Ыбырай Алтынсарин 180
жыл
«Кел
балалар оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен тоқылық»-деп өскелең
ұрпақты оқу білімге шақырып,бар өмірін ағартушылық пен білімге
арнаған қазақтың ұлы ағартушы- педагогы Ыбырай Алтынсарин қаламы
балалар әдебиетінен де сыр шертті.Бүкіл өмірін балаларды оқытуға
арнап сол мақсатта еңбек етіп мектеп ашып,оқулық жазды.Сол себепті
Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің- атасы
атанды.
Үстіміздегі жылдың сәуір
айында Алматы қаласы Білім беру басқармасының «Алматы қаласының
білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы 30 жылдығын
мерекелеу» жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы №17
бөбекжай балабақшасында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы,
жазушы, этнограф, фальклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің
180 жылдығына арналған іс-шара болып өтті. Іс-шараға «Айгөлек»
мектепалды тобының тәрбиеленушілері үлкен жауапкершілікпен
атсалысты.
Іс-шара
елімізде болып жатқан
пандемияға байланысты барлық сақтық шараларын сақтай отырып, өз
дәрежесінде ұйымдастырылды. Сахна Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен
шығармашылығынан мол мәлімет алуға болатындай етіп өте керемет
безендірілді.
Байқаудың мақсаты:
бүлдіршіндерге Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен ағартушының
қаламынан туған керемет туындыларына деген қызығушылықтарын оятып,
өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтуға баулу,өскелең ұрпақты отанын сүюге
тәрбиелеу болды.
Іс шараны балабақша
меңгерушісі Байгожина Толқын Баймашқызы мен әдіскер Толымбекова
Лэйла Аленқызы ашып берді.Өз сөздерінде тәрбиеленушілерге
іс-шараның маңызын,мақсатын түсіндіріп
өтті.
Көркемсөз шеберлері Ы.
Алтынсриннің өлеңдерін мәнерлеп, мақамына келтіре орындады. Бұл
іс-шара бала бойындағы дарындылықты ашуға мүмкіндік берді.
Қатысушылар өзін қызықтырған «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім
бар жұрттар» секілді өлеңдерді көпшілік алдында еркін орындап,
өзін-өзі дамыта түсті. Топ алдында еркін сөйлеуге үйреніп,
өздерінің тың қабілеттерімен бөлісіп, жеке тұлға болып қалыптасуына
үлес қосты.
Дарынды оқушылар
балабақшамыздың мақтанышы. Іс-шарада қатысушылардың көркемсөз оқу
шеберлігі, барлық көрермендерге ой салып, ерекше сезімге бөледі.
Қазақ елінің білімді, шығармашыл, көшбасшы балалардың өсіп келе
жатқанына риза болды.