«Ыбырай Алтынсарин-Ұлтының кемеңгер көшбасшы ұстазы»
«Үміт еткен көзімнің нұры балам» деп, қаймана қазақ баласының ертеңгі күнінен үміт етіп, білімнің өшпес шырағын жаққан, ұлтымыздың ұлы ұстазы, кемеңгер көшбасшысы, Абай сынды алыптардай тарих төрінен ойып орын алған данасы Ыбырай Алтынсарин бүгінде 180 жасқа толып отыр. Отаршылдық езгі мен надандық қараңғылығынан көз ашпаған қазақ даласына білім сәулесінің нұрын шашқан Ыбырай «Кел, балалар, оқылық!» деп ұран тастады. Өз ұлтының жанашыры ретінде қала мен қамал емес, даланың дархан төсінен қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашты. Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселелерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушыларының бірі болды. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан емес, түр жағынан да дамытты. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.
Ұлы педагог қоңыраудың әсем үніндей сыңғырлай соғып, білімнің мектебіне тағылымды жол ашты. Оның әрбір өлеңі, әрбір әңгімесі ұлттық құндылықты дәріптейтін тағылымы мол шығармалар. Қазақ даласында «Қоңырау» болып білімге шақырған ұлы ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз. Ыбырай Алтынсарин даланың тек қана қоңырауы ғана емес. Ол өзінің «Таза бұлақ» деген кітабында жазғандай даланың таза бұлағы да болды. Бұл таза бұлақтың мөлдір суынан академик те, ғалым да, диқан да, шопан да, қарапайым қазақ баласының бәрі де сусындады. Бәрі де содан дәм татты. Сол арқылы қазақ баласының көзі ашылды. Өз қаражатына мектептер ашып, оқулық жасаған болатын. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді.
Ыбырай ағарту ісімен бірге сол уақыттағы қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым мен білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты еңбектер жазды. Ыбырай қажырлы еңбектерінің нәтижесінде көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселелерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындаларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.
Алтынсариннің ағартушылық еңбектеріндегі өрелі ой — жеткіншектерге қоршаған ортаның заңдылықтары мен өзара тығыз байланыстылығын меңгерту. Алтынсариннің «Қазақтың болыстық мектептері туралы записка», «Торғай облысының әскери губернаторына берілген рапорт», «Торғай облысындағы оқу жұмысы жайы туралы есеп» тағы басқа ресми іс қағаздарда. Ы.Алтынсарин мектеп ашудың лайықты кезеңдері, қолайлы жағдайлар, мектеп шаруашылығы, оқу тілі сияқты аса маңызды мәселелерді үнемі көтеріп аса мән беріп отырды. «Қазақ хрестоматиясы» 1876 жылдан бастап жазылып, 1879 жылы аяқталды. Бұл кезең Ыбырайдың көркем шығармаларының жазылған кезеңі болып саналады. Ыбырай шығармаларының әлеуметтік мазмұны мен идеялық бағытына көңіл бөлсек, даусыз бір мәселені байқаймыз. Ол- жазушының әдебиетті қоғамдық құбылыс ретінде бағалай білуі. Ыбырайдың әңгімелері мен өлеңдері аз да болса , тікелей өмір мәселелерін суреттеуге арналған. Сол кездегі ескішіл ақындардың шығармаларына тән діни уағыздаулар, қоғамнан, халық тілегінен тыс мәселелер бос қиял мен үмітсіздікке, дәрменсіздікке бой ұру, дараланушылыққа салыну, өмірден торығу, т.б. Ыбырай шығармалары үшін мүлде жат құбылыстар. Жазушы шығарманың тақырыбын күнделікті өмірдің ішінен алып, оған өзінің озық ойлары тұрғысынан баға беруге талаптанады. Бұдан оның жаңа идеяларды қоғам ішінде кеңінен жая түсу үшін көркем әдебитеті бірден-бір күшті құрал ретінде танығанын және шебер пайдаланғанын көреміз. Даңқты жазушы М.Әуезов Ыбырай туралы: «Сол заманнан бері қарай, біздің кейінгі ұрпағымыздың бәріне де Абай қандай қадірлі болса, Ыбырай да өз орны, өз арналы мұрасымен аса ыстық, аса бағалы болды. Олар кейде баяғыдан бері өткен шөл ғасырлардың соңғы дәуіріндегі зор мұнарадай көрінсе, кейде еңбегі, бағыты бірлікпен айқасып аққан қос өрімдей, шөл өлкені суарып, дән бітіріп айқасып ағып келе жатқан қос өзендей танылды» деп жазған. ХІХ ғасырда Торғай топырағында дүниеге келіп, қазақ халқының тарихына жарқ етіп енген ағартушы-ұстаз, педагог-жаңашыл, ойшыл, жазушы-ғалым Ыбырай Алтынсариннің есімі әліппе ұстаған, оқу-ілім іздеген әрбір қазақ баласына таныс. Өз заманының озық ойлы, прогресшіл, интернационалдық көзқарастағы азаматы болды. Ибраһим Алтынсаринді Қазақстанның ұлттық педагогикасының негізін қалаушы болып қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала. «Ыбырай Алтынсарин-Ұлтының кемеңгер көшбасшы ұстазы»

шағым қалдыра аласыз