:
:
Тақырыбы : «Мақта қыз бен
мысық».
(сюжетті рольге бөліп
ойнау,ересек тобы)
Мақсаты: балаларды қазақ
халқының ауыз әдебиетімен таныстырып,көркем шығарманы ынта қойып
тыңдауға үйрету,ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерін
дамыту,ертегінің қалай басталып, калай аяқталатыны жайлы ұғымын
бекіту, дауыс ырғағына салу, өзіне бекітілген рөльді атқару.Жұмбақ,
жаңылтпаш,мақалдар арқылы тілдерін дамыту.
Балаларды еңбекке, татулыққа
тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер:Сұраққа
жауап беру,»Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін
сомдау.
Қажетті нәрселер:Ортада
үстел үстінде ыдыстар,қатық,сыпырғыш, ертегілер кейіпкерлерінің
кастюмдері,шелек,дүкен,мейіз,тары,қайшы.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал
балалар,бүгінгі күн ,себебі біздің тобымызға көптеген қонақтар
қонаққа келді.Қане,сол қонақтармен
сәлемдесейікші:
Қуан,шаттан,
алақай,
Қуанатын күн
келді
Күліп шықты күн
бугін
Қайырлы таң, қайырлы
күн.
-Балалар, енді бүгінгі
ертегіміз ерекше болғалы тұр,кәне маған қарандар.
Ертегі дегеніміз не
екенін білесіңдерме?
(жауап)
Қандай ертегілерді
білесіңдер?
(жауап)
Өте жақсы, бүгін
ертегіні оқып,түсініп,біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің
рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз.
Бұл ертегі Ыбрай
Алтынсариннің»Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Залда»Ерте,ерте,ертеде»
өлеңі орындалады.
Ішке ертекші әжей
келеді.
Балалармен амандасып
алып,
Әжей ертегіні айта
бастайды.
Ерте, ерте,
ертеде,
Ешкі құйрығы
келтеде,
Бір күні мақта қыз үй
сыпырып жүріп мейіз тауып алады, сосың мысығын
шақырады,
Мақта қыз (мысығын
шақырады)
-Мияуым
менің,қайдасың?
-Тарғылым менің келе
гой,мен саган мейіз беремін (мысық келмейді)
-Келмесең, келмей-ақ қой, өз обалың
өзіңе,-деп (мейізді қыз жеп қояды).
Осы кезде үй артынан
«мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән
салады,
Мысық
шығады
Мақта қыз-
Мидина
Мысығым-ау,мысығым,
Тарғылы жақсы
түсінің.
Таңертең де, кеште
де,
Бетін жуған
пысығым.
Піш-піш десем,келе
ғой.
Айтқаныма көне
ғой.
Шақырғанда піш-піш
деп
«Мяу!-деп дыбыс бере
гой.
Әжей:Сол кезде мысық
шығып
Мақта қызға өлең айтып
береді
Мысық-Аян
Менің атым
мысық.
Екі көзім
қысық.
Тышқан аулап
отырамын
Сүт-көжемді ішіп-
дейді
Мысық:Мақта қыз , сен
мені неге шақырдың?
Мақта қыз:
Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің
сүтіңді төгемін.
Мақта қыз:Ой,ой.Сен не
істедің?
Сол үшін мен сенің
құйрығыңды кесіп аламын.(Құйрығын кесіп алады)
Мысық:Берші,
құйрығымды!
Қатығымды қайтарып
бер!
Әжей:Сөйтіп, мысық
сиырға келеді.
Сиыр-Санжар
Менің атым
сиыр,
өрісім алыс
қиыр.
Етім үшін,сүтім
үшін,
адамдар маған
үйір-дейді.
Мысық:Мяу, сиыр, сиыр,
сен маған сүт берші.
Сиыр:Сен маған жапырақ
әкел,менің карным ашып тұр
Әжей: Сөйтіп, мысық
агашқа барады
Ағаш-Әміре
Мен жасыл
ағашпын,
күтсеңдер гүл
ашам,
жолыңа нұр
шашам.
Жапырағым
азық,
Бұтағым
қазық.
Саяма
сағаларсың,
Салқындап дем
аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған
жапырақ берші
Ағаш:Маған су әкеліп бер
мен шөлдедім,мен саған жапырақ беремын.
Әжей: Сөйтып, мысық су
іздеп келе жатса, алдынан су тасып журген қыздар
шығады.
Қыздар: –
Айкүнім,Айша
Су-тіршілік
негізі,
Онсыз өмір
сүрмейсің.
Тазалықтың
негізі,
Су деп және
білгейсің-деп әндетіп жүреді:
Мысық:Мяу,қыздар маған
су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге
дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Әжей: Сөйтіп, мысық
дүкеншіге келеді
Мысық:
Мяу,дүкенші,дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші:-Балжан Маған
жұмыртқа әкеліп бер,мен саған сағыз берем.
Әжей: Мысық әбден
шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық :
Алмас
Мен ақ
тауықпын
Өзім
қақсауықпын
Күніне бір жұмыртқа
табам
Осыған жетеді
шамам-деп
әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық тауық
маған жұмыртқа берші
Тауық: Сен менің
балапандарыма дән әкеліп бер,біз ашпыз.
Әжей: Мысық ойға батып,
басын ұстап не істерін білмей отрып қалады.
Осы кезде бір тышқан
жүгіріп шығып,інді қаза бастайды
Тышқан:
Алия
Мен
тышқанмын,
өзім дән
екпеймін.
Егістен ұзап
кетпеймін,
Айналам толған
ән,
Қоймам толы
дән,
Дәнді тастап
кетпеймін-деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап
алады.
-Айт,үйіңде не бар?
Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе,қазыр жеп
қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән
айтып бер.
Мысық :»Мақта қызбен
қосылып»Қошақаным» әнін айтып береді.
Әжей: Тышқан мысыққа
рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді
Тауыққа береді, тауық
жұмыртқа береді,жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз
береді, сағызды қыздарға береді,куанған қыздар мысыққа су береді,
суды мысық ағашка құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ
береді.
Жапырақты мысық сиырға
береді сиыр оған сүт береді,сүтті мысық Мақта қызға
береді.
Мысық: Мақта қызі сүтің
міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаңды тыңдаймын,-деп сүті қызға
береді.
Әжей: Сөйтіп Мақта қыз
сүтің,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір суред
екен.
Балалар менің ертегімді
тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп
рахмет.
Балалардын өнерлерін
тамашалаған қонақтарға да рахмет!
Келесі ертегіні
тыңдағанға дейін қош сау болындар.