Материалдар / Масштаб менің айналамда
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Масштаб менің айналамда

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
322
2 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны:

Мақсаты: Үлкен сызбаларды кішіге, ііні үлкенге айландыру .


Жоспары:

  • Масштаб дегеніміз ? Оның тарихы.

  • Масштабтың түрлері.

  • Математика мен география пәндері масштабпен қалай байланысқан? Масштабты тағы қай жерде кездестіреміз?

  • Масштаб сызбаларын салу үшін қандай құралдар қолданамыз ?

  • Масштабқа байланысты тәжірбиелік тапсырмалар , кішіні

үлкенге айландыру



Кіріспе

Масштабтар Масштаб (нем. МаßстабМаß — өлшеуіш, мөлшер және Стаб — таяқ)— сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.

Мөлшеріне жəне орындалатын пішіміне байланысты сызылатын сызбаны үлкейтіп немесе кішірейтіп сызуға болады. Ол үшін стандарттардағы сызбаларды орындаудың жалпы ережелері тобының екінші түрі «Масштабтарды» қолданамыз.

Нəрсенің сызбада сызылған өлшемі мен оның нақты қолданыстағы өлшеміне қатынасын масштаб дейді. Масштабтар стандарттардың белгіленуіне жəне қолданылуына байланысты үлкейтілген, кішірейтілген жəне нақты болып үшке бөлінеді. Сызбада масштаб сөзі жазылмайды, оның орнына масштаб сөзінің бас əрпі  М ғана жазылады.

Мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген масштаб түрлері:

- кішірейту масштабы:

М. 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200;

1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;

- үлкейту масштабтары:

М. 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1;

- нақты масштаб: М 1:1 қолданылады.

Бұл масштабтар барлық өндірістер мен құрылыс сызбаларын дайындағанда міндетті түрде қолданылады. Кей жағдайларда ірі өндірістерді жобалау кезінде мынандай масштабтар қолдануға болады: М 1:2000; 1:5000; 1:10000; 1:25000; 1:50000.

Айтып кететін бір жайт, егер сызба пішімде бірдей масштабпен сызылған болса, онда масштаб белгісі негізгі жазу ішіндегі масштаб графасына жазылады.

Ал, егер сызба пішімде əртүрлі масштабпен сызылған болса, онда масштаб белгісі əр сызбаның үстіне масштабын жазып қояды.

Егер сызбада əртүрлі масштабтар болса, онда өзінің өлшемін миллиметр арқылы көрсетіп қояды. Кейде құрылыс сызбаларын орындағанда метрмен белгілеуге рұқсат етіледі.



Масштабтың 3 түрлері:

- Сандық масштаб
-Атаулық масштаб
-Сызықтық масштаб

Сандық масштаб (Численный масштаб) — алымы бірге тең, бөлімі картада жергілікті жер сызығының ұзындығы қанша ретке кішірейгенін көрсететін бөлшек түріндегі масштаб. Мысалы, 1:50000 масштабты картада сызықтық өлшемдер 50000 ретке кішірейтілген, яғни картаның 1 сантиметрі жергілікті жерде 50000 см-ге, немесе 0,5 км-ге сәйкес келетінін білдіреді. Сандық масштабпен жұмыс істеу карта сызығының ұзындығынан жергілікті жер ұзындығына және керісінше ауысуға саяды. Бірнеше масштабты салыстырғанда, қайсысының бөлшек бөлімі кіші болса сол ірі масштабты болып шығады

2) Фотосурет масштабы.

3) Кинотехника масштабы. Уақыт масштабы 1:3. Экранға көрсеткенде кішірейтіп көрсетеді.

4) Моделизм масштабы

Моделизм — коструктор мен макеттерді дайындағанда қолданылады.

5) Масштаб биологияда

Биология сабағында цифрлы микроскопппен бактериялардың үлкейтілген түрін көреміз ( кіші 10* -60*, үлкен 100* - 200* )..

6) Өнеркәсіп масштабы

  • Масштаб сызбаларын салу үшін қандай құралдар қолданамыз ?

Сызба өлшемдерді түсіру

Сызбада берілген нəрсені сызбасына қарап жасау үшін арнайы өлшемдері болу қажет. Ал, өлшемдерді дұрыс қоюға арналған оларды түсіру ережелері мемлекеттік стандартта белгіленген.

Сызбада берілген сызбаның өлшемдерін қою үшін, алдымен сызбаның контурына шығару сызықтарын сызамыз. Шығару сызығы нұсқамадан стандарт бойынша 1-5 мм шығып тұруы керек, дегенмен бұл ұзындық 2-3 мм болғаны дұрыс. Осы шығару сызықтарына перпендикуляр болатын өлшем сызығын сызамыз. Нəрсенің күрделілігіне байланысты өлшем сызықтырының бір немесе бірнеше параллель сызықтары болады. Стандарт бойынша өлшем сызықтарының аралары 6-10 мм болуға тиіс (6-сурет). Алайда бірінші өлшем сызығын контурдан 10 мм, ал келесі өлшем сызықтарын осы сызықтан 8 мм арақашықтықта сызған дұрыс.



Нұсқама міндетті түрде сызғыштың көмегімен ұзындығы (6-10) s мм болатын сызықпен сызылады . Кей жағдайларда нұсқа ма сызықтары өлшем сызықт арына сыймай қалса, онда өлшем сандары шығару сызығының сыртына сызылады. Айта кету керек, құрылыс сызбаларында өлшем сызықтарының шеттерін оңнан солға қарай 45ْ болатын ұзындығы

2-4 мм болатын көлбеу сызықпен шектеп қояды (8-сурет). Өлшем сызығының үстіне биіктігі 3,5-5 мм болатын өлшем санын сызып қояды. Өлшем сандары миллиметр (мм) бірлігімен көрсетіледі, миллиметр сөзі мен белгісі сызбада жазылмайды. Бірақ сəулет-құрылыс сызбаларындағы ғимараттың қасбеті мен тілігінде биіктіктерін жəне жоспарда (планда) бөлмелердің аудандарын метрмен белгілеп, шартты белгілерін жазбайды. Биіктік өлшемдерін қою үшін, оңнан солға жəне солдан оңға қарай 45ْْ болатын, ұзындығы 2-4 мм көлбеу сызықтармен шектеп, үстіне метр белгісінен кейін міндетті түрде үш сан жазылады (8-сурет). Бұл өлшем саны мен өлшем сызығының арасы 1 мм шамасында болады.

Егер бір ғана өлшем сызығы болса, онда өлшем саны өлшем сызығының ортасына сызылады (6-сурет). Ал егер бірнеше өлшем сызықтары болса, онда өлшем саны шахмат тəріздес болып сызылады. Бұл жағдайда кіші өлшем саны бірінші контур сызығына жақын орналасады. Осыдан кейін одан үлкен өлшем сызығы, сөйтіп жалғасып кете береді. Айта кету керек, контурлық шығару, осьтік жəне центрлік (орталықтық) сызықтарын өлшем сызығы ретінде қолданып, өлшем санын сызуға болмайды. Сызбада квадрат жəне квадратты мəтіндер өлшемінің шамасын көрсету үшін, өлшем санының алдына Ш белгісі қойылады (12-сурет). Егер квадратпен квадратты мəтіндер мəнімен берілген болса, онда квадрат белгісінен басқа квадраттың диагональ сызығымен көрсетіледі (12-сурет). Егер квадрат басқа жағдайда орналасса, онда квадрат белгісі көрсетілмейді, керісінше қабырғаларының өлшемдері көрсетіледі.

Сызбаларда, оның ішінде машина жасау мен құрылыс сызбасында конустық жəне еңістік сызықтар кездесіп отырады (12-сурет).

Егер сызбадағы нəрсенің беті немесе жағы конус тəріздес болып келсе, онда конус осіне параллель жүргізілген шығару сызығына конустылық белгісін z мен сан арқылы жазып қояды. Конустылық  конус бетінің үстіңгі жəне төменгі табандарының диаметр айырмасы осы табандардың арақашықтығының қатынасына тең болады. Мына формуламен анықталады:

(k=(D-d)/l).

Егер нəрсенің беті еңістеу болып келсе, онда сызбаның еңістік болып келген жеріне шығару сызығын сызып, осы сызықтың сөресіне еңістеу  белгісін жəне еңістеу сызығының биіктігін еңістеу сызығының ұзындығына бөлгенге тең болатын санды жазып қояды (i=h/l болады) (



Мысалы: № 49 математика кабинетінің ұзындығы 8 м 80см,

ені 7 м 20 см. Кабинеттің сызбасын 1:200 өлшемімен қалацй саламыз?

1. Алдымен метрді сантиметрге айландырамыз:

Ұзынды: 8м80см=880см , ені: 7м 200смғы=650 см.

2. А4 парағының өлшемдерін сантиметр есебімен аламыз:

21x30.

3. Масштабы 1:200 етіп сызбасын саламыз.

4. Ұзындығы мен енңн 32 бөлеміз:

880:200= 4,4см,

720:200= 3см 6мм.

Жауабы: ұзындығы=4,4 см, ені 3см 6 мм

Қорытынды.

Қорыта келе масштаб тақырыбы көптеген пәндермен байланысты. Мысалы: география, сызу, биология т.б . Бұл тақырыпта әле де жұмыстар жүргіземін Біз енді анық ққққққӘдеҚолданылыған биеҚқққтттеҚққр тізімі:

1. “Қа Әдебиетттер тізімі:

1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-9

ҚолАлматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-9


«Математика». 6-сынып оқулығы 1-бөлім АлдамұратоваТ.А, Байшоланова Қ. С, Байшоланов Е. С «Атамұра» 2018 ж

3. География. 6-сыныпқа арналған оқулық. Герасимова Т.П. – М. Дрофа, 2012. р[өңдеу | қайнарын өңдеу]

↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл



4. Интернет – ресурс. https://ru.wikipedia.orgбілеміз «шыбынды пілге айландыруды» және керісінше үлкенді кішіге айландыруды !

Біз енді анық білеміз «шыбынды пілге айландыруды» және керісінше үлкенді кішіге айландыруды !

Біз Әдебиетттер тізімі:

1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-9

  1. «Математика». 6-сынып оқулығы 1-бөлім АлдамұратоваТ.А, Байшоланова Қ. С, Байшоланов Е. С «Атамұра» 2018 ж


3. География. 6-сыныпқа арналған оқулық. Герасимова Т.П. – М. Дрофа, 2012. р[өңдеу | қайнарын өңдеу]

 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

4. Интернет – ресурс. https://ru.wikipedia.org

енді анық білеміз «шыбынды пілге айландыруды» және керісінше үлкенді кішіге айландыруды !



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!