Мақтақыз бен мысық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақтақыз бен мысық

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта алған білімдерін пайдаланып толық жауап беруге үйрету; мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ТАҚЫРЫБЫ: «Мақтақыз бен мысық» (Қуыршақ театры)

Ортақ тақырып: Жолдар бізді қайда бастайды?

Мектеп / МҰ:



Күні:

Педагогтің аты-жөні: Тлепова А.З



Сынып / топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың оқытылу мақсаты

0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды рет теу.

0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сы бырлап және қатты айту.

0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және айту.

0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түс у.

0.3.1.5 Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты басқарудың кейбір әдістерін білу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.



Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді; дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап ж әне қатты айта алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

интонацияны ажыратады және дауыс мәнерін келтіре алад ы; басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсе алады .

Кейбір тәрбиеленушілер: түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты басқарудың кейбір әдістерін біледі;

ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін келтіреді.



Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілердің дағдыларының дамуы:

сабақта алған білімдерін пайдаланып толық жауап беруге үйрету; мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын дамыту.

Көптілділік:

саяхат – путешествие – travel Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: атрибуттар, мейіз, пойыз, аялдама.

Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:

Саяхатқа қандай көлікпен барамыз?

Қай театрда мәтінді әуенмен айтады?

Қуыршақ театрын ойнау үшін не қажет?



Өткен сабақтардан алған білім

Қуыршақ театры туралы білімі.

Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолдануды біледі, интонацияларды ажыратады.



Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы



І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут

(Ұ) Жағымды эмоциялық орта тудыру.

Педагог тәрбиеленушілерге шаттық шеңберіне тұрып, бәрінің бірге айтуын ұсынады. Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық.



II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3-5 минут

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан алайық,

Жылуын жүрек сыйлайық, Жиналған жылы шуақты Бір-бірімізге шашайық.

  • Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

  • Ендеше біз Қуанышпен бірге Ертегілер еліне саяхатқа барамыз.

  • Саяхатқа бару үшін біз жолға шығуымыз керек. – Алыс сапарға бара жатқан адамдарға қандай тілек айтуға болады?

(Ұ) ойын: «Ырғаққа сал».

Педагог тәрбиеленушілерге «Жолың болсын!», «Ақ жол!» деген сөзді әртүрлі дауыс ырғағына салып айтуды ұсынады.

  • Сапарға немен баруға болады?

  • Ендеше бүгінгі сапарымызға пойызбен барамыз. «Пойыз» ойыны

Бір тәрбиеленуші паровоз, қалған тәрбиеленушілер вагондары болады. Шеңбер бойымен жүріп, әуенді айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Пойыз:

Қиындықтан қашпайық, «Пойыз» ойынын бастайық:

Бип-бип, бип-бип!

Мен паровоз от алам,

Ертегі еліне бет алам: Бип-бип, бип-пыш...

Бірте-бірте тездейміз,

Тез жетуді көздейміз: У-у-у.




Сабақтың ортасы III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-27 минут

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі? Оларға сипаттама бер. Осы кейіпкерлердің бейнесін ойнап көрсет.

Бірінші тапсырмадан кейін тағы да пойыз болып тұрып, өлеңдерін айтып, екінші аялдамаға келеді.

(Ө) 2-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлердің диалогін әуенге салып айт.

Қандай театрда сөз әуенмен айтылады?

  1. Мысық көңілді дауыспен айтады.

  2. Мақтақыз ашулы дауыспен айтады.

  3. Сиыр жалынышты дауыспен айтады.

  4. Су тасушы қыз көтеріңкі дауыспен айтады.

Педагог соңғы аялдамаға бару үшін тағы да пойыз болып тұрғызып, өлеңдерін айтқызады.

(Ө) 3-тапсырма. Суретте не жетіспейді? Аяқтап сал. ойын-жаттығу: Ертегі кейіпкерлерінің дыбысын сал. Мысық – мияу-мияу, тауық – қо-қо-қо, сиыр – мө-ө, тышқан – шиқ-шиқ.

(Т, Ө) Қуыршақ театры арқылы ойнату (Қосымшаны қараңыз).

Педагог тәрбиеленушілерге «Мақтақыз бен мысық» ертегісін қуыршақ театры арқылы ойнауды ұсынады.

Тәрбиеленушілерді санамақ арқылы рөлдерге бөледі. Санамақтан ойынға шыққан тәрбиеленушілер өздеріне ұнаған образдың қуыршағын алады.

Әліппе-дәптер






Санамақ

Алма кетті домалап, Өзен бойын жағалап. Кім алманы табады, Сол ойынға барады.

Қалған тәрбиеленушілер көрермен болып отырады.

Көрермендерге театрдағы әдеп ережелерін еске түсірту. Сабақ соңында Қуаныш ертегі қандай іс-әрекетпен аяқталғанын сұрап, эмоциясымен бөлісуін сұрайды.




IV. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

(Ө, Қ) Қуаныш тәрбиеленушілерге сабақта өзінің жұмысына баға беруін сұрайды.

  1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

  2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.

Әліппе-дәптер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі