Материалдар / Мақала: Үмбетәлі ауылының табиғат ресурстарының экологиялық жағдайы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Үмбетәлі ауылының табиғат ресурстарының экологиялық жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала 7-8 сынып оқушыларының өлкетану бағыты бойынша туған өлкелерінің табиғат ресурстарының экологиялық жағдайын зерттеуге үлгі болатын мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2021
398
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ















Үмбетәлі Кәрібаев ауылының табиғат ресурстарының экологиялық жағдайы

(мақала)























География пәні мұғалімі: А.С. Жумагулова









2020- 2021 оқу жылы


МАЗМҰНЫ:

  1. Кіріспе.

  1. Негізгі бөлім: Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылының экологиялық жағдайының мониторингісі:

    1. Табиғат - бәріміздің ортақ үйіміз, мекеніміз.

    1. Үмбетәлі ауылымыздың экологиялық жағдайы

    1. Тәжірибелік бөлімі.

    1. Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылының су, топырақ ресурстарының экологиялық жағдайын зерттеу жұмыстары

    1. Зертханалық жұмыс №1: Үмбетәлі ауылының ауыз су жағдайын зерттеу жұмыстары

    1. Зертханалық жұмыс №2: Өсімдіктерідің өсіп өнуіне тигізген топырақтың әсерін зерттеу жұмыстары

ІІ. VII. Экологиялық проблемаларды шешу жолдарын анықтап, насихаттау жұмыстарын жүргізу.




III. Қорытынды.

  1. Қорытынды «Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны» (Үмбетәлі ауылының табиғат ресурстарының экологиялық жағдайын жақсарту жолдары).

  1. Пайдаланған әдебиеттері


Мақсаты:

Ауылымыздың табиғи ресурстарының экологиялық жағдайына зерттеу жүргізе отырып, ресурс түрлерінің тіршілікке, адам ағзасына тигізетін әсерлеріне тәжірибе жүргізу арқылы география пәнінен оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда ресурстарды тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру


І. Кіріспе

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

Төбесінен талпынып түскен сәби, ең алдымен еңбектейді. Кейін қаз-қаз басып, тұсауы кесілген шақта алғашқы қадамын туған жерде жасайды. Сондықтан да адамзат баласының өмірдегі әліппесі - табиғаттанудан басталады.

«Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

«Көк шөпті жұлма, обал болады» деп отыратын үлкен кісілердің сөзі-«табиғат-ананың қадір-қасиетін бағала» деген өсиет-нақыл екендігін, адам жасы ұлғайғанда барып бір-ақ білетіндігі қандай өкінішті.

«Суды былғағанша, атаңның сақалын былға», «Жері байдың - елі бай» деген ата-бабаларымыздың ел мен жерді бірдей қорығанынан тәлім алу - жас ұрпақ үшін басты парыз.

Қазақ халқының біртуар данышпандары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уəлиханов, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов т.б. еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.

Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде елдің Туын, Елтаңбасын, Əнұранын қастерлеуді заңды, туған жерін, Отанын құрметтеуге тəрбиелеуден бастау керек, əрбір адам бала кезінен «Қазақстаным – менің Отаным, ол мен үшін жауапты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болу тиіс», – деп көрсетті.

Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде азаматтарын ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық сауаттылықтың маңызы арта түсуде.

Себебі, «табиғат – қоғам – адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр.

Бірақ, қоғам дамуының қазіргі сатысында адамзат табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, онымен өзара үйлесімділікте өмір сүру керек екендігін əлдеқашан анықтап алған.

ІІ. Негізгі бөлім: Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылының экологиялық жағдайының мониторингісі:

ІІ. І. Табиғат - бәріміздің ортақ үйіміз, мекеніміз.

Табиғатта тіршілік иелері мен өлі дүние арасында үздіксіз қарым-қатынас жүріп жатады . Бұлар денсаулыққа белгілі бір әсерін тигізеді. Табиғат пен қоршаған орта бізге таза ауа, мөлдір су, құнарлы топырақ сыйласа, біз де табиғатқа жақсы, ізгі ниетпен қарап, оны қорғап, сақтауымыз керек, табиғаттың байлығын ысырап етпей, оның даму үрдісіне кедергі жасамауымыз керөк.

Қылқан жапырақты ағаштар өскен Үмбетәлі ауылымыздың төңерегіндегі жердің ауасы хош иіске бай. Жылдың қай мезгілінде болмасын, бұндай жерде адамға үлкен сергектік пайда болып, денсаулығы күшейеді. Өзен, көл жағалауында серуендеу де денсаулыққа өте пайдалы.

Ал, Үмбетәлі ауылымыздың тұрғындарының дем алуы,тұрмысы, еңбегі бірқатар ортақ ерекшеліктермен және тұратын аймақтары мен іс-әрекет түрлеріне байланысты өзгеше белгілермен сипатталады.

Табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады.

Қоғам мен табиғат арасында қарым- қатынас басталғаннан бері күні бүгінге дейін адамның табиғатқа жасайтын ықпалы біркелкі емес. Адам баласы тіршілігін сақтау үшін өмір бойы табиғи құбылыстармен күресуде. Қақаған аяз бен аптап ыстық кездерде өлмеу үшін ішер тамақ, киер киім табуы қажет болды.

Адам баласының санасының ең бір жетілген кезеңі отты пайдалануды үйренген кезі. Алайда сол от арқылы адам баласы айналаны түтінмен ластап, орманды өртеп, биосфераға зиянын тигізе бастағанын білген жоқ. Дегенмен сол көне заманда адамның табиғатқа ықпалы өте аз мөлшерде болды. Адам табиғатқа түгелдей тәуелді болғандықтан қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр еді. Адамның ол кездегі табиғатқа ықпалы көлемінің аздығы сондай, оны қазіргі кездегі табиғатқа жасалып жатқан өзгерістермен салыстыру мүлдем мүмкін емес.

Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар.

Дүниежүзінде туындап отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз ауылымызда шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз.

ІІ.ІІ. Үмбетәлі ауылымыздың экологиялық жағдайы

Сырттан келушілердің көзін арбап, көрген жанды тамсантпай қоймайтын ауылымыздың төсіндегі табиғаты ерекше – қырлары мен жоталары, өзендері мен көлдері, сарқырап жатқан таза бұлақтары. Ауылымыздың табиғатына қандай теңеу айтса да жарасады. Оның шипалы таза ауасы мен шалғынды даласы кім-кімді болса да баурап алары сөзсіз. Бірақ біздің мақтанышымыз болып отырған осы өңірдің де экологиялық жағдайы мәз емес.

Үмбетәлі ауылында күнделікті ауа мен судың ластануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, ауылымыздың көң-қоқысқа көмілуі – осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер.

Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор.

Қала тұрғыңдарымен салыстырғанда біздің ауылымыздың тұрғындарымыздың өмірі табиғи ортамен тығыз байланысады. 

Егіншіліктегі барлық жұмыс түрлері (жер жыртуегу, себу, егін орағы, т.б.) далада орындалады.

Мал өсірушілердің еңбегі де бірқатар зиянды факторларға: ауаның биогендігаздармен (күкіртсутек пен аммиак) ластануы, малды күтуде, мал қораларын тазалауда қол еңбегі үлесінің көп болуы, қолмен сауу, т.б. байланысты. 

Адам денсаулығына және қоршаған ортаға қолайсыз әсер ететін факторлардың ішінен ауыл шаруашылығында кең қолданылатын улы химикаттар (пестицидтер) елеулі орын алады.

Осындай экологиялық зардаптар ауылымыздың өңірінде кеңінен байқалады. Әсіресе, ауа мен судың ластануы жоғары деңгейде.

Негізінен ауа екі түрлі жолмен – табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Алайда бұл ластану атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды.

Ал, ауаның адамзат әрекетінің нәтижесінде ластануы атмосфера үшін ең қауіпті. Оларға құрылыс материалдардың өндірісі, құрлыс жұмыстары, көлік және тұрмыс қалдықтары жатады. Бұл кезде ауаның төменгі қабаты көбірек ластанады, өйткені оған өндіріс орындарының шаң-тозандары күнде қосылып отырады.

Ауылымыздың төңерегінде құрлыс материалдар өнеркәсіп орталықтары орналасқан. Одан шыққан түтін мен шаң-тозаңдар ауа мен топырақты ластауда, ал қалдық сулары ауылымыздың маңындағы өзен-көлдерге ағызылып, ауыз су мәселесін туындатып отырғаны белгілі.

