«Ұстазыңды ұлықта!» Республикалық акциясы
28.09.2017ж күні «Комсомол» жалпы орта мектебінде әлеуметтік педагогтары Р.Арипжанова, М.Жакипова, Ж.Ергешовтің ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Ұстазыңды ұлықта!» республикалық акциясы болып өтті.
Акцияның мақсаты: оқушыларға ардагер ұстаздарды ұлықтауға, қадірлеуге, құрметтеуге шақыру.
Акция кезінде әлеуметтік педагогтары Р.Арипжанова, М.Жакипова, Ж.Ергешов, 9 «А,Ә,Б» сынып жетекшілері А.Жамалова, Ү.Мырзабаева, Г.Оразова және сынып оқушылары бірлесіп, ардақты ардагер ұстаздардың үйіне барып, мерекемен құттықтап, тілектер айтып, сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар ардагер ұстаздарды 30 қыркүйек күні мектеп ғимаратында болатын «Ұстазым, биік мәртебең!» атты мерекелік кешке арнайы шақыру хаты берілді. Оқушылар ұстаздарға өлеңдер арнап, тілек айтып әдемі гүл шоқтарын табыстады. Сынып жетекшілер өздерінің ақ жаулықты орамалдарын жауып, сыйлықтарын берді. Ардагер ұстаздар қуанып, жүздерінде қуаныш нұры ұялады, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, рахметін айтты. Естелік үшін ардагер ұстаздармен суретке түстік. Алдағы уақытта «Ұстазыңды ұлықта!» акциясы жалғасын тауып отырады.

Мақаланы жазған қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Р. Арипжанова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "ҰСТАЗЫҢДЫ ҰЛЫҚТА" Республикалық акциясы
Мақала "ҰСТАЗЫҢДЫ ҰЛЫҚТА" Республикалық акциясы
«Ұстазыңды ұлықта!» Республикалық акциясы
28.09.2017ж күні «Комсомол» жалпы орта мектебінде әлеуметтік педагогтары Р.Арипжанова, М.Жакипова, Ж.Ергешовтің ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Ұстазыңды ұлықта!» республикалық акциясы болып өтті.
Акцияның мақсаты: оқушыларға ардагер ұстаздарды ұлықтауға, қадірлеуге, құрметтеуге шақыру.
Акция кезінде әлеуметтік педагогтары Р.Арипжанова, М.Жакипова, Ж.Ергешов, 9 «А,Ә,Б» сынып жетекшілері А.Жамалова, Ү.Мырзабаева, Г.Оразова және сынып оқушылары бірлесіп, ардақты ардагер ұстаздардың үйіне барып, мерекемен құттықтап, тілектер айтып, сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар ардагер ұстаздарды 30 қыркүйек күні мектеп ғимаратында болатын «Ұстазым, биік мәртебең!» атты мерекелік кешке арнайы шақыру хаты берілді. Оқушылар ұстаздарға өлеңдер арнап, тілек айтып әдемі гүл шоқтарын табыстады. Сынып жетекшілер өздерінің ақ жаулықты орамалдарын жауып, сыйлықтарын берді. Ардагер ұстаздар қуанып, жүздерінде қуаныш нұры ұялады, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, рахметін айтты. Естелік үшін ардагер ұстаздармен суретке түстік. Алдағы уақытта «Ұстазыңды ұлықта!» акциясы жалғасын тауып отырады.

Мақаланы жазған қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Р. Арипжанова
шағым қалдыра аласыз













