Материалдар / Мақала "Заман талабына сай білім беру жүйесіндегі жаңашылдық"

Мақала "Заман талабына сай білім беру жүйесіндегі жаңашылдық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде әлем жылдам өзгеруде. Жылдам өзгеріп жатқан әлемде білім беру жүйесінде де өзгерістер өте көп. Бұл мақала ұстаздарға септігін тигізеді деп ойлаймын. Себебі, мақалада заман талабына сай білім беру жүйесіндегі жаңашылдық туралы жазылған.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

DrawObject1 ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Еликбаева Нургул Молдабаевна

Менеджер, география пәні мұғалімі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған

мектеп-интернаты» КММ

Қостанай қаласы



Аңдатпа. Мақалада қазіргі таңдағы білім беру саласындағы өзгерістер туралы айтыла келіп, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, мектептегі географиялық білім беру мазмұнының басты сипаттамалары, география пәнін компьютерлік бағдарламада оқыту әдістерінің тиімділігі кеңінен сөз болды. Жылдам өзгеріп жатқан әлемде білім беру саласында болып жатқан өзгерістерге мұғалімдердің де дайын болуы, жаңашылдыққа бет бұрып, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру қажеттілігі қарастырылған. Елдегі қазіргі жағдайға байланысты орын алып отырған қашықтықтан оқыту жүйесі туралы мәліметтер берілген.

Тірек сөздер: Инновация, білім беру мазмұнын жаңарту, мектептегі географиялық білім беру, компьютерлік бағдарламада оқыту әдістері, өздігінен білім алу,қашықтықтан оқыту.



Қазіргі заманда әлем жылдам өзгеруде. Заман талабына сай, білім беру жүйесінде де өзгерістер өте көп. Тәуелсіз еліміздің алдында тұрған білім беру саласындағы басты мәселе – сапалы білім беру, ғылымды дамыту. Бұл жайында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп көрсетілген [1]. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу мәселесі білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Қазіргі кездегі мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытуды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері өзгеріп, оқу процесі спиральды жүйе бойынша ұйымдастырылып отыр [2, 3 б.].

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» -деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, жылдам өзгеріп жатқан әлемде білім беру саласында болып жатқан түрлі өзгерістер мұғалімнің де сол өзгерістерге сәйкес дамып отыруын талап етеді.

ХХ ғасырдағы ұстаздың негізгі құралы қалам мен қағаз, тақта мен бор болса, жаңа заманның ұстазына қойылар талап та зор. Қазіргі кезде қара тақтамыз интерактивті тақтамен, қарапайым оқулықтарымыз электронды оқулықтармен, қағаз-қаламымыз компьютермен ауысқан ХХІ заманның ұстазы да жаңашылдыққа бет бұрған заманауи ұстаз болуы қажет. «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім мамандығы үнемі ізденушілік пен зерттеушілікті талап етеді. Мұғалім білім беру саласындағы өзгерістерден қалыспай, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, жаңа педагогикалық идеяларды өмірге әкелуі тиіс.

«Инновация» сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру немесе жаңару» немесе «зат жасаудың жаңа жолы" деген мағыналарды білдіретін «іnnоvаtiоn» сөзінен пайда болған. Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметтер туралы заңына» сəйкес инновация дегеніміз – ғылыми техникалық зерттеулер мен интеллектуалды еңбектің нəтижесінде пайда болған жаңа немесе жақсартылған өнім жəне жаңа немесе жақсартылған технология. 2002 жылдың шілде айында қабылданған «Инновациялық қызмет» туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс əкелетін жаңалық болды [3, 129 б.].