Ауыз су құдықтары мен бұлақтары да қорғауға алынбаған. Ауылымыздың аумағындағы төрт көлдің барлығы ұзақ жылдар бойы ластануда.

Мұржалардан шыққан зиянды түтінімен ластанған су, топырақ тұрғындардың денсаулығына қауіп тудыруда.

Ауыл табиғатына адамның әсері сенбі- жексенбі күндері өзен мен көлдің жағалауларында, шалғынды жерлерде, жоталардың төңерегінде -адамдар демалуға жиналатын орындарында болады. Адамдар өзен- көлдерді ластап, шөптерді таптап, гүлдерді жұлып, бұтақтарды сындырып, аңдар мен құстарды қорқытып ауылымыздың табиғи ырғағын бұзады. Мұның салдарынан бұталарда тұратын топ- тоғайлар жойылып, ағаштардың жоғарғы жағы кеуіп, ақырында өледі, шөптесін, гүлді өсімдіктер жойылады.

Тағы бір айта кететін экологияның проблемалық жағдай, Қырғыз Республикасымен шектесіп жатқан трансшекаралық аймақ боғандықтан туып отыр. Қордай ауданында жүргізілген экспедициялық бақылау жұмыстары Қырғызстан тарапынан ауа кеңістігінің қатты ластанып жатқанын дәлелдеді.

Қосымша бақылау постыларын ашу мәселесі бірнеше рет Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар алдына қойылды.

Бірақ та, бұл мәселелер осы уақытқа дейін шешуін тапқан жоқ.

ІІ. ІІІ. Үмбетәлі ауылының экологиялық жағдайының мектеп оқушыларының денсаулығына көрсетілетін әсері.

Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы.

Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. 

Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген«Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат – үйіне қамқорлық жасауы тиіс.


Таза болса табиғат –

Аман болар адамзат, -

деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі.

Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты.

Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.

Ауылымыздың ауыз суының, топырағының зиянды заттармен (шаң,кул, күйе) және химиялық заттарымен ластануы денсаулыққа ықпал етеді. Соның нәтижесінде тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің, қанның, т.б. аурулары кебеюде.

ІІ. IV. Тәжірибелік бөлімі.

Жұмыстың тақырыбы: Үмбетәлі ауылының ауыз су жағдайын зерттеу жұмыстары

Жұмыстың мақсаты: шаруашылық пен ауыз су үшін қолданылатын су сапасының көрсеткіштерін қолдана отырып, судың қасиеттерін анықтау әдістемесі арқылы ауыз су жағдайын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: фотоаппарат, калькулятор, бақылау күнделігі.

1. Зертханалық жұмысының жоспары:

Судың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау

1. Температурасы: Судың үлгісін алу үшін термометрмен (0,10 дәлдікке

дейін) суда 5 минут ұстап өлшенді.

2. Мөлдірлігі: Судың мөлдірлігі арнайы шрифт арқылы сұйықтың

сантиметрмен алған биіктігі бойынша анықталады.

Ауыз су үшін мөлдірлік 30см-ден кем болмауы керек.

Өзен сулары үшін 25 см, мөлдірлігі бұл шамадан төмен болса, су ластанған болып саналады.

Зерттелетін суды цилиндрге құйып, астына 4 см қашықтықта шрифт қойылды, суды біртіндеп, шрифт анық көрінгенше төге берілді. Шрифт анық көрінгенде қалған судың биіктігі сызғышпен өлшенді.

3. Тұнба: Бөтелкедегі жақсылап араластырылған суды 30 см-лік

цилиндрге құйып, бірнеше сағатқа тұндырып қойылды. Уақыт өткен соң тұнбаның

мөлшерін, түсін тексерді. Тұнба көп болса, су ластанған болып саналады.

4. Түсі: Судың құрамында гуминді заттар көп болса, түсі сарыдан

қоңырға дейін өзгереді. Судың түсін градус арқылы анықтайды. Түсі 200 болса,

ол су түссіз болып табылады. Ауыз судың түсі 200 аспауы керек.

5. Иісі: Судың иісі балмен есептеледі. Иісі жоқ су 2 балдан аспау қажет

құралдар: колба; 200 мл конусты. колба; сағат шынысы; электр

плитасы; термометр; зерттелетін су.

Колбаның 2/3 бөлігіне зерттелетін су құ<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!