Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Массаж тәсілдері.Уқалау және вибрация
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОҚО, Түркістан қаласы
«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі
«Медициналық реабилитологиядағы массаж» пәнінің оқытушысы
Нағашбеков Ерлан Байғабылұлы
Тақырыбы: Массаж тәсілдері.Уқалау және вибрация
Сабақтың түрі:тәжірибелік
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
-
Дамыта оқыту техналогиясы
-
Бақылау және бағалау
-
Ақпараттық оқыту
-
Интерақтифті түсіндіру
-
Small group learning (SGL) - шағын топпен оқыту
-
Team-based learning (TBL) - топта жұмыс істеуге негізделген оқыту
Берілген технологияны іске асыру әдістері:
-
Иллюстратифті түсіндіру
-
Жалпы топпен жұмыс
-
Шағын топпен жұмыс
-
Oral asking (OA)- ауызша сұрау
-
Студенттердің өзіндік жұмысы
-
Direct observation on procedural(DOPS)- процедуралық дағдыны тікелей бақылау
-
Сабақтың әдісі:көрсетіп-түсіндіру,мәселелі,форнтальды сұрау және т.б
ІІ. Сабақтың мақсаттары:
Оқыту:
-
білімді қалыптастыру;
-
пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру;
-
оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;
-
мамандығына, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
-
адамгершілік тәрбиесін дамыту;
-
еңбек тәрбиесі – еңбекке баулу, еңбек адамдарына сый құрмет.
-
сұлулық тәрбиесі
Дамыту:
-
жеке тұлғаны дамыту;
-
жалпы қабілеттікті дамыту;
-
еріктілікті дамыту;
-
танымдық қызығушылықты дамыту;
-
сезімді дамыту;
-
клиникалық ойлау қабілеттерін дамыту;
-
тәжірибелік дағдыларын арттыру .
VІІ. Пән аралық байланыс:
-
Адамның қалыпты және топографиялық анатомиясы – ағзалардың орналасуы және тірек-қимыл аппаратының маңызы.
-
Неврология – аймақтың жүйкеленуі және оның бұзылуы.
-
Травматология және ортопедия – түрлі жарақаттар.
-
Хирургия – операциядан кейінгі жағдайлар.
-
Физиотерапия – гальванизация және электрофорез.
VІІІ. Пән ішілік байланыс:
-
Классикалық массаж тәсілдері – сипау және ысқылау.
-
Сегментарлы-рефлекторлы массаж әдістері.
-
Нүктелі массаж.
-
Дене аймақтарына массаж – арқа, іш, мойын және бас, қол және аяқтарға массаж.
-
Гидромассаж - су мен массаж жасау түрлері.
-
Өзіндік және гигиеналық массаж.
Студент білу керек:
- ұқалаудың организмге тигізетің әсерін;
- негізгі және қосымша әдістердің орындалу техникасын;
- вибрацияның организмге тигізетің әсерін;
- негізгі және қосымша әдістердің орындалу техникасын;
- әдістер жүргізілуінде жие кездесетің қателіктер.
Студент істей алу керек:
- науқастармен дұрыс қарым-қатынас жасау
- массажистке қойылған талаптарды орындау
- оқытушының нұсқауын дұрыс орындау
- массаж бөлмесінде тазалык сақтау
- әдістердің техникасын дұрыс орындау.
VІ. Сабақтың материалдық жабдықталуы:
А. Плакаттар:
1. Ұқалау әдісінің орындалуы.
2. Вибрацияәдісінің орындалуы.
3. Массаж әдістердің ерекшеліктері.
В. В. Фокин массаж мектебінің DVD курсы және массаж түрлерінен дискілер, компьютер.
С. Массажда қолданылатын дәрмектер – майлар.
Д. Екі массаж столы ( кушетка ), жастықшалар және бірнеше шүберек.
Е. Оқу материалдары:
- оқулық,
- оқу-әдістемелік құрал,
ХІ. Сабақ өту жоспары:
Сабақтың уақыты-180мин
Сабақтың жабдықталуы: ОӘК материалдары:оқу құралдар,видео материал,тақырып бойынша слайдтар,микроплакаттар, түрлі майлар және мазьдер.
Сабақуақытынбөлукартасы
№ |
Сабақбөлімініңаты |
Тәжірибеліксабақ 4- сағ |
1 |
Ұйымдастырукезеңі |
5-мин |
2 |
Тақырыптың мотивациялық сипаттама беру |
5-мин |
3 |
Үйтапсырмасынсұрау |
15-мин |
4 |
Тәжірибежұмыстарын, манипуляциялардыорындаутехникасынтүсіндіружәнекөрсету |
40-мин |
5 |
Оқушылардыңөзіндікжұмысынаәдістемелікнұсқау беру |
10-мин |
6 |
Оқушылардыңөзіндікжұмысы |
90-мин |
7 |
Сабақтықорыту |
10-мин |
8 |
Үйгетапсырма беру |
5-мин |
|
Барлығы: |
180-мин |
3.Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі-5 мин.
Аудиторияның,топтың сабаққа дайындылығы тексеріліп,студенттер түгелденеді.Сабаққа дайын емес студенттер болса оларға сабақтың соңында сұралатындығы туралы ескертіледі.Бүгінгі сабақтың жоспарымен,мақсатымен таныстырып,бұл тақырыпты меңгерудің болашақ мамандығы үшін қандай маңызы бар екендігі түсіндіріледі.
І. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы – 3 мин
Масажды меңгеру үшін оның негізін түсіну керек, сырына тереңірек үңілу керек. Онсыз жасалған массаж керісінше әсер етуі ықтимал. Ұстаздың айтқан сөзін жадыңа ұстап, қол қимылдарын есте сақтау керек. Массаж техникасынан басқа, ауру адамның психологиясын түсіну керек.
Ұқалау – бұл техникалық орындалу бойынша ең қиын және массаждың негізгі әдісі болып келеді. Ұқалаудың маңыздылығы бұл бұлшык еттерді үздіксіз қысып алып, кішкене көтеріп, оларды тарту, мыжу, сығу, басу, домалату. Бұл механикалық әсерінен ұлпаларда зат алмасу, тотығу-тотықсыздану процесстер жылдамдайды, ұлпалардың жағдайы және бұлшық еттерінің жиырлу қасиеті жақсарады.
Массаж жасау бұл ұқалау. Себебі, жалпы массаж емшарсының уақытысынан ұқалау 60-75% уақыт алады.
Вибрация – бұл амплитудасы мен жылдамдығы әр түрлі толқынды қимылдарды науқас денесіне өткізу массаж әдісі. Вибрация терең әсер етіп, күрделі өзгерістерге әкеледі. Егер 50 Гц вибрация жиілігімен әсер ететін болсак, шеткі қан тамырлар кеңейіп, қан қысымының төмендеуне әкеледі, ал 100 Гц аса толқындар керісінше әсер етіп, қан қысымын жоғарлатады. Бұл науқастын гипо- немесе гипертониялық жағдайларда маңызды.
2.Білім денгейін бақылау(актуализациялау)-15мин
Бақылау сұрақтары:
1. Ұқалау (разминание) туралы жалпы түсінік және организмге тигізетін физиологиялық әсері.
Массаждың ең күрделі тәсілі — ұқалау. Басқа тәсілдерге қарағанда бүл күшті әсер етеді. Әсіресе, бүлшық еттер мен қоң еттерге өте қажет. Ел арасында, массаж жасау деген сөз денені ұқалау дегенді білдіреді. Ол тегін емес, өйткені айтылып отырған тәсіл еттен өтіп сүйекке жетеді. Массаж жасаушының қолы соншалықты күшті болуға тиіс, сол сияқты оның техникасын жете білу керек.
Денедегі барлық бүлшық еттерді (үлкенді-кішілі) ұқалау үшін оның талай тәсілі бар, соны іске асыру керек.
Сонымен орындалу тәртібі: массаж жасаушы алақанымен бұлшық етті қапсыра ұстайды, оны жоғары созады, саусақтар мен бармақтың ара-сында қатты қысады. Бұл кезде бұшық ет сүйектен бөлініп көтерілгендей болады. Сол кезде алақанмен езіп жұмсартады және әрі қарай жылжытады. Денедегі барлық ет дәл осылай уысты толтыра ұсталмайды. Жабысып жатқан жалпақ еттер де бар. Мәселен, жіліншіктің алдыңғы жағы, арқаңың ұзын еті, білезіктің сырты. Олар көтерілмейді, сондыңтан әр түрлі әдістермен сүйекке басып жаншиды.
Осы тәсілді қолданғанда бұлшық еттегі қан-лимфа айналымы күшейіп, тканьдердің қоректенуі артады, бұлшық еттердің талшықтары созылып, серпімділігі жақсарады, зат алмасудың зиянды қалдықтары денеден щығып, тотығу-тотықсыздану процесстері жылдамдайды. Осының бәрі бүлшық еттің талшықтарын босатып, қопсытып, жұмсартады. Сондықтан ол бүлшық еттерге арнайы гимнастика тәрізді пайда тигізеді.
Бүл тәсіл тек бұлшық ет емес, денедегі сіңір, тарамыс, шеміршек, буын қабы, шандыр, сүйек қабы — барлығына әсер етеді. Сондықтан жоғары нерв жүйесінің қызметін, нерв бүлшық ет аппаратын өзгертіп жібереді.
Ұқалау тәсілін байыппен, ақырын, асықпай жасағанда ми қабығының қозу процесі бәсеңдеп, бұлшық еттер босаңсиды. Керісінше қысқа, қарңынды жасағанда тежеу процесі шегініп, қайраттанып, жігерленіп кетеді. Бүлшық еттің тонусы артады.
2. Ұқалаудың түрлері және үш фазалы орындалу техникасы.
Ұқалау тәсілі әр бағытта жүргізіледі: ұзыннан-үзақ, көлденең, жарты шеңбер, шиыр-шықты т. б.
Емдік массажда бұл тәсілді кідірмелі (үзік-үзік) және кідірмесіз (тоқтаусыз) деп екі түрге бөледі.
Екеуінің айырмашылығы — массаж жасаған қолдың бұлшық етінің бойымен тоқтаусыз қозғалуында және тоқталып жұлқылай қимылдауында.
Ал спорттық массажда осы екеуіне кіретін ұқалаудың түрлерін басқа атпен бөлектейді. Мәселен, бір қолмен, қос қолмен (қоскүшіген), қос шеңбер, шымшу, бас бармақтың басымен т. б. ұқалау деп бөледі.
Бүл аталған емдік және спорттық массаждардың қайсысы болса да жүмсарту тәсілі бірдей, тек кейбір әдістерінде ғана айырмашылық бар.
Орындалу техникасы шартты түрде үш фазадан тұрады:
-
Бұлшық етке алақанды көлденең салып, екінші-төртінші саусаққа қарай қатты қысып көтеру.
-
Бұлшық етті қапсыра қысып ұстап, бас бармаққа қарай жаншу.
-
Одан соң еттерді алақанның білезік түбі мен сүйкке батыру және қайта қалпына келтіру. Бір фазадан екіншісіне үзіліссіз өтіп отырады.
3. Негізгі әдістер және орындалу техникасы:
Бір қолмен ұқалау (ординарное разминание). Жоғарыда көрсеткендей, бұлшық етті алақанмен қапсыра ұстайды. Мұнда бас бармақ бір жағында, ал төрт саусақ екінші жағында. Ұстаған етті түзу саусақтармен жоғары көтеріп, одан соң бас бармақ пен төрт саусақтың арасына қысып, артынан сүйекке жаншиды. Бұлшық етті қолдан шығармай шеттен орталыққа қарай үздіксіз жылжиды. Мұнда қолмен суланған жөкені сыққандай қимыл жасайды. Тек алақан мен терінің арасында саңылау болмау керек. Саусақтарды мейлінше түзу ұстаған жөн.
Айтылған тәсіл екі фазадан құрастырылған сияқты. Біреуі — массаж жасаушының оң қолымен көтерген бүлшық етті бас бармаққа қарай мыжуы; екінші фаза — бас бармақтың төрт саусаққа қарай салмақ сала мыжуы. Қалай болғанда да бұлшық еттер алақанда, саусақтардың арасында, қысылып-мыжылады.
Қос қолдап ұқалау (ординарное с отягощением).Оң қолдың алақанын жоғарыда көрсеткендей көлденең салады, ал сол қолды оның үстінен бастырады. Мұнда бас бар-мақты екінші қолдың бас бармағының үстіне, ал төрт саусақты сол аттас саусақтардың үстіне салып, салмағын арттырады. Мұны қалың еттерге, күшті көп керек ететін жерге (бөксе, сан, арқа т. б.) қолданады.
Қос шеңберлі жұмсарту (двойное кольцевое).Екі қолды бұлшық етке көлденең бағытта қатарластырып орналастырады (45 градус бұрыш жасап). Мұнда сұқ қолдар бір жағында, бас бармақтар екінші жағында бір-біріне тиіп жатады. Алақанмен ұстап бүлшық етті қысып алып, нан илегендей екі қолды да алға қарай итереді. Бұл — бір түрі. Екінші түрінде — бір қол уысындағы толған бұлшық етпен ілгері, өзінен әрі қарай итерілсе, екінші қол керісінше өзіне қарай тартылады. Бұлшық еттің ұзына бойына ілгерінді-кейінді осындай қимыл жасап шығады. Сонда бұлшық еттің өзі шеңбер жасап бұралаңдап, жоғары өрлеп бара жатқандай болады. Бұл тәсілді аяқ-қолдың, арқаның, іштің бұлшық еттеріне пайдаланады.
Үзыннан-ұзақ ұқалау (бойлай) (продольное разминание). Бүл тәсіл бүлшық еттің ұзына бойын бойлай, оның талшықтарының таралу бағытымен жасалады. Массаж жасаушы екі қолмен аяқтың не қолдың бұлшық етін екі жағынан қапсыра ұстайды. Бір қол екіншіден 2—3 см алда тұрады. Содан соң алма-кезек екі қолмен уысындағы бұлшық етті мейлінше қысып, жоғары көтеріп, сүйектен бөліп алып, илей отырып ұзына бойына үздіксіз қимыл жасайды.
Мұндай тәсіл орындағанда әр қол өзінше жарты шеңбер жасағандай болады және бірінің қимылын екіншісі қайталап жоғары өрмелейді. Ұқалаудың бұл тәсілін аяқ не қолдың бұлшық еттеріне жиі қолданады. Оны орындаған кезде массаж жасаушының өз қолы шынтақтан бүгілмей түзу ұсталу керек. Сонда түсірілетін күштің мөлшері артады. Қолдардың қимылы бір қалыпты, байсалды, жатық болғаны жөн.
Шымшу (щипцевидное).Бұл тәсіл жалпақ, сүйекке жабысқан еттерге қолданылады. Оларды ұстап жоғары көтеруге болмайды. Сондықтан қолдың сыртын, жіліншіктің алдын, омыртқаның маңын осындай тәсілмен жұмсартады. Ол үшін саусақтарды бүгіп бұлшық етке көлденең қояды да, бас бармақ пен төрт саусақтың арасына қысып, сүйекке қарай батырып жаншиды, яғни қысқышпен қысып шымшығандай қимыл жасайды.
Екі еселеп ұқалау (двойное ординарное разминание).Санның не тоқпақ жіліктің қалың етін жұмсартуға қолданылады. Массаж жасататын адам шалқасынан ағаш төсекке жатады, бір аяғын көтеріп массаж жасаушының тізесіне қояды. Сонда бұлшық ет толығымен босаңсиды. Ал массаж жасаушы екі алақанмен санның астынан және үстінен қапсыра ұстап бұлшық етті алма-кезек қысып-созып, жоғары шаптың иініне дейін жетеді. Бұл өте ыңғайлы және нәтижелі тәсіл. Әсіресе, көп жүріп аяқтың бұлшық еті шаршағанда, осылай екі қолмен бірдей жақсылап ұқаласа, жиналған сүт қышқылы сыртқа шығып, бірсыпыра жеңілдеп қалады. Иықтың етің де осылай жұмсартады. Тек онда қолды маманның иығына салып қойса, тоқпақ жіліктің еті ұстауға жеңіл, босап қалады.
Бас бармақпен ұқалау (разминание большим пальцем).Бас бармақ астындағы етті ұқалап, сүйекке жаншып, шеңбер сияқты қозғалыс жасай отырып жылжиды. Қалған төрт саусақ еш қимылсыз соның артынан қозғалып отырады. Бас бармақтың күшін арттыру үшін екінші қолды массаж жасаған қолдың үстіне бастыра қойып бірге жылжытады.
4. Қосымша әдістер және орындалу техникасы.
Жүмсартудың қосымша түрлері: олар тек емдік массажда жиі қолданылады. Қазақша аттары төмендегідей: аунату, домалату, жылжыту, шымшылау, керу, қысу, басу.
Аунату (валяние)— бұл ұқалаудың өте нәзік түрі. Екі алақанның арасында бұлшық етті аунатып жұмарлайды. Мәселен, қолдың етіне массаж жа-салатын болса, науқастың қолын массаж жасаушының иығына салып босаңсытады, содан соң алақанына уыстап ұстап бір қолдан екінші қолға тез-тез тербеп аунатады.
Домалату (накатывание)— мұнда арқа, қол, аяқ бұлшық еттерін бас бармақпен итере отырып, алдында төртсаусақ домалатып орағандай қимыл жасайды.
Жылжыту (сдвигание)— бас бармақтармен орындалады, кейде барлық саусақтармен немесе алақанмен де жасалады. Тканьді көтеріңкіреп жиыра ұстап, бір жаққа қарай жылжытады. Бұл арқаның жалпақ еттеріне, қолдың сыртына, аяқтың үстіне қолданылады. Сондай-ақ терідегі тыртық жазылу үшін де өте пайдалы. Бас ауырған кезде, оның терісін жылжыту үшін бір қолды маңдайға, екіншісін шүйдеге қойып жәймен сығымдайды. Осы бағытта бірнеше рет жылжытқан соң қолдарды оң және сол құлақтың тұсында ұстап жоғарыдағы қимылды қайталайды.
Массаждың бұл тәсілі тканьдердің тез арада қанмен толығуына, зат алмасуына ықпал жасайды.
Шымшылау (пощипывание)— 1-2-саусақтардың ұшымен тканьді шымшып ұстап жоғары көтеріп, қайта босатады. Егер дене майлы болса не арнайы май жақса, онда ол қысып ұсталмайды. Сондықтан терінің құрғақ болғаны дұрыс. Шымшылаған кезде ткань бір қысылып, бір босап, қозғалысқа түседі. Соның нәтижесінде тонусы көтеріледі. Тереңде жатқан тыртықтарды қалпына келтіру үшін де өте пайдалы тәсіл.
Созу (растяжение) - бас бармақтарды қатар қойып тканьді екі жаққа созады. Үлкен бұлшық еттерді алақанмен созуға болады. Ол операциядан кейін дұрыс бітпей қалған жараның орнын созуға, бұлшық еттегі түйіндерді жазуға, тыртық жерді таратуға қолданылады. Қозғалыс сырнайда ойнаған қимылды еске түсіреді.
Қысу (сжатие)— саусақтардың ұшымен жасалады. Жидектердің ішінен сүйегің ытқытып шығаратын қимыл сияқты, саусақтарды тканьға батырып жылдам жоғары көтереді. Бұл тәсіл тез-тез қимылды қажет етеді. Көбінесе косметикалық массажда бетті безеуден тазалағанда қолданылады.
Басу (надавливание)— саусақтардың ұшымен немесе алақанмен салмақ сала басу. Қолды бір көтеріп, бір түсіріп салмақ салу арқылы орындалады. Бетке массаж жасағанда саусақтардың жұмсақ еттерін батырып немесе нерв ұштарының шыққан жерін нығарлап басып жасайды. Ал аумақты (арқа, бел, іш т.б.) жерлерге алақанмен нығарлап басады. Ол өте пайдалы, әсіресе, жон сіресіп қалғанда тек қолмен емес, балалардың аяғымен басса әжептәуір көмек береді.
Ұқалау - массаждың ең күрделі де қиын, бірақ өте тиімді түрі. Оның басқа да қолдану әдістері бар. Соның өзінде, бір рет болса да бүл тәсілдерді өз көзімен көрмесе, бірден меңгеру қиынға түседі.
Жұмсару тәсілі бұлшық еттерді босатуға, шынықтырып-ширатуға, түйіндерін жазуға үлкен ықпал жасайды.
Бүл тәсіл массаж жасаушы адамнан байсалдылық, ұқыптылық, сезімталдық, білімділікті талап етеді.
Ол баяу ырғақпен, бірқалыпты орындалады. Жұлқылауға, жұлмалауға, апыл-ғұпыл асығуға болмайды.
Массаждың қозғалысы — жоғары және төмен бағытталады.
Ауру адамның денесі массаждан ауырмас үшін, оның күшін біртіндеп ұлғайтады. Массаж жасаушы дененің өте сезімтал жерлерін білу керек. Олар: желке, иық (тоқпақ жілік) сүйегінің және санның ішкі жағы. Ол жерлерде нерв талшықтары мен қан тамырлары көптеп топтас-қан. Сондықтан жұмсарту тәсілін мұқият, зейінмен жасайды.
Ұқалау тәсілін бұлшық еттің сіңірімен жалғасқан жерінен бастайды.
И. М. Саркизов-Серазини «жұмсарту тәсілі үнемі төменнен жоғары қарай бағытталса өте дұрыс болар еді» дейді. Онда лимфа-қан ағында-рының бойымен лимфа түйіндеріне қарай жүріп отырады.
Ғалымдар осы тәсілдің бұлшық етке және байланысатын жоғарғы нерв жүйесінің қызметін арнайы аппаратпен тексереді. Ол электромиография — массаждан соң бұлшық етте болатын биоэлектрлік процестерді анықтайды.
1962, 1966 жылғы зерттеулерге (Белая Н. А.) қарағанда, бұлшық етте аурудан кейін тоқырап қалған биопотенциалдық қасиет массаждан соң қалпына келген. Сондықтан массаждың нәтижесінде бұлшық ет пен нерв жүйесінің арасындағы байланыс артуына көз жетті.
Ұқалау - негізінде денедегі барлық бұлшық етке әсер етеді, оның әрбір талшығыңа, сүйекке беретін жеріндегі сіңірге — бәріне де пайда келтіреді. Қан-лимфа айналымын жақсартып, денеден қорытылған қажетсіз заттардың шығуына ықпал жасайды. Осы тәсіл арқылы денедегі қимыл-қозғалыс рефлексін арттыруға болады.
5. Әдіс жүргізілуінде жие кездесетін қателіктер.
Массаждың ұқалау тәсілінде есте сақталатын жағдайлар:
-
бірінші фаза: бас бармақты алшақ ұстамау керек, себебі бұлшық еттің орнына тек тері қысылып қалады;
-
екінші фаза: а) саусақтардың бүгіліп қалуы мүмкін, мұндай жағдайда тек етті шымшып алады; б) саусақтардың терінің бетімен жылжуы ауру үшін жағымсыз жағдай. Бұлшық ет толық ұсталмаған соң массаж жөнді жасалмайды, өйткені алақан мен дененің арасында қуыс қалып қояды; в) саусақтарды қатты батыру аурудың жанына тиеді; г) қолдардың шамадан тыс сіресіп қалуы аурудың денесін ауыртады әрі массаж жасаушының қолының жылдам талып қалуына әкеп соғады; д) бұлшық етті толық жұмсарту керек;
-
үшінші фаза: а) массажға дейін бұлшық етті босаңсыту үшін науқастың дүрыс жатуын қадағалайды; б) ұзыннан-үзақ ұқалаған кезде бүкіл қол емес, тек қолдың басы ғана қызмет етуі керек; в) ұқалаудың барлық түрі бірыңғай, байыппен жасалуын қадағалаған жөн. Орынсыз жұлып-тартып, жүлқылап жасау дүрысемес.
Міне, осы мәселелерді массаж жасағанда ұмытпаған жөн. Әйтпесе жұмсаруға тиісті бүлшық ет тастай болып қатып қалады және тері де көгеріп, онда саусақтың іздері қалуы мүмкін. Одан адам тек зардап шегеді. Сондықтан массаждың ішіндегі ең күрделі, ең негізгі түрі — ұқалау тыңғылықты, мұқият зейінмен орындалуға тиіс. Бүл сөз болған ұқалаудың негізгі тобы.
6. Вибрация туралы жалпы түсінік және организмге тигізетін физиологиялық әсері.
Дірілдету (вибрация) - атына сәйкес бұл тәсіл бір немесе бірнеше саусақтармен, алақанмен немесе жұдырықпен жасалып, тканьдерді қозғап-дірілдетеді.
Кейінгі кезде ел арасында массаждың осы тәсілі кеңінен таралуда. Өйткені оның нәтижесі айтарлықтай. Әсіресе, нерв жүйесіне тигізетін әсері ерекше. Дірілдету тәсілі жүрек соғысын реттеп, қан қысымын қалпына келтіреді, асқазан сөлін көбейтіп, нерв жүйесін арнасына түсіреді, ауырған жерді тыныштандырады.
Сонымен қатар, дірілдету бүлшық еттің тонусын көтеріп, жүректің жұмысын жақсартып, тыңыс алу мүшелерінен ауа өтуін реттейді.
Науқастарды емдегенде қолмен жасалатын массаж еш уақытта аппаратпен жасалатын массаждың (вибромассаж) орнына жүрмейді. Ол тек біріншіні толықтырып отырады әрі вибромассаж үнемі қолданыла бермейді. Ауырған адамдар көбінесе қолмен дірілдеткенді сүйсіне қабылдайды.
Оның дірілдету деп аталуында гәп бар. Денеге бір не бірнеше саусақты тіреп тербелте дірілдетеді. Ол тербелістің жиілігі, күші, екпіні ауытқып, әр түрлі болады. Бір нүктеде пайда болған қозғалыс айналасына жылдам тарап кетеді. Оның екпініне байланысты нерв жүйесін, бұлшық еттердің тонусын көтеруге не әлсіретуге болады.
7. Үздіксіз әдістердің орындалу техникасы:
Үздіксіз дірілдеткен (непрерывная вибрация) кезде массаж жасаушының қолы денеден бір сәтке де ажырамайды. Егер үздіксіз қозғалтқанда тек бір нүктені ғана дірілдетсе, онда бүл тұрақты дірілдету деп аталады. Ал бір нүктеден қолды көтермей, жылжып, екінші, үшінші... нүктелерге келсе, онда оны түрақсыз дірілдету деп атайды.
Бұл тәсілді массаж жасап отырған қолды бұлшық ет талшықтарының таралу бағытымен тік не көлденең қозғауға болады. Тканнің тек жоғарғы бөлігін ғана емес, оның тереңде жатқан жерін де дірілдетеді. Бір немесе екі қолмен бірдей дірілдетуге болады.
Нерв ұштарының шыққан жеріне массаж жасау үшін бір саусақты (сұқ және ортаңғы саусақ және бас бармақ) сол нүктеге қойып, нерв түйінін басып тұрып дірілдетеді. Саусақ денеге тік (перпендикуляр) тұрады. Осы қимылды барлық саусақтарды қосып доға жасай отырып орындауға болады.
Денедегі қалың етке массаж жасау үшін алақан не жұдырықпен дірілдетеді. Жұмылған жұдырық денеге кіргендей қимыл жасап, ауқымды аймақты шайқайды.
Кеуде бұлшық еттерін алақанның білезік тірегімен дірілдетеді. Оны орындау үшін массаж жасаушы қабырғаның төменгі доғасынан бастап дірілдете отырып қолтықтың астына дейін жетеді.
Іштің бұлшық еттеріне массаж жасағанда қолдың сыртын, алақан не жұдырықты пайдаланады. Мұнда қолмен әрбір жаққа дірілдете қимыл жасалады. Онда тек іштің еттері ғана емес, құрсақ ішіндегі ағзаларға да әсер етеді. Әсіресе ішек, асқазан ауруларында, іш қатып ңалғанда немесе ішектер жиырылу қасиетінен айрылғанда — дірілдету тәсілі өте пайдалы.
Шайқау (сотрясение) - дірілдетудің мұндай тәсілінде бес саусақты бес жаққа тарбитып денеге қойып ұн не бидайды електен өткізгендей қимыл жасайды. Алақанның астындағы бұлшық еттер оңға, солға, жоғары-төмен қозғалып, іркілдеп шайқалады. Бұл тәсілді бұлшық еттер тастай болып қатып қалғанда немесе мұрын, жұтқыншақ, іш ауырғанда да қолданады.
Сілкілеу (встряхивание) бір қолмен орындалады. Ол ішектің жиырылуын күтпейді, әр түрлі себептерден болған спазмаларды босатады. Лимфа сұйығының тез жылжуына, бұлшық еттің босауына, ауырған жердің басылуына жағдай туғызады.
Сілкілеу тек аяқ пен қолға қолданылады.
Аяқты дірілдету үшін науқас адам шалқасынан жатады. Массаж жасаушы бір қолымен өкшеден, скінші қолымен аяқтың басынан мықтап ұстайды, одан соң өзіне тартып тұрып түзу аяқты жоғары-төмен сілкілейді. Оны шама келсе өрлі-берлі екі жаққа да тербете сілкілейді. Қимыл өте тез, шапшаң болу керек.
Қолды сілку үшін ауру отырады не жатады, оңың бір қолын массаж жасаушы тартып білезіктен ұстайды да тағы да бірнеше рет сілкілейді. Қозғалыс жылдам, оңға-солға шайқала дірілдетеді. Қол шынтақтан бүгілмей, түзу болу керек.
Бұл буын ауруларында, нерв жүйесі зақымдалғанда, қол ұйып қалғанда өте пайдалы. Ал аяқты сілкілеген кезде ондағы барлық бұлшық еттер дірілдеп, қозғалысқа түседі. Тек тізе, тірек буындары ғана емес, тіпті ұршық буыны да дірілдеп, қимыл-қозғалысы артады.
Қағу (потряхивание) - бұл шайқаудың бір түрі. Бірінші және төртінші немесе бірінші және бесінші саусақтарды үлкен бұлшық еттерге тіреп қойып, жастықтың жүнін көпсіткендей қимыл жасалады. Мұнда бір ғана бұлшық ет емес, бірнеше бұлшық етті қосып ұстап әрі-бері, жоғары-төмен және көлденең бағытта қозғайды. Балтыр бұлшық еті, иық бұлшық еті, бөксе, арқа бұлшың еттерін босату үшін қолданылады.
8. Үздікті әдістердің орындалу техникасы:
Екінші түрі кідірмелі немесе үздік-үздік дірілдету (прерывистая вибрация). Ол қолды денеге қойып, бір-екі діріл қаққызып шайқап жіберіп, сәлден соң қолды жұлып алып тыныштандыру. Онда болатын діріл қысқа, жылдам және тез-тез, әлсін-әлсін толқындап отырады. Оның пайдасы денеге үзілді-кесілді күш түсіру. Мұнда әрбір қимылдың арасында массаж жасаушының қолы да демалып қалады. Денеге түскен күш үдемелі жылдамдықпен жетеді.
Қандай түрі болмасың денені дірілдетіп, тканьдердің, қан-лимфа сияқты сұйықтардың жылжуына үлкен ықпал жасайды. Бүл аталғандар дірілдетудің негізгі түрлері. Сондай-ақ дірілдетудің қосымша түрлері де бар. Оны спорттың массажда соққылау және сілкілеу тәсілдері деп жеке тарау еткен.
Дірілдетудің қосымша түрлері де үздіксіз және кідірмелі болып екіге бөлінеді. Олардың әрқай-сысы жеке-жеке тәсілдерге бөлініп кетеді.
Ашық саусақтармен шабу (рубление).Балтамен отынды шапқандағы қимыл жасалады. Ол ауқымды аймаққа: арқа, сан, бөксе бұлшық еттеріне қолданылады. Шабу қолдың қырымен орындалады. Саусақтарды жазып, қолды бір-бірінен 2-4 см алшақ ұстап қырыменен бұлшық етті алма-кезек ұрғылай бастайды. Мұнда саусақтардың бір-бірінен алыс тұрғаны абзал, сонда арқаға соққан кезде олар жиналып, ұрған жерді ауыртпайды.
Бұл тәсіл жылдам, екпінді, екі қолмен кезек, ет шапқандай қимылмен жасалады. Ол адам денесін сергітіп, лимфа ағысын арттырады, май және тері бездерінің қызметін жақсартады, зат алмасуын күшейтеді.
Шабу кезде қол ақырын тисің десе — тек қолдың басын, ал қаттырақ тисін десе - шынтақ буынынан бастап қосады. Қысқасы буынның ұзындығына байланысты денеге тиетін дірілдету тәсілінің күші де әр түрлі болады. Сол сияқты саусақтардың бірігіп тұруы мен шақ тұруы да роль атқарады. Бір-бірінен алы ұсталған саусақтар күші де аз, нәзік болып тиеді, ал біріккен саусақтардың денеге тиген күші әлдеқайда артық келеді. Сондықтан ауырған жерге, адамның жасына, жағдайына қарай бір тәсілдің өзін өзгешелеп өткізуге болады.
Шапалақтау (похлопывание) — саусақтарды сәл бүгіп алақанмен жасалады. Сонда денеге жұмсақтау тиеді. Екі қолдың ара қашықтығы 2—4 см болады. Алма-кезек екі қолмен бұлшық ет талшықтарына көлденең бағытта шапалақтайды. Мұнда білезік, шынтақ буындары қозғалысы арқылы іске асады. Санның, балтырдың, жамбастың, арқаның, иықтың, қарынның қалың еттеріне массаж жасалғанда қолданады.
Үстіртін шапалақтау тамырларды тарылтады олардың соғуын баяулатады, ал күштірек шапалақтау тамырларды кеңейтеді, массаж жасаған жердің температурасын көтеріп, ауырғанын басады.
Бұл тәсілді бүйректің тұсына, мойынға, жауырынның арасына қолданбайды. Соққан кезде екі қолдың ырғағы бірдей болғаны дүрыс.
Ұрғылау (покалачивание) — толық жұмылмаған жылдамдық пен немесе бүгілген саусақтармен орындалады Бұл жоғарғы екеуінің (шапалақтау мен шабу) ортасындағы тәсіл сияқты. Бірақ олардан гөрі салмақтырақ. Ұрғылаған кезде денеге саусақтардың сырты тиеді, ол онша ауыртпай жұмсақтау болады. Ұрғылағанда қол денеден 5-10 см| жоғары көтеріледі, ал ұру жиілігі минутына 100 ден 300-ге дейін жетеді.
Тері жұқа, еті аз жерлерге тек саусақтың ұшымен ұрғыласа, қоң еттерге жұдырықпен ұрғылайды. Бүл еттердің, жалпы дененің тонусын көтереді.
9.Дірілдету тәсілінде есте сақталатын жағдайлар:
Дірілдету (вибрация) денеге ешбір зиян келтірмей, оңай орындалу керек. Біз дірілдетуді аталған тәсілдеріне, олардың негізгі және қосалқы түрлеріне тоқталдық.
Бір ескертетін жай — бұл тәсілді меңгеру оңай емес. Ол үшін адам ұзақ жаттығу керек. Егер осы тәсіл дұрыс орындалмаса, адам дірілде (вибрационная болезнь) ауруына шалдығу мүмкін.
Ғалымдардың тексеруінше, массаж дұрыс не бұрыс екенін тексеру үшін төмендегідей тәжірибе жасалған. Стол үстіне бір стаканға су толтырып құйып, столдың шетіне массаж жасаушы дірілдету тәсілін орындайды. Сонда ыдыстағы су төгілсе не жылжып кетсе (бір шетінен екінші шетіне)— дірілдету тәсілі дұрыс орындалмаған, ал су төгілмей, тек дірілдеп тұрса, онда дұрыс жасалған болып табылады.
Дірілдету массаждың басқа тәсілдерінің арасында 2—3 рет қайталанады. Әр тәсіл — 1—1,5 минуттан аспайды.
Қолдың және санның іш жағына дірілдету тәсілін қолданбайды, өйткені онда қан тамырлары мен нерв жүйесі көп шоғырланған.
Сүйекке жақын орналасқан немесе еті аз жерлерге соққылау әдісін қолданбайды. Сондай-ақ жасы келген, әлсіреген адамдарға да бұл тәсілді қолдануға болмайды.
Бұл айтылған барлық тәсілді де жеке-дара қолданбайды, бірімен-бірін байланыстырып, араластырып жасайды. Тек сонда ғана олардың көмегі айтарлықтай болады. Қандай тәсіл болмасын — бәрінен соң сипауды, сондай-ақ әрбір түрін келесісі толтырып отырса ғана массаждың маңызы артады.
Манипуляцияны орындау техникасын түсіндіру және көрсету-45мин
Массаж жасаушы алақанымен бұлшық етті қапсыра ұстайды, оны жоғары созады, саусақтар мен бас бармақтың арасында қысады. Бұл кезде бұшық ет сүйектен бөлініп көтерілгендей болады. Сол кезде алақанмен езіп уқалайды және әрі қарай жылжытады.
4.Оқушылардың өзіндік жұмысын өткізудің әдістемелік нұсқауы 10-мин
-
Қолданатын әдістер:Фронтальді сұрау,әңгімелесу,дисусссия.
-
Оқытушы массаж ережелерін ,техникасын орындалу тәсілін бақылап отырады. Дірілдету тәсілі жүрек соғысын реттеп, қан қысымын қалпына келтіреді, асқазан сөлін көбейтіп, жүйке жүйесін арнасына түсіреді, ауырған жерді тыныштандырады. Сонымен қатар, дірілдету бұлшық еттің тонусын көтеріп, жүректің жұмысын жақсартып, тыңыс алу мүшелерінен ауа өтуін реттейді.Массаж жасаушы алақанымен бұлшық етті қапсыра ұстайды, оны жоғары созады, саусақтар мен бас бармақтың арасында қысады. Бұл кезде бұшық ет сүйектен бөлініп көтерілгендей болады. Сол кезде алақанмен езіп уқалайды және әрі қарай жылжытады.
Студенттердің өзіндік жұмысы:90 мин
1. Емдік массаж оқу бөлмесінде В.Фокин массаж мектебінің DVD курсынан сипау және ысқылау массаж тәсілдерін қайталау.
2. Студенттер арасынан біреун белге дейін шешіндіріп, кушеткаға іш пен жатқызып, барлық гигиеналық талаптарды орындап, мультимедиадан көріп тұрып, оқытушы мен бірге ұқалау мен вибрацияның жаңа әдістерін үйрену.
3. Әр студент массаж әдістерін науқастарға қолданып, дене аймақтарына ( арқа, қол және аяқтарға, бас және мойынға ) массаж жасау керек. Массаж емшарасын жүргізгенде массаждың негізгі әдістерін ( сипау, ысқылау, ұқалау, вибрация ) қолдануы және ауызша бірі-бірі мен талқылайды.
ХV. Тест сұрақтары:
1. Ұқалаудың негізгі әдістер:
а) тарту
в) басу
с) қысу
d) көлденең ұқалау
е) қозғалту
2. Ұзын бұлшык еттерінің парезінде қолданылатын әдіс:
а) тарту
в) басу
с) қысу
d) көлденең ұқалау
е) қозғалту
3. Амплитудасы әр түрлі толқынды қимылдар:
а) сипау
в) ысқылау
с) ұқалау
d) вибрация
4. Үзілісті вибрация түрі:
а) сілкілдету
в) шайқалу
с) домалату
d) нүктелеу
е) шапалақтау
5. Үзіліссіз вибрация түрі:
а) сілкілдету
в) саусақтармен қағу
с) жұдырықпен ұру
d) ашық саусақтармен шабу
е) шапалақтау
6. Ұқалаудың негізгі әдістер:
а) сығу
в) басу
с) қысу
d) ұзына бойлы
е) қозғалту
7. 1 минутта ұқалау қимылдардың саны:
а) 25 рет
в) 50-60 рет
с) 60-100 рет
d) 120-150 рет
е) 150-200 рет
8. Үзілісті вибрация түрі:
а) сілкілдету
в) шайқалу
с) шабу
d) нүктелеу
е) домалату
9. 1 минутта вибрация қимылдардың саны:
а) 25 рет
в) 50-60 рет
с) 60-100 рет
d) 120-150 рет
е) 150-200 рет
10. Үлкен бұлшык еттерінің парезінде қолданылатын әдіс:
а) тарту
в) басу
с) қысу
d) көлденең ұқалау
е) қозғалту
11. Жүйке-бұлшық ет аппаратына ең көп әсер ететін әдіс:
а) сипау
в) ысқылау
с) ұқалау
d) вибрация
12. Ұру әдісінде қол денеден жоғары көтеріледі:
а) 1-3 см
в) 3-5 см
с) 5-10 см
d) 10-15 см
е) 15-20 см
13. Шапалақтауда екі қол арақашықтығы болу керек:
а) 1 см
в) 2-4 см
с) 5-6 см
d) 6-8 см
е) 8-10 см
14. Ұру жиілігі минутына:
а) 25 рет
в) 50-60 рет
с) 60-100 рет
d) 100-300 рет
Тест сұрақтарының жауап эталоны:
1. д 8. с
2. а 9. д
3. д 10. а
4. е 11. с
5. а 12. с 13-14 дұрыс жауабы – «5» өте жақсы
6. д 13. в 9-12 - «4» жақсы
7. в 14. д 5-8 - «3» қанағат
>5 - «2» қанағатсыз
6.Тақырыпты пысықтау -10мин
-
Қолданылатын әдістер: тест бақылау,фронтальды сұрау,жалпылама сұрау,әңгімелесу,дискуссия.
7.Қорытындылау -5мин
-
Оқушының сабақ барысында белсенді ,жақсы немесе нашар қатысуы айтылып,қорытынды баға шығарылады.
8.Үйге тапсырма беру-5мин
Тақырыбы: Массаж методикасы.Басқа жасалатын массаж,.
Өзіндік дайындалу үшін сұрақтар:
-
1. Массаж методикасы.
-
2.Басқа массаж жасау әдістемесі,мөлшері және жас ерекшеліктері.
Өзіндік дайындалу үшін сұрақтар:
1. Бастың массажы: бет және шаш аймақтарына.
2. Науқастың жағдайы. Көрсетілімдер және қолданылатын әдістер.
4. Көкірек торының массажы. Көрсетілімдер және қолданылатын әдістер.
9. Іш аймағының массажы.
10. Көрсетілімдер және қолданылатын әдістер.
Білім деңгейлері мен тәжірибелік дағдыларын бағалау:
|
Студенттің аты, жөні |
ауызша жауап |
өзіндік жұмыс |
ситуациялық тапсырмалар |
тест бағасы |
қорытынды баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
|
|
11 |
|
|
|
|
|
|
12 |
|
|
|
|
|
|
13 |
|
|
|
|
|
|
14 |
|
|
|
|
|
|
15 |
|
|
|
|
|
|