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» дей келе, тарихи сананы жаңғырту үшін, алға даму үшін ең алдымен ұлтымыздың ұлы ойшылдары мен қаһармандарын үлгі тұтуға, олардың өнегелі өмірі мен артына қалдырған құнды еңбектерін, пайымды ой-пікірлерін елге, әсіресе жас ұрпаққа кеңінен насихаттау керек екеніне ерекше тоқталды [4, 5 б.]. Міне, биыл қазақ халқының ұлы ақыны, дана ойшыл, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, реформатор, ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы ағартушылық немесе ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналған Абай атамыздың 175-жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз. Қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер ақын болашаққа үлкен үмітпен қарап, өз өлеңдерінде «көкірегі сезімді, тілі орамды» жастарға үлгі бермек үшін ғибрат айтты. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» дей отырып, «дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген тағылымын үйретті [5, 3 б.]. «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде ұлы ақын жас ұрпаққа үміт артып, өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды [6, 31 б.]. Абай шығармашылығына зер салсақ, білім мен ғылымды ұлы Абай бекерге сөз етпегенін терең түйсінеміз.

«Отыз екінші қара сөзінде» ұлы ақын «Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек.» - деп, білім-ғылымды үйрену үшін, ең алдымен білу керектігіне тоқталады. «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқалады» дейді ұлы ақын осы қара сөзінде [7, 59 б.]. Ұлы Абай өлеңдері мен қара сөздері жас ұрпаққа өмірлік бағдаршамдай әсер етеді. Қазақ даласы енді-енді ағартушылық идеясымен сусындай бастаған шақта, ақын әрі кемеңгер ойшыл білім мен ғылымға қозғау салды, зор серпін берді. Қазіргі таңда Абай атамыздың арманы орындалып, білім беру саласындағы түрлі өзгерістер білім мен ғылымның дамуына жағдай жасауда.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей, білімді де, білікті шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз – киелі ұғым. Ұстаз жолы – қиын да әрі жауапты, міндетті іс. Мен де 2014 жылы институтты аяқтағаннан кейін мұғалімдік қызмет жолына түсіп, алғаш еңбек жолымды Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданына қарасты Миролюбовка ауылындағы «Киев орта мектебінен» бастап, қазіргі таңда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-де менеджер және география пәні мұғалімі болып еңбек етудемін.

Жаңартылған білім беру жүйесіне көшіп отырған заманда география пәні бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оқушының әрдайым өз білімін кеңейтіп, тереңдетуіне жағдай жасап отыруға тырысамын. Себебі, қазіргі мұғалім – жаңа заман ұстазы болуы тиіс. Идеялар мен ақпараттық технологиялар бәсекелестігінің ғасыры ХХІ ғасырда қоғам дамуының басты шындығы – оның компьютерленуі болып, компьютердің өзі – көрнекі құралдың ең бастысы, оқу процесінің тиімділігін арттырудың бір құралы болып отыр. Бұл құрал оқушыларға білімді өздігінен алуға, оқушының таным процесінің дамуына, оқу ақпараттарын және қолданылатын оқу тапсырмаларының кешенін кеңейтуге, оқушының іс-әрекетін бақылау сапасын өзгертуге мүмкіндік береді. Интерактивті компьютерлік бағдарламалар адам іс-әрекетінің барлық түрлерін белсендіруге бағытталған. Компьютерлік технологиялар ақпараттық мәліметтерді айтарлықтай кеңейтуге және тереңдетуге, оны жүйелеуге, қажетті мәліметтерді таңдауға, болып жатқан процестер, нысандар және құбылыстардың даму қарқынын көруге мүмкіндік беретін көрнекіліктің заманауи, ыңғайлы және мобильді құралы болып табылады.

Мектепте оқушыларға географиялық білім беруде компьютерлі технологияны қолдану оқытушы үшін тиімді:

  • Оқушылар дербес жұмыс жасайды;

  • Компьютерді пайдалану уақытты үнемдейді;

  • Оқушының білімін қысқа уақытта бағалауға мүмкіндік береді.

Мұғалім үнемі кәсіби шеберлігін арттырып, заман талабына сай заманауи, яғни жаңалыққа жаны құмар, жаңашыл ұстаз болуы қажет деген ұстанымды назарда ұстап, кәсіби шеберлігімді арттыру үшін түрлі курстарға қатысып отырамын. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің бірінші ілгері деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан 2016 жылы өткен болатынмын. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы біріншіден, қуатты педагогикалық құралдарды өз тәжірибесіне ықпалдастыру арқылы өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу болып табылады [8, 4 б.]. Сонымен қатар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген "Тәжірибедегі рефлексия" жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде "География" және "Жаратылыстану" пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсын, 1 деңгей "Педагогикалық технология" үшөлшемді әдістемелік оқыту жүйесі (УӘЖ) курсын өтіп, біліктілігімді арттырдым. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатымен өткізілетін осындай курстардың мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруда маңыздылығы жоғары.

Қазіргі кездегі елімізде және әлемдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес қашықтықтан оқыту жүйесінің орын алуына қарамастан, жаңа заманда жаңаша білім беруді жандандыру барысында жұмыс жасап келе жатқан біздің Ыбырай мектебіміздің мұғалімдері де ұстаздық жолында аянбай еңбек етіп, жаңашылдықтан қалыспай, онлайн режимде өткізіліп жатқан түрлі іс-шараларға белсенді ат салысып, кәсіби шеберліктерін арттыру барысында жұмыстар атқарып жатыр. Қашықтықтан оқыту барысында біздің мектебіміз «Kundelik.kz» және «Online Mektep» платформаларымен жұмыс жасайды. Бұл платформалар қашықтықтан оқу барысында оқушылар мен мұғалімдер үшін тиімді болып отыр. «Online Mektep» платформасында мұғалім қашықтықтан оқыту түрлерінің синхронды және асинхронды түрлерін қолдана отырып, оқушыларға бағыт-бағдар берсе, ал оқушы өздігінен білім алуға ұмтылады. Синхронды сабақ беруде видеоконференция мұғалімдер мен оқушылар үшін өте ыңғайлы. Платформаның көмегімен мұғалім қатысушылардың онлайн сабақты қарау және қатысу статистикасын бақылап отыра алады. Мұғалімдер үздік онлайн интерактивті тапсырмалармен, бейнесабақтармен, қашықтықтан онлайн оқытуға арналған сапалы мазмұнмен қамтамасыз етіліп отыр. Жоғарыда айтылған «Kundelik.kz» және «Online Mektep» платформалардың көмегімен мұғалімдерге техникалық және әдістемелік қолдау көрсетіледі.

«Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деп Абай атамыз айтқандай, осы қасиеттерді бойына сіңірген адамның келешегі зор болмақ. Ұлы ақынның сөзі мен ойы біздің өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, игі істерімізден нақты көрініс табатынына сенім білдіремін. Ол үшін мына жылдам өзгеріп жатқан әлемде біз де өз мектебімізге түбегейлі өзгеріс енгізіп, жаңа талаптарға сай білім беруді жүзеге асырып, мектебіміздің алға қарай жылжуы мақсатында жұмыстар атқаруымыз қажет.



Пайдаланылған дереккөздер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs

  2. Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық журнал/12 жылдық білім беру. – Астана, 2019. – 71 бет.

  3. «Ғылым» ғылыми-өндірістік журнал, 2017. – 150 бет.

  4. «Ана тілі» ұлт газеті/Ұлы ойшылдар үндестігі, 2020. – 24-30 қыркүйек. – 12 бет.

  5. Назарбаев Н.Ә. Абай аманаты/“Егемен Қазақстан”, 2020. – 7 қазан. – 12 бет.

  6. Абай «Қалың елім қазағым...»/Өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 224 бет.

  7. Абай «Қара сөздер. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2015. – 124 бет.

  8. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республкасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы/«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, www.cpm.kz, 2016. – 149 бет.


28 Сәуір 2021
1092
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі