Материалдар / Масштаб 6 сынып

Масштаб 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Тамыз 2019
4526
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар


Күні:


Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Масштаб

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.5

масштаб ұғымын меңгеру;

6.5.1.3

картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- масштаб ұғымын түсінеді;

- екі санның қатынасын жазады;

- пропорция ұғымын біледі;

- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.


Бағалау критерийлері

Білім алушы

- масштаб ұғымын түсінеді;

- екі санның қатынасын жаза алады;

- пропорция ұғымын біледі;

- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;

- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;

- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;

- шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды;

- картамен/жоспармен/сызбамен жұмыс барысында масштабты қолданады;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- пропорция;

- пропорцияның негізгі қасиеті;

- пропорцияның шеткі мүшелері;

- пропорцияның ортаңғы мүшелері;

- пропорцияның белгісіз мүшесі;

тура пропорционалдық тәуелділік;

кері пропорционалдық тәуелділік;

- масштаб;

- Жер бетіндегі арақашықтық;

- картадағы /сызбадағы/ жоспардағы арақашықтық;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;

- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;

- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;

- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;

- берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланысты есептер

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ой-қозғау:

С-1: Масштаб дегеніміз не?

С-2: Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?

С-3: Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?






Үлестірме қағаздар

6 – 15 мин

Өз беттік жұмыс

Тест бойынша жұмыс.

1 нұсқа

1.Спорттық базалардың арақашықтығы карта бойынша 8 см-ге тең. Егер картадағы 1 см жербетіндегі 11 км-ге сәйкес келсе, онда шаңғышы бір базадан екінші базаға бару үшін қанша арақашықтық жүру керек.

1) 108 км 2) 58 км 3) 88 км 4) басқа жауап

2. Картаның масштабы 1:100000. Егер жер бетіндегі арақашықтық 13 км болса, онда картадағы арақашықтықты анықтаңдар.

1) 13 см 2) 26 см 3) 13 мм 4) басқа жауап

3. Картаның масштабы 1:1000000. Егер картадағы арақашықтық 6 мм болса, онда жер бетіндегі арақашықтық неге тең.

1) 6000 км 2) 6 км 3) 600 км 4) басқа жауап

4. 18 км газ жалғайтын провод картада 5 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар.

1) 1:3700000; 2) 1:1850000;

3) 1:370000; 4) басқа жауап.

5. Деталдың ұзындығы сызбада 1:3 масштабпен

12 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы

1:4 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады?

  1. 8 см 2) 7 см 3) 12 см 4) басқа жауап.

  1. нұсқа

1.Екі ауылдың арақашықтығы карта бойынша

15 см-ге тең. Егер картадағы 1 см жербетіндегі 3 км-ге сәйкес келсе, онда екі ауылдың жербетіндегі арақашықтығы неге тең.

1) 5 км 2) 45 км 3) 82 м 4) басқа жауап

2. Картаның масштабы 1:20000. Егер жер бетіндегі арақашықтық 18,7 км болса, онда картадағы арақашықтықты анықтаңдар.

1) 80 см 2) 820 м 3) 18,7 м 4) басқа жауап

3. Картаның масштабы 1:1000000. Егер картадағы арақашықтық 41 мм болса, онда жер бетіндегі арақашықтық неге тең.

1) 6000 км 2) 6 км 3) 600 км 4) басқа жауап

4. 45 м газ жалғайтын провод картада 1,25 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар.

1) 1:452500; 2) 1:36200;

3) 1:3620; 4) басқа жауап.

5. Деталдың ұзындығы сызбада 1:200масштабпен

8 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы

1:70 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады?

  1. 7 см 2) 5 см 3) 6 см 4) басқа жауап.

Жауаптары:


Математика 6 кл. Тесты. Журавлев С.Г и др. 2015

7-8 бет

16 – 22 мин

Жұптық жұмыс

1 жұп

1. Жер бетіндегі 20 м арақашықтық картаға

5 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар. Жауабы: 1:400.

2. Жоспарда үйдің ұзындығы 25 см. Егер жоспар 1: 300 масштабымен жасалса, онда үйдің жер бетіндегі ұзындығын табыңдар. Жауабы: 75 м.

2 жұп

1. Екі қаланың арақашықтығы 1300 км. Осы екі қаланың арақашықтығы масштабы 1:10000000 картада неше сантиметр. Жауабы: 13 см.

2. Деталдың ұзындығы сызбада 1:3 масштабпен 2,4 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы 2:1 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады? Жауабы: 14,4 см.



23 – 24 мин

Сергіту сәті.

Көзге жаттығу видео





25 – 37 мин

Жеке жұмыс

1-тапсырма


Атырау мен Алматының арақашықтығы (түзу бойымен алғанда) 1800 км. Картаның масштабын анықтаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • Атырау мен Алматының картадағы арақашықтығын өлшейді;

  • масштабтың анықтамасын қолданады;

  • бірдей өлшем бірлікке келтіреді;

  • қатынасты қысқартады;

  • жауабын жазады.

2-тапсырма

  1. Токио және Пекин қалаларының картадағы қашықтығы 30 см, нақты қашықтығы 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.

  2. Осы екі қаланың 1: 25 000 000 масштабымен берілген картадағы арақашықтығын табыңыз (жауабын сантиметрмен беріңіз).

Дескриптор: Білім алушы

  • масштабтың анықтамасын қолданады;

  • км-ді см-ге айналдырады;

  • пропорцияның негізгі қасиетін қолданады;

жауабын жазады.


Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үйге тапсырма: Масштаб. №133.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

«Сөйлемді жалғастыр»

- маған ең ұнағаны ……

- мен үшін күрделі болғаны …..

-келесіде мен міндетті түрде орындай аламын…….


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақта топтық жұмыста бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Жұптық жұмыстарды шығара отырып өз білімдерін шыңдайды.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады.

Сергіту сәті көзге жаттығу жұмысы.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