400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала Ұлы-Абай, дана-Абай, Дара-Абай қазақтың!

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай жазған мақала. Өз ойыммен бөліскім келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бағыт:Абайдың сөздері-келешекке бағыттаушы күш

Тақырыбы: Ұлы-Абай, дана-Абай,

Дара-Абай қазақтың!


Юнусова БахтинурТаиржановна

Ибрагимова Алфия Рашидовна

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері


Өзіңмен ұрпақ сөйлесер,

Сен ешқашан өлмегендей.

Сендей ұлы,дана ақынға,

Қазақ елі шөлдегендей.


Өлдідеуге болама, айтыңдар шы?
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Осы аталмыш іс-шараға байланысты  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жазылған көлемді мақаласы ұстаздар қауымына рухани бағыт бере білді. Расында да, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының ғасырлар бойы ұлт жадына сіңіріп кеткен ойлары мен өсиеті келешек ұрпақтың өсіп-өркендеуіне, рухани кемелденуіне бағыт береді.

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, Абай тынысы - заман тынысы, халықтың үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді- деп бастағымыз келеді өзіміздің осы мақаламызды.
Қазақтың біртуары, данышпан ақыны, ойшылы, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлы.

Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,

Танытты ол адамзаттың асыл затын.

Қырық бес қара сөзді жазып кетті,

Шырақ қып ұстап жүрміз дана сөзін.

Абай ақындық өнерге қырық жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған жиырма жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырған. Осы нақыл сөздер «Абайдың қара сөздері» деп аталады.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі-қара сөздері. Абайдың қара сөздері –ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүние танымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған шығармалары. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдегіне, логикалық мәніне зер салған. Ар ұят, адамгершілікке , дүниенің тылсым сырларын тануға, надандық жалқаулыққа, еңбек, қазақ мақалдарына, қазақ халқының мінез құлқына және ғылым, білім, өнерге арнап жазған.

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды, -деп Абай атамыз өскелең ұрпақты дарындылыққа, білімділікке шақырған және сол ғылым білімге арнап жазған қара сөздеріне тоқталсақ.

Абай өзінің қарасөздерін жазудағы мақсатын бірінші сөзінде былай баяндайды:Ақыры ойладым: осы ойыма кірген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осыған бел байладым,енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. /Абай,ІІ том,89-бет/ Бұл- ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, философиялық ой қарым-қатынас жөніндегі көзқарастың жиынтығы, философиялық ой топшылауы.

Отыз екінші сөзінде білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен  табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең хәм білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі, асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі.  Шала мейір шала байқайды.

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден  де  қашық болмайды.

Үшінші - әрбір ақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең де айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтып құрмет күтесің?

Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі   деген   төрт   нәрсе   бар.   Содан   қашық   болу   керек.   Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде  бұлар болмайды.

Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын! /Абай, ІІ том,119-бет/-деп айтқан екен.

Алтыншы сөзінде, қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - аты ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ,бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?

«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың - пысық, ішің - нас,

Артын ойлап ұялмас, -

болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық /Абай, ІІ том, 95-бет/ -деп жазған екен.

Абайдың қарасөздері көркем әңгіме ғана емес – ғақлиялық даналық сөздер. Абай қарасөздерді жазуға зор дайындықпен кіріскен. Оның қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, көркемөнер этика мәселелері туралы көзқарастарын білдіруде осы әдісті кеңінен пайдаланған. Оның көптеген өлеңдеріндегі қарасөздерінде де нақыл, мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі.

Міне, осындай нақыл сөздерімен халыққа ой салған Абай атамыз ешбір жанның есінен кетпес. Абайдың осы қарасөздерін оқығанда адам белгілі бір толқу үстінде отырады. Адам баласының білмегенін білдіріп, еріккенге ермек деп жазған жоқ, ол адам баласының өмірге келгеннен кейін өмірдің бар жақсысы мен жаманын айыра білсе екен деді. Адамның жеп отырған нанының өзі таза еңбекпен келеді. Адам өмірде тек түзу жолмен жүру керек дейді.Ұрлық, алдау, арбауға үйренген адамға одан шығу қиын. Адам баласы тек білім, оқу, іздену, ғылым арқылы өз ісін алға қарай жалғастыра алады. Абайдың қарасөздері – оның ақындық мұралығына қосылған бағалы қазына. Ұлы ойшыл қарасөздерінде «артқа алаң болмай» алға ілгері басуды арман етті. Ұлы ойшылдың ғақлиясын, ақыл кеңестер деп ұғынған жөн. Абай қарасөздеріндегі құдіретті болашақты жас жеткіншектердің санасына ұялатып, әрі оны өз өмірімізде ұстанымымызға айналдыра білсек, кәделі іс тындырған болар едік деп ойлаймыз.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі