Елордамыз Астанаға-20 жыл,
Павлодар облысына- 80жыл
толуына орай мектебімізде
мерекелік кештер болып өтті
Бүгінгі таңда өңірімізде «Рухани
жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, Астананың 20 жылдығы
мен Павлодар облысының 80 жылдығы аясында көптеген шаралар жүзеге
асырылды. Қалалар мен аудандарда,ауылдарда осы мерекені дәріптеуге
арналған салтанатты шаралар бастау алды.Соның бірі біздің
мектебімізде бірнеше ұстаздардың бастауымен мерекелік кештер
тойланып өтті.Атап айтар болсақ, мектебіміздің кітапханашысы Н.А
Шейкина «Павлодар облысының атақты адамдары» атты тақырыпқа көрме
ұйымдастырды.Соның ізімен «Туған өлкенің жазушылары», «Халық мені
ақын деп атайды» деген тақырыппен С.Торайғыровтың шығармашылығы
туралы кітап көрмесін,сондай-ақ «Қазақстан жазушыларының кітаптарын
дауыстап оқимыз»деген атпен ашық микрафон өткізді.Мектебіміздің
кеңесшісі И.С.Рыжкова қаңтар айының 16-20 аралығында «Павлодар
өңірінің көрікті жерлері» деген тақырыпта сурет көрмесін
ұйымдастырса,келесі күні 1-11 сыныптардың жетекшілері «Павлодар
облысына-80жыл!», «Астана-Еуразия жүрегі» тақырыптарында сынып
сағаттарын өткізді.Сынып сағаттарын өткізу барысында әр түрлі бейне
роликтер көрсетілді.Сонымен қатар,дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
С.А.Ткач Астана қаласының 20 жылдығымен,Павлодар облысының 80
жылдығына орай,әр түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өткізді.Бұл
сайыстарға барлық оқушылар атсалысты. Ол жерде бірнеше
әдіс-тәсілдерді қолданғандықтан,өте қызықты әрі жоғары деңгейде
өтті. Ал келесі күндері сол аталған сыныптар арасында
тарих,география және бастауыш сыныптардың жетекшілері осы
тақырыптар бойынша өздерінің шеберліктерін танытты.Оқушыларды да
барлық қырынан көрсете білді.
География пәнінің мұғалімі С.К.Рахмангулова
да «Менің туған өлкем» тақырыбы бойынша викториналық сұрақтар
дайындап,сондағы саналы сұрақтар арқылы оқушылардың ой-өрісін,ойлау
қабілетін арттыра білді.Одан әрі балаларды қызықтыру мақсатында
шағын экскурсия(саяхат) ұйымдастырды.Тарих пәнінің мұғалімдері
А.Н.Шелудько және А.С.Мукушев Павлодар облысының мәдени орындары
туралы дөңгелек үстел өткізді.Онда облыстың барлық мәдени орындары
турасындағы мәліметтер кең көлемде түсіндірілді.Соның нәтижесінде
балалар көп ақпаратты санасына сіңіре білді.Дөңгелек үстел- ұтымды
әрі ойға қонымды болып,оқушылардың білім деңгейін саралай түссе,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М.Шүленбаева «Әдебиет
әлеміндегі Бұхар жырау»тақырыбымен мерекелік кеш
өткізіп,оқушылардың сана-сезімін сабақтай түсті.Мерекелік іс-шарада
Бұқар жыраудың өмір жолы мен шығармашылығы туралы бейне ролик
көрсетіліп,ондағы айтылған ақпараттар бойынша викториналық
сұрақтармен толықтырылды. Сонымен бірге жыраудың өлеңдері де жатқа
айтылды.Ал балаларға осы мерекелік кеш барынша ұнап,көңілдерінен
шықты.
Аптаның келесі күні мектеп кітапханашысы
Н.А.Шейкина мен мектеп кеңесшісі И.С.Рыжковалардың ұйымдастыруымен
туған өлкесін кім қаншалықты таниды деген мақсатпен, білгірлер
сайысын өткізді. Сонымен қатар «Павлодар облысының атақты
тұлғалары»деген тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Сондай-ақ 8-10
сыныптар жетекшілерінің басқаруымен кітаптар көрмесі болып өтті.Ол
жерде Павлодар өңірінің қазірге дейінгі тарихы мен одан кейінгі
тарихы туралы шежірелер қамтылды.Осы көрменің нәтижесінде оқушылар
көп мәліметтер ұғынды.Балаларға ұнады.Қызықты,әрі ұтымды болып
өтті.
Қорыта келгенде,сол аптаның 22-сі күні
мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушілері сөз сөйлеп, аталмыш
мерекелік кештердің ойдағыдай, әрі жоғары деңгейде өткендігі туралы
ой-пікірлерін білдіріп,алғыстарын айтты.Сөз соңында мерекелік
іс-шараларға атсалысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс хаттар және
марапаттаулар табысталды.