Мақала"Үздік білім беру жүйесі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала"Үздік білім беру жүйесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы


Үздіксіз білім беруде оқу-тәрбие үдерісін технологияландыру.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының

cтратегияларын пайдалану жолдары.


Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпағы. Білім бастауы - бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады.

Қазіргі кезде дидактика ғылымы дамыта оқытуға айырықша көңіл бөліп отыр. Дамыта оқытудың негізгі қағидасы-проблемалық және бағдарламалық әдіспен оқыту. Бұл әдістер оқушының қабілетін, белсенділігін, танымдық қасиетін арттырады, ізденімпаздығын күшейтеді.

Бүгінгі таңда сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдісі ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқыту технологияларын қолдануға көңіл бөле бастады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту».

«Сыни ойлау» бұл сынау емес, шыңдалған ойлау. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жинақталған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез-келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

«Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология мектептерімізге еніп, көптеген мұғалімдер өз іс-тәжірибесінде қолданып жүр.

Бұл бағдарламаны жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп ойлаймын. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден, яғни үш кезеңнен: қызығушылығын ояту, мағынаны таныту, «ой-толғаныстан» тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Бұл технологияның стратегияларын бастауыш сынып үшін неге таңдадым?

1. Жаңа материалдағы оқиға мен құбылыстарды оқушы өзі байқап, талдайды;

2. Білім даяр күйінде берілмейді, оқушы ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқылы қол жеткізеді;

3. Өткен тақырып жаңа тақырыпқа, жаңа білімге негіз болады;

4. Оқушылардың түгел жұмыстануы. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз «зонасында» өсуіне жағдай жасау;

5. Оқушының «Субъектік белгілері» азайып, өзін «Объект» сезінетін орта қалыптасады.

Осы орайда 3-сыныпта ана тілі пәнінен «Баланың айласы» деген тақырыпта өткізген сабағымды ұсынамын . СТО технологиясының

І. «Қызығушылығын ояту» кезеңіне тоқталатын болсам: бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мұнда ойды қозғау, ояту жүзеге асады, үйренушінің белсенділігін, ынта-жігерін арттыру жолға қойылады. Мысалы: осы сабақта оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында мынандай ребус шештірдім.

, ,, , ,, ,,,,, , ,,, ,,

10 ы



Ребустың жауабын «Алтынсары» - деп дұрыс тапқан оқушыларым ары қарай қойылған сұрақтарға жауап іздей отырып, Ы. Алтынсарин туралы білетіндерін естеріне түсіреді, тапсырады, жинақтайды.


1850 ж Орынбор қаласы қазақ-орыс мектебі



Жаңашыл оқытушы


Ұлы ағартушы


Аудармашы




DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1



Қоғам қайраткері

1879 ж Орынбор «Қазақ хрестома-тиясы»

DrawObject5


DrawObject7 DrawObject6

DrawObject11 DrawObject8 DrawObject10 DrawObject9


1841 ж.

Қостанай обл. Қостанай

1857 ж Тілмәштың, хатшы қызметі

1864 ж. Торғай қаласы мектеп ашты


Шығрамалары: «Жаман жолдас», «Өнер, білім бар жұрттар», «Салақтық» т.б






ІІ. «Мағынаны ашу» кезеңі бұл түсіне білу үрдісі. Мұнда үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушы өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін танытады.

Мысалы:

1. Айла дегеніміз не? деген сұрақ бойынша ізденіске түскен оқушылар өзіндік ой- пікірлерін айта білуге дағдыланады.

2. Мәтін «Болжау әдісі» бойынша таныстырылады. Бұл әдіс бойынша мәтінді оқи отырып, арасын да тоқтап, оқушыларға «Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар?», «Оған қандай дәлел бар?», «Не болды?», деген проблемалық сұрақтар қойдым. Оқушыларым: Мәтінде ары қарай не болатынын болжап айтты (осылай бірнеше рет жалғастырдым). Неліктен солай ойлайтындықтарын дәлелдеді.

3. Мәтінмен жұмыс жүргізуде топпен жұмысты қолдандым:

1-топ: Мәтінді рөлге бөліп оқиды.

2-топ: Мәтін бойынша жоспар құрады.

3-топ: Көрініс (белгілі бір жерінен) көрсетеді.

Топпен жұмыс жүргізудің пайдасы: оқушылар түгел жұмыстанады, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

ІІІ. Ой-толғаныс кезеңін оқушылар өте ұнатады. Себебі, мұнда оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Бұл сабақта оқушылардың тақырыпты қалай түсінгенін байқау мақсатында семантикалық картамен жұмыс жүргіздім.

1- топ:

а) кейіпкерлерді топқа бөледі.

ә)топтарды салыстырады .

2-топ:

а) соңында не болғанын айтады.

ә) «Бес жолды өлең» әдіс бойынша жұмыстанады.

3-топ:

а) мәтіннің идеясын ашады.

ә) өзіндік ойларын білдіреді.


Кейіпкерлер (топқа бөлу)

Ғалым мен бала

Түйе, ат, жеміс ағашы

Жылан

Неге осындай топтарға бөлдік? (салыстыру)




Дұрыс төрелік иесі:




Кейіпкер несімен ұнады?




Соңында не болды?




Мәтіннің, идеясын аш, дәлелде





Оқушылар өздерінің түсінгендерін «Бес жолды өлең» әдіс бойынша мынандай ұйқастармен баяндады.

  1. Жақсылық ойла қашанда,

Жамандыққа жолама.

2. Кекшіл болма,

Мейірімді бол.

3. Үлкенді сыйла,

Тәрбиелі, текті бол.


4. Жыландай болма қатыгез,

Жамандық шығар алдыңнан.

Керек кезде қолданған,

Құтқарар айла-тәсілің.


Сабақта «Салыстыру» әдісін ұтымды пайдалана білсек: Оқушылар берілген тапсырма бойынша ұқсастық пен айырмашылықты , ортақ белгілерді тауып әр нәрсенің ара жігін сипаттап, салыстыра білуді үйренеді.

Мысалы: 3-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Болымды және болымсыз етістіктерді табу» деген тақырыпты өткенде оқушыларым «Бол, болма» деген етістіктерді топта талдап, талқылап, жинақтаған ақпараттарын Венн диаграмасында мына тұрғыда сызып көрсетті.

Бол Болма

DrawObject13 DrawObject14 DrawObject12









Оқушылардың білімін жүйелеуде «кубизм» әдісін пайдалану тиімді.

Мысалы: 4-сыныпта дүниетану пәнінен «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген тақырыпты өткенде оқушыларды ойландыратын сұрақтарды карточкаларға жазып, кубиктің әр қырына бекіттім. Оқушылар кубикті лақтыру арқылы сұрақтарды таңдап алып, жауап берді. Бұл әдістің тиімділігі: сабақты бекітуде, алған білімді тексеруде қолдануға ыңғайлы.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта осы СТО технологиясының стратегияларын пайдаланудың нәтижесінде түрлі ізденуге арналған шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында, өзінің ерекше қабілетімен ерекшеленген оқушылар байқалды.

Осындай оқушыларымның шығармашылық жолын жалғастыруға, ғылыми ізденушілік, өзіндік дамуына қамқорлық жасау мақсатында баспа беттеріне құрастырған өлеңдерін, санамақтарын жіберуге, Абай оқуына қатысуға, ғылыми жоба жасауға жетекшілік еттім. Бұл жұмыстарымыздың нәтижесі:

Өзім сабақ беріп жүрген бастауыш сыныпта осылайша түрлендіріп өткізген сабақтарымдағы СТО технологиясының тиімділігі:


ОDrawObject15 DrawObject16 қушының ақыл –ойын дамытады

DrawObject17 ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді

DrawObject19 DrawObject18 тіл байлығың жетілдіреді

DrawObject20 еркін ойлауына мүмкіндік береді

DrawObject21 шығармашылық белсенділігін арттырады

DrawObject22 жан-жақты ізденуге жетелейді

DrawObject23 өз ойын еркін жеткізе білуге үйретеді

DrawObject24 оқу мен жазу сауаттылығын жетілдіреді

DrawObject25 пәнге деген бейімділігін, қызығушылығың арттырады

логикалық ойлау мен ауызекі сөйлеуін дамытады


Қазіргі уақытта білімді, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті, іскер, әрі мейірімді мұғалім ғана оқушысының бойына жақсы қасиеттерді сіңіре, жан-жақты дамыта отырып, сапалы білім бере алады. Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік таныту- әрбір мұғалімнің міндеті.



Пайдаланылған әдебиеттер


1. Мусагулова Ж.И.Бастауышта білім берудің инновациялық мазмұнының көкейкесті мәселелері (Білім әлемінде – 2009-№2 - Б.14-15)


2. Н. Сафина «Оқушы белсенділігін арттыру» (Бастауыш мектеп №8-2003, Б.29-31)


3. Ұ.Жазықбаева Оқу мен жаузы арқылы СТО технологиясын меңгерту жолдары (Бастауыш мектеп №10-2003 – Б.24-25)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.12.2018
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі