400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

мақала: Ыбырай Алтынсарин шоқынған ба?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсариннің өмір жайлы, сол кездегі теріс көз қарас Ыбырайға деген сенбеушілк болған. Ыбырайдың орысша оқуы дүмше молдаларға ұнамауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШОҚЫНҒАН БА?

Ыбырай Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Шын аты-Ибраһим. Ол 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келеді. Әкесі молдадан сауат ашқан қарапайым адам. Анасы Аймен халық ауыз әдебиетін көп білетін сауатты адам болған. Ыбырай ертегілер мен жырларды, жоңғар шапқыншылығы туралы әңгімелерді анасынан естіп өседі.

Әкесі Алтынсары 1844 жылы көтерілісшілер қолынан қаза тауып, үш-төрт жастағы Ыбырай атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленеді. Атасы билік тізгінін ұстаған Орынбор әкімшілігінің алдында да, орыс шенеуніктеріне де сыйлы, беделді кісі болыпты. Балғожа би немересін адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған.

Ыбырай тоғыз жасында мектепке барады. 1850 жылы Орынборда қазақ балаларына арнап ашылған мектепке қабылданған отыз қазақ баласының бірі болды. Ол сабақты ынта қойып оқиды. Дүние жүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, рухани азық алады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынған. Орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйлеген.

Ұлы ағартушы «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы» деген ұстанымнан ешқашан айнымаған. Сондықтан болар, қазақ балаларына арнап мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдерді даярлауға да үлкен мән берген.

«Мектептегі ең басты тұлға – мұғалім. Жақсылап салынған мектеп үйін, тамаша жазылған оқу құралдарын табуға болады. Бірақ, бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы» дейді Ыбырай Алтынсарин. «Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға те келе алмайды. Сондықтан мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін» деп оқытушылардың қоғамдағы рөлін үнемі жоғары бағалап отырды. Оның осынау ұлағатты ойы бүгінге дейін мәнін жоғалтқан жоқ.

Ұлы ағартушы Қазақстандағы математикалық білім беру ісінің қалыптасуына да ықпал етті. Математиканы оқыту жөнінде де келелі-келелі пікірлер айтқан. Ол педагог-ағартушы болуымен қатар, іс жүргізуші, судья қызметтерін де атқарды. Яғни білімді ұстаз ғана емес, білікті заңгер де болған. Қазақ халқының әлеуметтік өміріндегі ең маңызды мәселе – жер дауы болса, Ы.Алтынсарин осы даудың дұрыс шешілуінің маңыздылығына ерекше тоқталады. Ауылдық старшын мен болыстарды сайлайтын таңдаушылардың бұл мәселені дұрыс шешпейтініне қынжылады. Халықтың сыртынан саудаға салып жіберетініне ашынады. Қазақ даласындағы әділетсіздікті, заңсыздықтарды көріп, жаны күйеді.

Кезінде ұлы ағартушыны «шоқынды» деушілер де болды. «Өзі өлгенде үйінен бір сандық крест табылған» деген алыпқашпа сөздер де айтылмай қалмады. Ыбырайдың орысша білім алуы, орыс зиялыларымен араласуы, ортасына сай орысша киінуі ешқандай оқу-тоқуы жоқ, малдың буына семірген кейбір надандарға, әсіресе, өзі ұнатпайтын дүмше молдаларға шаншудай қадалуы заңды еді. Олар заманынан озып туған кемеңгер жайында «шоқынды» дегенге саятын түрді өсек-аяңдар таратады. Ұлы ағартушы өмірден өткен соң 34 жылдан кейін ғана, 1923 жылы «Шолпан» журналында басылған «Ыбырай Алтынсарин» деген мақаласында Мұхтар Әуезов тұңғыш рет ұлы ұстазды жалған жаладан қорғап қалады. Оның «қара қазақтан шыққан бірінші адам», «ұлт мектебінің іргесін қалаған бабасы», «бірінші ұлтшыл әлеуметтік қызметкері» екенін айтып, лайықты бағасын берді. Мұхтар Әуезов Ыбырайдың өзі өлген соң үйінен бір сандық крест емес, бір сандық қағаз шыққанын айтады. Ұлы ағартушы мұсылманшылыққа көзқарасын «Мұсылманшылықтың тұтқасы» оқулығымен-ақ айдай әлемге білдіріп кеткен болатын.

«Ыбырай Алтынсарин» басына жасанды шаш, яғни парик киіп жүрген» деген әңгіме де бар. Ұстаздың артында бар-жоғы екі суреті ғана сақталған. Ол екі суретке де 1889 жылы Қостанайда түскен екен. Шашын сол жақ шекесінен жарып қойған секілді. Шындығында, оның басындағы парик екені Н.Ильминскийдің де, Ғ.Балғымбаевтың да естелігінде айтылады. Ел аузында сақталған әңгімелерде Ыбырайдың таз болуына Балғожа бидің ауылына Кенесары адамдарының шабуылы себеп болғанға ұқсайды. «Кенесарының қолы Алтынсары өлген соң бала Ыбырайды ұрлап кетеді. Оның басына кеп кигізген. Қозының илеген терісі шашын жидітіп түсіреді. «Басы теңбіл таз болғандықтан, парик киіп жүрген екен» деген сөзді үлкендерден естігенім бар» дейді Торғай жеріне есімі ардақты ақсақалдардың бірі Орекен Алматов.

Қалай айтқанда да, Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Себебі, ол – жазу мен педагогтік қызметті қатар алып жүрген тұлға. Оның қаламынан туған шығармалар халықтың тыныс-тіршілігімен бірігіп кетеді. Ал, ақындығына келсек, өлеңдерінің тақырыбы ұлтына деген сүйіспеншілік, халқына қызмет, оқу-ағарту, мәдениеттілікке үндеу, салт-дәстүрді құрметтеу, ғылым-білімді игеру болып келеді. Қазақтың өзгелермен терезесі тең екендігін, өзгелерден үйрену үшін не істеу керектігін көркем жырмен жеткізеді.

Ыбырай 1889 жылы 48 жасында «Инспектор көлі» жағасындағы өз үйінде дүниеден өтеді. Бұл жайында «Оренбургский листок» газетінен «Дала уәлаятының газеті» көшіріп басқан қазанамада оның ұзаққа созылған өкпе ауруынан қайтыс болғаны айтылады. Ағартушы ғалыммен ақырғы рет қоштасу үшін қаладан көптеген жолдастары арнайы келген. Кейінірек Н.Ильминский «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан» деген атпен Қазан баспасында арнайы кітап бастырып шығарды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
904
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі