Материалдар / Мақала "Заманауи пән Информатика"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала "Заманауи пән Информатика"

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнің Абрахам Маслоудың "ұмытшақтық кестесін жою" оқыту әдістері арқылы екі бірдей оқушы Информатика пәні бойынша қалалық байқауда 1-ші орын иегері атанды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
464
16 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заманауи пән Информатика.


Цифрлық технологияларды дамыту бүкіл Еуразиялық экономикалық кеңістіктің басымдығы деп аталады. Қазақстанда "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы әзірленді, ол технологиялардың жылдам өсуінің және қызметтерді электрондық форматқа қайта бағдарлаудың негізіне айналуы тиіс. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада сандық технологияларды пайдалану есебінен экономиканың даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасау, сондай-ақ экономиканың ұзақ мерзімді перспективада сандық экономиканы құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшу болып табылады.

  Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Тарихтағы алғашқы компьютерлер үлкен бір бөлменің көлеміндей алып болған болса, қазір көзге көрінбестей қалыпта жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде.

Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану — заман талабы.

XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі.

«Адами капиталды дамыту» — білім беру жүйесін әлемнің үздік тәжірибелеріне сәйкес жаңарту. Орта білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жобаны жүзеге асыру көзделген. Мұнда роботты техника, виртуалды шындық элементтерін, 3D-баспа және т. б. оқу үрдісіне енгізу қарастырылады.

Осы бағытты ұстанып Қызылорда қаласында ағымдағы жылдың қаңтар айында Информатика пәніне қызықтырушылық арттыру мақсатында «Samruk kids» орталығының ұйымдастыруымен қалалық деңгейде байқау өткізілген. Аталаған байқауға қала және жақын орналасқан ауыл мектептерінің 6,7,8 сыныптар аралығында оқушылар қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Сайыс бағдарламасы 2 деңгейден:

1-ші деңгей сұрақ-жауап және тестілік тапсырмалар;

2-ші деңгей компьютер құрылғыларының атауын, қызметін түсіндіру, түрлерін білу және уақытқа жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын жинақтау болды.

Аталған байқауға «Саяхат» мөлтек ауданынан жаңадан бой көтерген «Ұлағат» білім ордасы» жеке мектебі оқушылары да қатысып жүлделі орындар иегері атанған:

6 «А» сынып оқушысы Жанболат Нұрали Нұрлыбекұлы 1-ші орын

7 «А» сынып оқушысы Әбдімәлік Нұрасыл Алматұлы 3-ші орын

8 «А» сынып оқушысы Жакен Ерсұлтан Өміржанұлы 1-ші орын.


Бұл сайысқа оқушыларды дайындау барысында түрлі әдіс-тәсілдер, оның ішінде өткен сабақтарды оқу материалдың толық игеруде Абрахам Маслоудың «Қажеттіліктер пирамидасы» қолданылды. Теориялық сабақтар қарапайым тілде түсіндіріліп, практикалық тапсырмаларды оқушылар өз қолымен жасап көрді, бұл оқушының сабақ материалын қабылдауды 90 пайызға дейін көтеретіні анық.

Бірақ, бұл тәсіл сабақта өткен материалды ұзақ мерзімде сақтауға көмектеспейді. Ол үшін сабақта игерілген оқу материалын толыққанды ұзақ мерзімді жадыда сақтауға Герман Эббингауздың есте сақтаудың ерекше әдісі қолданылады. Бірінші игерілген сабақты 20 минуттан кейін бір рет, одан сон 2 сағаттан кейін бір рет қайталаудан тұрады. Осы екі әдісті ұштастыра отырып жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Информатика пәнінде осындай тиімді әдістерді қолдансақ, жоғары нәтижелер арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, еліміздің IT бағыты қарқынды дамитыны анық.





«Ұлағат» білім ордасы»

жеке жалпы білім беру мекемесінің

Информатика пәні мұғалімі Успанов Н.К.











































Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:


  • оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;

  • ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;

  • деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады [2]. Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.

Бізді, ағылшын тілі пəні мұғалімдерін, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды:

  • кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;

  • оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Сол əдіс-тəсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

  • «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері;

  • сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:

  1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

  2. Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

  3. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

  4. Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.

  5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

  6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

  7. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.

Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!