жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала:«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
Дюсенгалиева М.Б.
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің оқытушысы.
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
Аннотация: Направление нашего лидера «Ориентация на будущее: духовное возрождение» - это фундаментальный исторический документ, который вносит вклад в развитие страны в соответствии с современными требованиями.
Глава государства предлагает конкурентоспособность как главную ценность нашего духовного возрождения.
Аңдатпа: Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағыты мен бағдары да еліміздің заман талаптарына сай өркендеуіне ықпал етер іргелі, тарихи құжат екені сөзсіз.
Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынады.
Annotation: The direction and direction of our leader "Orientation to the future: spiritual revival" is a fundamental, historic document that contributes to the development of the country in line with modern requirements. The Head of the State offers competitiveness as the main value of our spiritual revival.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастамасы. Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласы ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығын алға тартады. Мақала кіріспе және екі үлкен тақырып ауқымында бөлініп, нақты тақырыптар аясында әңгімеленеді. Бірінші үлкен тақырыптың аты – «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» деп аталады. 1. «Бәсекелік қабілетте» қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлауға ұмтылдырған «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессиялық келісім» сияқты бағдарламалар аталады. 2. «Прагматизм» тақырыпшасында «қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» дей отырып, төл тарихымызға үңіле келе, прагматизмнің шынайы жарқын үлгілерін табуға болатынын меңзейді. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы шарт. Ал «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты 3-ші тақырыпшада ұлттық сананың кемелденуіне мән беріледі. Оның екі қырын көрсетеді. Оның біріншісі – «ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, екіншісі – ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту».
Төртінші тақырыпша «Білімнің салтанат құруы» деп аталады. Табысты болудың басты факто- ры – білім екенін әркім терең түсінуі тиіс. Сондықтан да бұл бөлікте Ел- басы білімді бәрінен биік қоятын ұлт ғана табысқа жететінін ескертеді.
Бесінші тақырыпшаның атауы – «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы». Елбасы бұл тұста Еуропа құрлығының астаң-кестеңін шығарған 1917 жылғы қазандағы оқиғаға биыл 100 жыл толатынын еске алады.
Алтыншы тақырыпша «Сананың ашықтығы» деп аталады. Мұнда әлемнің даму қарқынына ілесу жолдары сөз болады.
Ал екінші тақырып - ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР деп аталады. Мұнда елбасы алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынады.
Жедел дамып келе жатқан бұл дүниеде Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз керек. Мұнда сананы жаңғырту, оның ішінде сананы мағынасыз, мақсатсыз жаңғырту емес, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастыра отырып, Қазақстанның игілігіне жарату қажет.
Осы кезеңдерге дейін еліміздегі жүзеге асырылған ірі-ірі жобалар мен стратегиялық бағдарламалардың бәрі саяси-әлеуметтік, экономикалық ендіктерге құрылған болатын және олардың барлығы да рет-ретімен және өте сәтті жүзеге асырылып келді. Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағыты мен бағдары да еліміздің заман талаптарына сай өркендеуіне ықпал етер іргелі, тарихи құжат екені сөзсіз.
Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынады. «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады» - деп Елбасымыз атап көрсеткендей, бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада болуы қажет.
Алғашқы күннен бастап-ақ біздің Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласын колледж оқытушылары мен «КАЗИИТУ» ғылыми-білім кешенінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер арасында талқылау, түсіндіру және насихаттау бағытында көптеген ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, колледж студенттері баяндамаларымен шығып, өз ойларын ортаға салды.
Бүгін де біз секілді оқытушылар қауымының алдындағы басты міндет - ұлттық тәрбиені өскелең ұрпақтың бойына сіңіре отырып, әлемнің дамыған елдерінің озық тәжірибелері мен жетістіктерін жинақтай отырып, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу деп ойлаймын. Ендеше әлемдік бәсекелестік заманында Елбасымыздың тың идеялары жаңа нәтижелі белестерді бағындыруға бастайтын бірден бір жол. Ал осы жолда білім кешендері, оқу орындары қоғамдағы қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қозғаушы күші болуы тиіс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.
Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген