Жаңартылған оқу
бағдарламасының тиімділігі
З.У.Утегенова. Көксу
ауданы «Айгөлек» балабақшасының
тәрбиешісі
«Кішкентай бүлдіршіндердің
дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде
мектепке дейінгі білім беруге аса назар аударған жөн.» деп Тұңғыш
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев атап айтқандай, мектепке дейінгі
тәрбие мен білім беруде заман талабына сай жаңартылған бағдарлама
бойынша білім беріп, өскелең жас ұрпақты жан - жақты, өз ойын емін
- еркін айта алатындай, білімді балалар тәрбиелеу әрбір тәрбиешінің
алдына қойған мақсаты деп білемін. Мектепке дейінгі ұйым
педагогтарының біліктілігін арттыру курсында өз білімімді
жетілдіріп, көптеген қызықты мағлұматтар алып, жаңартылған білім
беру мазмұнының ерекшеліктерімен таныстым.
Мектепке дейінгі тәрбие мен
білім беру мазмұнын жаңартудың мақсаты баланың жас ерекшелігіне сай
әлеуетті мүмкіндіктерін дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты,
кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік дағдыларын
тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып
табылады.
Бағдарламаның түйінді идеялары
«4К моделі», «Бала үні», «Ойын», «Бақылау» мен үшін маңызды ақпарат
болды. 2018 жылғы 5 қазандағы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың
Жолдауында білім беруде
4К моделіне: креативтілікті,
сыни ойлауды дамытуға, коммуникативтілік пен командада жұмыс
істеуге басымдық беріле бастағанына назар
аударды.
Бала үнін ескеру де өте
маңызды, себебі балалар қоғам азаматтары ретінде өз ойын еркін айту
құқығын бала кезден пайдалана білуге дағдыланады, ал ойын түрлерін
қолдану балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.
Мен балаларға бағыт бағдар беріп, өздерінің ойнау арқылы алға
қойылған мақсатқа жетуіне мүмкіндік
бердім.
Оқу қызметтерінің мақсатын
«SMART» мақсат етіп,бала әрекетіне бағыттап және балалардың
қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып оқыту тиімді
болды. Себебі SMART мақсат – нақты, қолжетімді, балаға бағытталған,
шындыққа негізделген, уақытпен шектелгендіктен балалардың
білімдерін шыңдауға бағытталған. Оқу қызметін қорытындылағанда ашық
сұрақтар қойып, мадақтап, мерседес әдісі мен бағдаршам әдістерін
қолданып отырдым. Себебі балаларға оқу қызметін қалай түсінгендерін
жұлдызшалар мен смайликтерді жабыстыру арқылы жеткізу қызықты
болды.
Балалардың сыни ойлауын,
командамен жұмыста коммуникативтілігі мен креативтілігін дамыту
үшін жаңартылған бағдарламадағы құрылымдалған ойын, педагог
жетекшілігімен ойын, еркін ойындар таптырмас құрал, сондықтан да
осы ойындарды өз іс тәжірибемде
қолданамын.
Қорытындылай келе мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту барысында жаңартылған бағдарламаны енгізу
тиімді екендігіне көзімді жеткіздім. Себебі бағдарламаның түйінді
идеялары балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеруге,
ойындар олардың білік -дағдыларын дамытуға, танымдық
қызығушылықтарын арттыруға, бақылау балалардың білім деңгейін нақты
біліп түсінуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі ұйым
педагогтарының біліктілігін арттыру курсында білім жүйесіндегі
жаңалықтарды біліп, туындаған сұрақтарыма жауап
алдым.