Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала Ы. Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Ы. Алтынсарин туралы, балабақша тәрбиешілеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ыбырай Алтынсарин 180 жыл

«Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық»-деп өскелең ұрпақты оқу білімге шақырып,бар өмірін ағартушылық пен білімге арнаған қазақтың ұлы ағартушы- педагогы Ыбырай Алтынсарин қаламы балалар әдебиетінен де сыр шертті.Бүкіл өмірін балаларды оқытуға арнап сол мақсатта еңбек етіп мектеп ашып,оқулық жазды.Сол себепті Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің- атасы атанды.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Алматы қаласы Білім беру басқармасының «Алматы қаласының білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы 30 жылдығын мерекелеу» жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы №17 бөбекжай балабақшасында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фальклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шара болып өтті. Іс-шараға «Айгөлек» мектепалды тобының тәрбиеленушілері үлкен жауапкершілікпен атсалысты.

Іс-шара елімізде болып жатқан пандемияға байланысты барлық сақтық шараларын сақтай отырып, өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Сахна Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан мол мәлімет алуға болатындай етіп өте керемет безендірілді.

Байқаудың мақсаты: бүлдіршіндерге Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен ағартушының қаламынан туған керемет туындыларына деген қызығушылықтарын оятып, өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтуға баулу,өскелең ұрпақты отанын сүюге тәрбиелеу болды.

Іс шараны балабақша меңгерушісі Байгожина Толқын Баймашқызы мен әдіскер Толымбекова Лэйла Аленқызы ашып берді.Өз сөздерінде тәрбиеленушілерге іс-шараның маңызын,мақсатын түсіндіріп өтті.

Көркемсөз шеберлері Ы. Алтынсриннің өлеңдерін мәнерлеп, мақамына келтіре орындады. Бұл іс-шара бала бойындағы дарындылықты ашуға мүмкіндік берді. Қатысушылар өзін қызықтырған «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» секілді өлеңдерді көпшілік алдында еркін орындап, өзін-өзі дамыта түсті. Топ алдында еркін сөйлеуге үйреніп, өздерінің тың қабілеттерімен бөлісіп, жеке тұлға болып қалыптасуына үлес қосты.

Дарынды оқушылар балабақшамыздың мақтанышы. Іс-шарада қатысушылардың көркемсөз оқу шеберлігі, барлық көрермендерге ой салып, ерекше сезімге бөледі. Қазақ елінің білімді, шығармашыл, көшбасшы балалардың өсіп келе жатқанына риза болды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2021
328
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12