О.Б.Алданбекова Байзақ
ауданы №1 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні
мұғалімі
Ағылшын тілі сабағында
деңгейлеп саралап оқыту технологиясының
маңызы
ХХІ ғасыр табалдырығын білім
мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен
аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен
қоғамда ағылшын тілінің рөлі
өзгерді.
Ағылшын тілі – жаңару тілі. Ол
қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі
элементіне айналды. Сол себепті де ағылшын тілін жетік меңгеру, ол
тілде жақсы сөйлей білу, жаңару көшіне ілесу деген сөз. Осыған орай
қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін
көптеген әдістер пайда болды. Заман талабына сай шетел тілін жаңа
технологиялармен оқыту қазіргі күннің басты талаптарының бірі болып
тұр.
Сондай-ақ ағылшын тілінде деңгейлеп оқыту
технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану –сабақтың білім
сапасын көтерудің маңызды факторларының бірі болып, тиімділігі
тәжірибе жүзінде дәлелденіп
отыр.
Деңгейлеп саралап оқыту
технологиясының дидактикалық, педагогикалық, писихологиялық
негіздемесі С.Рубинштейн, Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдов,
Л.В.Занков, Ю.К.Бабанский, Б.П.Беспалько, В.М.Монахов т.б.
ғалымдардың ғылыми-теориялық идеяларына негізделіп жасалған.Ж.
Қараев және Б. Кобдикованың еңбектерінде де деңгейлік оқыту
әдістемесі туралы көптеген мәліметтер кездестіруге
болады.
Бүгінгі таңда Ж. Қараевтің
оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау технологиясы
пәнге деген қызығушылықты арттыратын технология ретінде
танылды. «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының» негізгі
идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны
өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім
қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру
болып табылады.
Бұл технологияның ең басты
мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілеті төмен» деген
жіктерге бөлінуін болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы
оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден бастап орындайды. I деңгей
тапсырмалары - мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі
шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс.Бұл деңгей оқушыға
өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақытымен күшін
дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.. Әрбір оқушы I деңгейдегі
тапсырмаларды орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдегі
тапсырмаларды да орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі
төмен» оқушылар жақсы оқитын оқушылар қатарына ілесе алмай жатса не
істеуге болады? – деген сұрақ туындайды. I деңгейден аса алмай
жатқан оқушыларға орындап үлгере алмай қалған тапсырмаларын үйде
орындауға беру керек.
Деңгейлеп, саралап оқыту
технологиясының екінші бір тиімді жағы – оқушылардың дүниежүзілік
білім жүйесінде қолданылатын рейтинг – ұпай-балл жинау әдісіне
баулу.Деңгейлік тапсырмалар рейтинг, ұпай-балл жинау әдісімен
бағаланатынын ескерсек, оқушылардың сабақ өткеннен кейін де сол
тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларды орындау
барысында қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен
кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларды
орындауда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп
мұғалімнен, сыныптастарынан, қосымша материалдардан білім
жинайды.
Даралап – саралап оқытудың
маңыздылығы:
1.Сынып оқушыларын жаппай
жұмыс істеуге әкеледі.
2.Бос отырған оқушы
болмайды.
3.Әркім өзінің білім деңгейін
біліп, оны дамытуға
тырысады.
4.Қиындықтарды жеңе білуге
дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда
болады.
5.Ізденіс дағдысы
қалыптасады
Даралап-саралап оқытуда
күтілетін нәтиже:
1. Алдына қойған мақсатына
жете алатын оқушы тәрбиелеу.
2. Әр оқушы өз білім деңгейін,
мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны
дамытады.
3. Өз бетімен ізденіс
дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға
қалыптастыру.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясы оқушылардың өздігінен білім алып, іздену
іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технология бойынша
бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне аса назар
аударылады.
Қазіргі таңда ағылшын тілін
оқыту процесінде жаңа технологиялардың ішінде маңыздысы деңгейлеп,
саралап оқыту технологиясы. Барлық оқушы тапсырманы ең төменгі
деңгейден бастап, келесі деңгейге өту үшін өз білімін, қабілетін
біртіндеп толықтырап, жетілдіріп отырады. Бұл оқушылар арасында
бәсекелестік туғызады және оқушы өз қабілетіне сәйкес жоғары
деңгейге көтеріліп отырады.
Сондай-ақ ағылшын тілінде деңгейлеп оқыту
технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану –сабақтың білім
сапасын көтерудің маңызды факторларының бірі болып, тиімділігі
тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.
Сабақ барысында грамматикалық
тапсырмаларды орындауда, өтілген сабақты еске түсіргенде, үйге
берілген тапсырмаларды сұрағанда сонымен қатар жаңа сөздермен жұмыс
жасағанда түрлі ойындар, жарыс сабақтарын ұйымдастыруға
болады. Деңгейлеп оқытуда
мұғалім ақпарат беруші және ұйымдастырушы, кеңес айтушы қызметін
ғана атқарады.
Ағылшын тілін аудиторияда
деңгейлеп оқытудың негізгі мақсаты – күнделікті өмірде пікірлесім
түрлеріне еркін араласып, сөйлеу, әңгімені қолдау дағдыларын
қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл тазалығын
сақтау, үйренушінің өз бетімен білім алуы, ізденуі болып
табылады.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың өзіне деген
сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық
тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық
деңгейге көтерілуі анықталады. Деңгейлеп оқыту
технологиясы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
мүмкіндік береді.. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың білімге деген
ынтасын арттыруға ықпал
етеді.
Деңгейлеп оқыту
технологиясының ұтымдылығы бұл технология оқушының да,
мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға
арналған. Топ бағдарламасына байланысты лексикалық
тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба
жұмыстарын орындайды. Тыңдап, түсініп оқып, аударып, жаза алады.
Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады.
Фонетиканы толық меңгереді. Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар
орындайды. Мәтінмен жұмыс жасайды. Бірінші деңгей тапсырмалары
жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін
білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді,
екінші деңгей тапсырмалары материалдарды реттеуге және жүйелеуге
берілген тапсырмалар болса, үшінші деңгей танымдық-іздену түріндегі
заңдылықтар шығару, қорытындылау жұмыстары болып келеді. Ең
жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды,
әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады. Осылайша, әр
тақырып бойынша оқушыларға, топтан тыс уақытта жоғары деңгейлік
тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға
алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады.
Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушыларға үлгермей
жатқан оқушыларға көмектеседі. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи
қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай
жасалады. Бұл тапсырмалар – үйренушінің біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі
болады.
Ағылшын тілін оқыту процесінде
деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы оқушылардың білім сапасын
арттырудың негізгі кепілі болып табылады.Деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясы бойынша әр оқушының жеке қабілеттері ескеріліп,
оқушыға қабілеті жететін саласынан дарынын ашуға мүмкіндік береді.
Оқушыларға өз бетінше білімін жетілдіруге, шығармашылық
қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады. Оқушылар меңгерудің әр
кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын оларда оқуға деген ынта,
мотив, белсенділік, білік пен дағды өсіп
отырады.
Қорыта келгенде, ағылшын тілін
аудиторияда деңгейлеп оқытудың негізгі мақсаты – күнделікті өмірде
пікірлесу түрлеріне еркін араласып, сөйлеу, әңгімені қолдау
дағдыларын қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,
тіл тазалығын сақтау, үйренушінің өз бетімен білім алуы, ізденуі
болып табылады. Шет тілі оқытушыларының алдында қойылып отырған
басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп
отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
меңгеру.