Материалдар / «Марс планетасына саяхат» Жазғы сауықтыру алаңына арналған авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Марс планетасына саяхат» Жазғы сауықтыру алаңына арналған авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл авторлық бағдарлама мектеп жанындағы сауықтыру лагерін ұйымдастыруда тәрбиешілерге оқушылардың жаз мезгілінде бос уақытын тиімді, белсенді түрде демалуына ықпал жасап, лагерь жұмысын жүргізуде таптырмайтын әдістемелік бағдарлама деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
841
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көгедай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











«Марс планетасына саяхат»

Жазғы сауықтыру алаңына арналған авторлық бағдарлама







Орындаған: тәлімгер Табысбаева Г.Е.



























Мазмұны:

  1. Түсінік хат.

  2. Балалардың жазғы сауықтыру алаңының демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары.

  3. Мақсаты мен міндеттері.

  4. Жобаны жүзеге асыру мазмұны мен формалары.

  5. Жобаны жүзеге асыру шарттары.

  6. Жобаның тиімділік критерийі.

  7. Жобадан күтілетін нәтижелер.

  8. Жобаны жүзеге асыру тәжірибесі.

  9. Болжалды жұмыс жоспар.

  10. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.







П і к і р


Бұл авторлық бағдарлама мектеп жанындағы сауықтыру лагерін ұйымдастыруда тәрбиешілерге оқушылардың жаз мезгілінде бос уақытын тиімді, белсенді түрде демалуына ықпал жасап, лагерь жұмысын жүргізуде таптырмайтын әдістемелік бағдарлама деп есептеймін.

Аталмыш әдістемелік бағдарлама балалардың жазғы демалысын, бос уақытын ұйымдастыру түрлері бойынша әлеуметтік маңызы бар торлық бадарлама. Жазғы демалысты ұйымдастыруға арналған іс-шара балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес толықтай қамтылған. Мектеп жанындағы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын жаңа әдістемелік тұрғыдан құра білген деп есептеймін. Балалардың денсаулығын нығайтып, қоршаған ортаны танып, табиғатын аялай сүюге, еңбекке, достыққа шақыратын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, кез-келген ортада өзін-өзі көрсете білуге бағыттайтын бағдарлама деп жоғары бағаладым.




Пікір жазғандар:


Бастауыш пәнінің мұғалімі: Малғаждарова Назым Бақытбекқызы



Түсінік хат

Мектеп білім беретін, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы болуымен қатар, танымдылыққа, шығармашылыққа да баулитын білім, еңбек ордасы. Жаз айлары мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жазғы демалыс кезеңі балалардың жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыдан дамитын, жетілетін кезеңі.

Жазғы демалыс мезгілі балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршіліктен босап өз қызығушылықтарымен а йналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз – тәрбиешілерге, үйретушілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға, олардың қызығушылықпен жұмысқа араласуына ықпал етудің мәні зор. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы оларға дұрыс бағыт беру. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым-қатынасты жетілдіретін іс- әрекеттерке жұмсалуы жөн. Оқушы жан – жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектемей, бүгінгі таңда жаңа білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру арқылы жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жазғы демалыс уақытында жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік шаралармен ұштастыру.

Оқушылардың тыныға жүріп, ойын барысында шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт-сауықтыру лагерінде, шипажайларда, мектеп қарамағындағы жазғы сауықтыру лагерінде өтеді.


Авторлық бағдарлама балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалды.


Бағдарламаның жүзеге асыру формасы: мектеп қарамағындағы балаларды сауықтыру лагері.



Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 01.06.2017 – 10.06.2017жж

Бағдарламаны жүзеге асыратын орын: «Көгедай орта мектебі» КММ

Бағдарламаны жасауға негіз болған:

  • ҚР «Білім беру туралы» Заңы;

  • ҚР Премьер-министрінің «2011-2015 жылдары жазғы каникул кезінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және демалуын ұйымдастыру туралы» жарлығы;





Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер:

  • Балаларды сауықтыру, олардың денсаулығын қадағалау;

  • Тәрбиеленушілерді еңбекке баулу;

  • Жазғы сауықтыру алаңындағы балалардың әлеуметтік- психологиялық ахуалын жақсарту;

  • Балаларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа бейімдеу;

  • Түрлі саяхаттар, зерттеу – бақылау жұмыстары арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру;

  • Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балаларды шынықтыру;

Бағдарламаның тиімділігі: бақылау, еңбекке араласу, жарыстар, сайыстар, бақылау-зерттеу жұмыстары нәтижесінде бағаланады.

Кадрлармен қамтамасыз ету: бастауыш пәнінің мұғалімдері, тәлімгер, психолог, мектеп дәрігері.



Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты: – балалардың жазғы демалысын өткізу үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып, физикалық тұрғыда дамыту, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, еңбекке сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүріне баулу. Баланың азаматтық тұлғасын дамыту, дене, психикалық және эмоционалдық денсаулығын бекіту, Қазақстан Республикасы азаматының ең жақсы қасиеттеріне тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Лагерь алаңына балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

  • Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

  • Балаларды спорт, зерттеу, іздестіру, салыстыру, мәдени-бұқаралық шараларға тарту арқылы зияткер дарынды балаларға ықпал ету, оларға жағдай жасау;

  • Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурстар ұйымдастыру;

  • Түрлі ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру;

  • Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балаларды шынықтыру;

  • Аз қаржыланған отбасы балаларына жалпыға міндетті оқу орнынан материалдық көмек көрсету;

  • Қорытындылау күні балаларды табиғат аясына серуенге шығару;

Бағдарламаның мазмұны мен жүзеге асыру формалары.

Ауысым мақсаты мен міндеттері «Марс планетасына саяхат» жобасы негізінде жүзеге асырылады. Әрбір «Экипаж» өз жұмысын жалпы лагерлік жоспарға сәйкес жоспарлайды. Орталық болып «Балдәурен» ғарыш кемесі саналады.



Ауысым барысындағы бағдарламаның жүзеге асырылуы:

  • Ұйымдастырушылық;

  • Шығармашылық;

  • Танымдық;

  • Спорттық – сауықтыру;

  • Білімділік-зияткерлік;

  • Экологиялық;

Лагерьдің әр күні «Марс планетасы күнімен» ашылады:

  • Марс планетасындағы кездесу;

  • Марс планетасындағы білімділер мен зияткерлер;

  • Марс планетасындағы зерттеушілер,

  • Марс планетасындағы әзілкештер;

  • Марс планетасындағы шебер қолдар мүйісі;

  • Марс планетасындағы жас экологтар;

  • Марс планетасындағы спортшылар;

  • Марс планетасындағы дәрумендер;

  • Марс планетасындағы естеліктер;

  • Марс планетасымен қоштасу;





Сауықтыру алаңының жұмыс формасы:

  • Әңгімелер;

  • Ойындар;

  • Байқау-конкурстар;

  • Еңбек жарысы;

  • Викториналар;

  • Зерттеу-бақылаулар;

  • Концерт – сахналау;

Басқару құрылымы:

- «Балдәурен» кораблінің экипаж капитаны – Лагерь бастығы.

- Бортжолсеріктері – тәрбиешілер.

- Инженер-техник – тәлімгер.

- Диспетчерлер – үйірме және спорт мүшелерінің жетекшілері.

- Ғарышкерлер – балалар.



«Балдәурен» корабль капитанының, бортжолсеріктерінің және инженер-техниктің, диспетчерлердің міндеттері – сауықтыру лагерінің жоспарлы жұмысын ұйымдастыру. Әр күннің іс-шарасы, жұмыстары талқыланып, келесі күнге жоспар құрылады. Әрбір экипаж мүшесі өз жұмыс жүйесін жасайды, командасының атын, ұранын, ұстанымын бекітеді. Күнделікті жұмыс нәтижелері вахталық журналға жазылып отырады. Лагерь ауысымының соңғы күнінде вахталық журнал ақпараттары жарияланады. Ғарышкерлердің әр күнгі өткізілген шаралар нәтижесі байқауға түсіп, Марс ақпарат қабырғасына әр күнгі жұмыс түрлері мен шаралар ақпараты ілінеді. Марс ақпарат қабырғасы жұлдызды аспан түрінде алынады. Аспан әлеміндегі планеталарға саяхат ете жүріп, ғарышкерлер күн сайын бұрын естіп білмеген жаңа планеталарды ашады. Планеталарды бірінші болып ашқан ғарышкерлер (лагерь кезіндегі шараларды жеңіп шыққандар), аспан әлеміндегі планеталарға өз жалаушасын орнатады және күн тақырыбына сәйкес сол планетасын әсемдейді. Осылайша қай команда қандай жетістікке жеткені көрнекі түрде көрініп тұрады. Әр жұмыс алаңында оқушыларға алдын-ала таныстырылған Марс планетасының Заңдары қадағаланып отырылады. «Марс планетасына» саяхатқа баратын «Балдәурен» ғарыш корабілінің әрбір иегері, капитан, инженер-техник, бортжолсеріктері, диспетчерлер, ғарышкерлері, сауықтыру алаңының қонақтары білуі және сақтауы шарт.



«Марс планетасының» Заңдар жинағы:

  • Уақыт Заңы.

  • Мейірімділік пен кішіпейілділік, қамқорлық Заңы.

  • Достық Заңы.

  • Әдептілік пен ұқыптылық Заңы.

  • Шыншылдық пен жауапкершілік Заңы.

  • Татулық пен қауіпсіздік Заңы.

  • Көмекке даярлық туралы Заң.



Қағидалар:

  • Экипаж – ұйымшыл топқа саялы мекен.

  • Бірлік берекеге жеткізеді.

  • Тәртіп бірінші орында тұру керек.

  • Шығармашылық ұйымшылдық көзқарас.

  • Мақсатқа жетпей тынбау.

  • Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы.

  • Мықтылықпен, біліммен алынбайтын қамал жоқ.

Аталған заңдар мен қағидаларды орындау лагерь өмірінің қызықты, өздеріне де, өзгелерге де қуаныш сыйлайтындай болуын қамтамасыз етеді. Экипаж ғарышкерлері табысты да өнімді жұмыс істеуге ұмтылыс жасайды. Әрбір ғарышкер экипаж өміріне және тұтас корабль өміріне белсене қатысқаны үшін күн сайын «Жұлдыз» алып, марапатталады. Қорытынды бойынша жеңімпаздар топтар жарияланып, топты аспан аясына саяхатқа шығару ұйымдастырылады.



Бағдарламаның жүзеге асыру шарттары:

  • Мақсат пен міндеттерді толығымен орындай білу.

  • Айқын іс-әрекет жоспарлау.

  • Топ құрамын жоспармен таныстыру.

  • Әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

  • Материалды – техникалық қамтамасыз ету.

  • Жас ғарышкерлерді қосымша ақпарат құралдарымен қамтамасыз ету.

  • Педагогикалық шарттар.

Әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

  1. Лагерь жоспары, топтардың жұмыс жоспарының болуы.

  2. Жұмыс жоспарына сай әзірлемелерді іріктеу.

  3. Күн сайын шағын жоспарлы шаралар өткізу.

  4. Нәтижелерді бақылау, қорытынды шығару.



Педагогикалық шарттар.

  1. Балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескеру.

  2. Іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру.

  3. Өтілген жұмыс күні туралы ақпараттандыру.

  4. Балаларды түрлі шараларға ынталандыру.



Материалды – техникалық қамтамасыз ету.

  1. Түрлі шараларды өткізуге алаңқайлар мен орындар дайындау.

  2. Аудиоматериалдар мен бейне техника.

  3. Балалардың шығармашылығына қажетті материалдар даярлау.

  4. Ынталандыру үшін жүлделер мен марапаттаулар.



Бағдарламаның тиімділік критерийлері.

Жоба жұмыс істеу үшін әр үрдіске қатысушы тұлға өз орнын табатындай, міндеттер мен тапсырылған жұмыстарға жауапкершілікпен қарайтындай, ұсынылған шараларға қуана қатысатындай жағдай жасау керек. Осы шарттар негізінде мына критерийлер ұсынылады:

  • Шынайы мақсаттар қою, жоба нәтижелерін жоспарлау.

  • Жобаны жүзеге асыруға деген балалардың қызығушылығы.

  • Үлкендер мен балалардың жұмыс формасын құптауы.

  • Балалардың шығармашылық ынтымақтастығы.









Бағдарламадан күтілетін нәтижелер.

«Көгедай орта мектебі» КММ тәлімгері жобаны жүзеге асыруды мақсат етеді:

  • Балалардың денсаулығына күш түсірмеу, нығайтуға әсер ету.

  • Балалардың дене шынықтыру және спортқа деген қызығушылығын арттыру.

  • Достық қарым-қатынас, мәдениет, демалыстың әлеуметтік тәжірибесін кеңейту.

  • Қоғамдық пайдалы еңбек дағдысын қалыптастыру.

  • Қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарау.





































Қорытынды:



Лагерь алаңының жұмыс формасы оқушылардың ұлтжандылық сезімін, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына деген құрметті қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын дамытуға ықпал етеді.

Түрлі шараларға қатыстыру арқылы балалардың белсенділігі мен қуанышы артады. Өз күштері мен мүмкіндіктеріне, білімдеріне сенімділік күшейеді.

Тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру, медициналық тексеру, бақылау, дұрыс ұйымдастырылған спорттық шаралар балалардың лагерьдегі денсаулық мәселесіне де қарауға мүмкіндік береді.

Экскурсия, саяхаттар, көкке шығып серуен жасау және балаларға туған өлкеміз жайлы жаңа білімдер алуға әсер етеді. Отанына, қоршаған әлемге жауапкершілікпен қарау, сүйіспеншілкпен қамқор болу жүктеледі.

Лагерт алаңында өткізілген әрбір уақыт балалар үшін естерінде қалуы тиіс. Келесі оқу жылында лагерь алаңына үлкен ықыласпен, жауапкершілікпен қатысады деп күтіледі.























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Мектеп директоры - журналы 2004 жыл.

  2. «Тәрбие жұмысы» - №2, 2010 жыл.

  3. «Қазақстан мектебі» №3, 2011 жыл.

  4. Қала сыртындағы лагерь\ Құрас.С.И.Лобачева М,2006жыл.

  5. Жазғы демалыс және сауықтыру лагеріндегітәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. А – 2006жыл.

  6. «Қазақстан мектебі» № 3, 2001жыл.

  7. «Сыныптан тыс жұмыстар» 07-2006 жыл,41-48 бет

  8. Т.Сәрсенбаев «Ұлттық сана-сезім және ұлттық қадір-қасиет»

Алматы, 1990.








12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!