ұғымдарды саралап алуына, тарихи оқиғалардың тарихтағы орнын бағалай білуге дағдыландыру.
-
Ойлау дағдыларының қалыптасуын ең ұтымды жауапты іздестіре білуге баули отырып, өркениетті елдің білікті де білімді жас ұрпағын қалыптастыру.
-
Технологияның әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, өз бетімен деректерді іздеуге дағдыландыру, ғылыми жұмыстарға шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
-
Жеке тұлғаны және оның қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту. тақырыпты терең түсініп, салыстыра білуге, тарихи оқиғалардың тарихтағы орнын бағалай білуге машықтандырдым.
Практикада қолдану
2019 -2020 оқу жылдары,2021-2022 оқу жылдарында М.Әбенова атындағы жалпы білім беретін мектепте «Түркістан шежіресі » факультатив курсы ретінде оқытылды. 2020 жылдары Авторлық бағдарлама конкурсына жолданды.Облыстық кезеңде ІІ орынмен, Республикалық байқайда номинациямен марапатталды.

Қазіргі таңда оқу тәрбие үрдісінде, балалардың оқу танымдық іс-әрекетін белсенділігінің тиімді жолдары мыналар екенін тұжырымдадым:
-
танымдық дидактикалық ойындар;
-
әңгімелеу, бейнероликтер, мұражайда өткізілетін тақырыптық,
конференцияларымыз, іс – шараларымыздың сабақтастығы.
Ақпараттық коммуникациялық
технологияның көмегімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қалай
өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа, өз тәжірибемде
мынандай бағыттарын ұсынар едім:
- Илюстративті (насихаттық) көрнекіліктер, диаграммалар,
карталар,
-
Слайд шоу, аңыз әпсаналар.
- Электронды ойындар
- Электронды логикалық тапсырмалар
- Қазіргі таңда мен осы айтылған ақпараттық құралдарды үнемі, өз тәжірибемде оқу іс -әрекетінде пайдаланып келемін.

Мысалы:Зерттеу тапсырмалары: Топанимикалық деректер біздің өлкеміздегі елді мекендер туралы қандай ақпарат береді?
Жеке тапсырма: Т кестесімен жұмыс
.
|
Е |
Елді мекендер атауының шығу тарихы? |
Мұражай қорындағы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және басқа да жекелеген тарихи тұлғалардың мәдени-мұрасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны бөлімі бойынша зерттеу тапсырмасы: "Ұлт мұрасының жанашыры, қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың,Әзірет Сұлтан кесенесін, мұражайға айналдырудағы рөлі" бұл айдар бойынша,ең үздік зерттеу жүргізген оқушым Диханбай Жанерке, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайы ұйымдастырған, «Менің қаламдағы музей» республикалық ғылыми жобалар нәтижесі бойынша, бас жүлдемен марапатталды.Оқушының зерттеу,әдебиеттермен жұмыс, ізденушілік қабілеттерін шыңдаудағы тиімділігі.

Қожа Ахмет Яссауи хикметтерін таныстыруда, бейнежазбалар, Аудиовизуалдық құралдарды тыңдату, тыңдалым дағдылары арқылы жүзеге асыру. Мұражайларға саяхат кезеңінде, тақырыптарды сабақтастыра отырып меңгертудегі тиімділікті байқадым. Аңыз әпсаналарды, тарихи орындарға топсеруен барысында, насихаттау, конференцияларға, сайыстарға қатыстырылуда нәтижелілігін көрсетті.Қалалық Яссауитану байқауына, Қасым Несібелі атты оқушым қатысып,1 орын иеленіп,Республикалық Яссауитану байқауында І дәрежелі мақтау қағазын иемденді.Яссауи университтінің, «Яссауи хикметтерін жатқа айту» сайысында ІІІ орын иемденді.Тарих пәнінен, білім көрсеткіштерінде нәтижелігін көрсетті.

-
Талқылау, оқушылар тақырыпқа байланысты пікір таластырады:
Жібектің пайда болуы және таралуы туралы ақпараттардың негізінде Ұлы Жібек жолының халықаралық байланыстарға ықпалы туралы қандай болжам жасауға болады?
-Ұлы Жібек жолының орта ғасырлардағы мемлекеттердің дамуына ықпалын талдайды.
-Ұлы жібек жолы бойындағы Өлкеміздегі қалаларды картадан көрсете алады.
-
Оқушыларға Түркістан тарихының өткені мен бүгіні Әзірет сұлтан кесенесі туралы ұғым беру мақсатында, Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» технологиясын қолдандым. Тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оны өз практикасында қолдана білуге үйрету;
Р – оқушылар, А – қала әкімі Ә.Ш.Өсербаевқа, Ф – өтініш хат Т – Бізге балаларға демалатын орындар қиял әлем саяжайын және ойын атриоксандарын, ірі Мега орталығықтары іске қосылса.Көшелерімізде тазалық сақталып,тазалық сақтамаған адамдарға айыпұл салынып тәртіптік шара көрсетсеңіз қаламыз көркейген үстіне көркейер еді. Көгалдандыру шараларын жасасаңыз біздер де атсалысып қаламызда жасыл желекке айналдырар едік,деп өтініш хат жазған болатын.Бүгінгі таңда,балалар ойының жүзеге асқанын көріп,қуаныштарымен бөлісе білді.
-
Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында.Суреттер галериясына саяхат жасадық. Бастапқы ынталандырушы материал ретінде Отырар мен Түркістан қаласының әртүрлі авторлар салған ортағасырлық суреттерін ұсынып.
Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
Суретте не бейнеленген?
Қалада кімдер тұрған? Одан кейін Отырар мен Түркістан қаласының қазіргі кейпі бейнеленген, бүгінгі күнгі суреттерін көрсетіңіз.
Осы екі түрлі суреттердің өзара байланысы қандай?
Қандай ұқсастықтарын көріп отырсыздар?
Неліктен қазіргі күні қала тым өзгерді?
Бұған қандай жағдайлар себепші болуы мүмкін?- дегендей сұрақтармен,сабақ тақырыбын ашуға тырыстым.
«Қалдықсыз өнім» - газет, журналдардан қиып алынған қиындылардан және қосымша деректерден қабырға газетін жасау.
-
« Ешкімде, ешқашан ұмылмайды » тақырыбында,
Өңіріміздегі Н.Төреқұлов, С.Ерубаев, С.Қожанов, Б.Сатарханов секілді танымал тұлғаларға, мәліметтер жинақтайды.
Ұсыныстар
Жас ұрпақ тәрбиесінде, өлкетану жұмысын туған өлкенің тарихын, мәдениетін, әдебиеті мен табиғатын, халық шаруашылығын танып білуде аса маңызды деп санады. Егемендікке қол жеткізген уақыттан бастап туған өлкеге, туған жердің тарихын оқытуға ерекше назар аударылды, себебі өз өлкесінің тарихын білмей ұлтжанды ұрпақ қалыптаспайды. 1995 жылы 30 маусымда қабылданған тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектеп оқушылары,өскелең ұрпаққа арналған «Өлкетану» курсында өлке тарихы,мәдениеті,жер су аттарының шығу тарихымен таныса отырып туған елге сүйіспеншілігін арттыруды, оқытуды көздейді.
-
«Тарихи өлкетану»,қолданбалы курс ретінде енгізілсе.
-
Қожа Ахмет Яссауи хикметтері түркі әлемі үшін маңыздылығы ерекше, «Яссауитану» міндетті пән ретінде енгізілсе.
-
білім алушылардың осы курсты оқып-үйренудегі жетістіктерін бағалау критерийлері қандай (курс бағасы қойылмайды, бірақ нәтиже, пікір қалдыруға болады)
-
Өлкетану сабақтарын,мұражайлармен сабақтастырып конференция, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылса.
-
Мәдениет министірлігі аясында өткізілетін шаралар, конференциялар бар. Конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі 514 бұйрыққа енгізілсе.
Туған өлкенің, жергілікті жердің қала берді аймақтардың өзіндік ерекшеліктерін, табиғатын, тарихын, халқы мен шаруашылығын жан – жақты сипаттайтын факторларды зерттеу қазіргі білім беру саласының маңыздылығын арттыра түспек. Жерлестеріміздің ерлігінің мысалдары даралау арқылы оқушылардың патриотизмі мен азаматтығына тәрбиелеуге көмектеседі. Өлкетану мұғалімі үшін – ғылыми-зерттеу қызметінің дұрыс жолы.Осылайша, өлкетануды дамыту қазіргі заманғы білім берудің өзекті бағыты болып табылады, өйткені оның негізгі функциясы жас ұрпақтың азаматтық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.
Қорытынды
Қазақ елінің кез келген аймағынан ежелгі, ортағасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді немесе деректерді көптеп кездестіруге болады. Мәселе соларды танып біліп, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, оларды жастар тәрбиесінде тиімді пайдалана білуді үйренуде.
Өлкетану отансүйгіштік сезімді – Отанға деген сүйіспеншілік сезімді тудырады. Мектептегі өлкетану, жалпы өлкетанудың бір бағыты болғандықтан, оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, еңбексүйгіштік, тұлғалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Туған өлкенің өткенімен, қазіргі кезімен және болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл оқушының өзінің бір нақты ұлт өкілінің қатарына жататындығын түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі.
Нормативтік-құқықтық құжаттарға, жалпы білім беретін мектепте білім беру мазмұнының аймақтық компонентін жетілдірудің мақсаты өз өлкесін, елді мекенін, қаласын не ауылын жақсы білетін және сүйетін, оның әдет-ғұрыптарын сыйлайтын, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерін қорғайтын, көпұлтты Қазақстанның отаншыл азаматын тәрбиелеу. Жаһандану үдерісінде,мәдени – генетикалық кодты сақтау үшін маңызы ерекше. «Адам баласы –шексіз зерденің ғана емес,ғажайып сезімнің иесі. Туған жерге, мәдениеті, ескерткіштеріне шынайылықпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» - деп сипаттайды елбасымыз.
Қолданылған деректер тізімі
1. Байдалиев Д.Д. Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына кәсіби даярлау: автореф. ...пед. ғыл. канд. дисс. -Алматы, 2009. -23 б.
2. Шиликова Е.В. Тәуелсіз Қазақстан мұрағатшыларының өлкетану/ мұрағатқа қосқан үлесі туралы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2012. -334 б.
3. e-history.kz›upload/iblock/df7/….pdf
4. Аспандияров С.Д. Қазақстан тарихының очерктері (оқу құралы). -Алматы: Санат, 1994. -12-15 б.
ФОРМИРОВАНИЕ ТВОРЧЕСКИХ СПОСОБНОСТЕЙ УЧАЩИХСЯ В РАМКАХ АВТОРСКОЙ ПРОГРАММЫ
"ТУРКЕСТАНСКАЯ ЛЕТОПИСЬ"
А.У. Самуратова
КГУ «Общая СШ им. М. Абеновой» акимата города Туркестан.
г. Туркестан, Республика Казахстан
Аннотация. В данной статье показано, что современная общеобразовательная, в рамках школьного краеведческого предмета внеклассная деятельность является важным инструментом, связывающим образование и воспитание с жизнью. Краеведческая работа посвящена воспитанию учащихся, формированию национального духа, описанию особенностей творчества.
Ключевые слова: Экскурсия, топонимика, музей, краеведение.
FORMATION OF CREATIVE ABILITIES OF STUDENTS WITHIN THE FRAMEWORK OF THE AUTHOR'S PROGRAM
"TURKESTAN CHRONICLE"
A. U. Samuratova
KSU "General Secondary School named after M. Abenova"
of the akimat of Turkestan. Turkestan, Republic of Kazakhstan
Abstract. This article shows that modern general education, within the framework of a school local history subject, extracurricular activities are an important tool linking education and upbringing with life. The local history work is devoted to the education of students, the formation of the national spirit, and the description of the features of creativity.
Keywords: Excursion, toponymy,museum, local history.
Авторлар туралы мәлімет
|
На казахском: |
Акжан Усеновна Самуратова Түркістан қаласы әкімдігінің «М. Әбенова ат. жалпы ОМ» КММ Түркістан қ., Қазақстан Республикасы |
akjan_8585@bk.ru
87475441625 |
|
На русском: |
Самуратова Акжан Усеновна КГУ «Общая СШ им. М. Абеновой» акимата города Туркестан. г. Туркестан, Республика Казахстан |
|
|
На англиском: |
Samuratova Akzhan Usenovna KSU "General Secondary School named after M. Abenova" of the akimat of Turkestan. Turkestan, The Republic of Kazakhstan
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
мақала үлгісі

шағым қалдыра аласыз