Волентерлер
қызметі
2020
жыл «Волонтер жылы» деп жариялады. Осы
жылы ел аумағында көптеген қоғамға
пайдалы іс-шаралар жоспарлануда. Өз
еркімен қоғамға пайдасын тигізуді
көздейтін еріктілердің қатары жыл санап
артып келеді. Бүгінгі таңда елімізде
200 ден астам волонтерлық ұйым жұмыс
істейді. Жалпы
волонтер дегеніміз кім, оның қызметі
қандай ?
Волонтер
– волонтерлік қызметті жүзеге асыратын
жеке тұлға. Волонтерлік қызмет – жеке
және заңды тұлғалардың мүдделерінде
өтеусіз негізде жүзеге асырылатын,
әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік
қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы
қызмет. Волонтерлер
– жеке тұлғаларға, әлеуметтік топтарға
көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау,
азаматтық позицияны қалыптастыру,
өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік
жауапкершілік, өзара көмек көрсету және
қоғамда қайырымдылық жасау бағытында
жұмыс жасайды.
Волонтердің
еңбегі ақысыз. Волонтерлер тәжиребе
алу, дағдыларды және білімдерді арттыру
, дербес қарым-қатынастың қағидаларын
білу үшін
де
жұмыс істейді. Көбінесе волонтерлік
қызмет төленетін жұмысқа жол салады,
бұл жерде адам өзін жақсы жақтан көрсете
алады, өзін әртүрлі қызмет аясында сынап
көріп, өмірлік жолын анықтай алады.
Волонтерлік
акция волонтерлік ұйым және волонтерлер
және волонтерлер тобы орындайтын нақты
әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы
міндетті шешуге бағытталған іс-шара.
Волонтерлер мұқтаж адамдарға көмек
көрсету, азаматтардың денсаулығын
сақтау, қоршаған ортаны қорғау және
сақтау, дене шынықтыруды және спортты
дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді
қамтамасыз етуге бағытталған басқа да
жұмыстарды ақысыз орындайды. Мақсаты
қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі
ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік,
ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік
сезімін қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар қоғамға әлеуметтік
міндеттерді шешуге көмектесу, волонтерлік
қызметті ұйымдастыруға бағытталған
азаматтық бастамаларды дамыту және
қолдау, халықтың әртүрлі нысаналы
топтарымен және санаттарымен өзара
іс-қимыл жасауда волонтерлік қызметтің
рөлін арттыру жөніндегі шараларды
әзірлеу және іске асыру, кеңес беру,
ақпарат беру және әдістемелік сүйемелдеуді
ұйымдастыру және жүргізу жатады.
Волонтерлік
қызметтің негізгі түрлері - әлеуметтік
көмек, халықтың әлеуметтік жағынан
қорғалмаған топтарына, өмірлік қиын
жағдайға тап болған балаларға көмек
көрсетуге қатысу, қарттарға, мүгедектерге
әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектер
үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру,
жетім балаларды және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау
және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа
жәрдемдесу, дүлей зілзалалар, экологиялық,
техногендік және басқа да апаттар,
әлеуметтік шиеленістер, жазатайым
оқиғалар салдарынан зардап шеккен
адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына,
босқындарға және шарасыздан қоныс
аударушыларға, сондай-ақ сырттан
жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж
адамдардың өзге де санаттары мен
топтарына көмек көрсетуге қатысу,
орталық және жергілікті атқарушы
органдарға төтенше жағдайлардың алдын
алуға және салдарларын жоюға жәрдем
көрсету, хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы
Отан соғысы мен оқшау соғыстарға
қатысушылардың сүйектерін іздеуге
қатысу, қоршаған ортаны қорғауға және
сақтауға, аумақтарды абаттандыруға
қатысу, тарихи және мәдени мұраны сақтау,
тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына
келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер
жасауға қатысу, білім беруді, ғылымды,
мәдениетті дамытуға, білімді танымал
етуге, инновацияларды дамытуға қатысу
, дене шынықтыруды, спорт пен белсенді
демалысты дамыту мен танымал етуге,
өңірлік, өңіраралық, республикалық
қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру
және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру
мен өткізуге қатысу, саламатты өмір
салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу,
әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына
қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық
жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, егер
Қазақстан Республикасының заңдарында
өзгеше белгiленбесе, волонтерлік
лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік,
өңіраралық, республикалық және халықаралық
мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық
және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру
мен өткізуге қатысу, археологиялық
қазбаларға, тарихи ғимараттардың
қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі
шектеулі балаларға арналған жазғы
сауықтыру лагерьлерінің жұмысына,
конгресс-көрме қызметіне қатысу, халықтар
арасындағы татулықты, достық пен
келісімді нығайтуға, әлеуметтік,
ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық,
діни шиеленістерді болғызбауға қатысу,
волонтерлік қызметтің Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтін өзге де түрлері болып табылады.