Материалдар / Математика 3-сынып ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика 3-сынып ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика 3-сынып 111 сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2024
136
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Математика

Бөлім:

3С Жазбаша көбейту және бөлу


Педагогтің аты – жөні:

Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

111 сабақ. Жазбаша түрде қалдықпен бөлу /Ғарышты зерттеушілер/

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

3.1.2.10 23·2, 123·2, 46:2, 246:2 жағдайларында екітаңбалы/ үштаңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану;

3.1.2.11 28·3, 269·2, 84:3, 538:2 жағдайларында екі/үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану


Сабақтың мақсаты:

Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін қолдануды үйрену

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Ұйымдастыру

2 минут

Психологиялық дайындық.

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!»

«Қалпақ» ойыны арқылы оқушылардың белсенді болуын қалыптастырамыз.

Оқушылар дөңгелене тұрып айнала жүреді, мұғалім кез келген оқушының басына қалпақ кигізіп, көбейту мен бөлуге есептеулер айтады.

Дескриптор:

-көбейтіндінің мәнін табады;

-бөліндінің мәнін табады;


ҚБ Өзара бағалау

«Қалпақ» ойыны ресурстары


Өзін-өзі тексеру

3 минут

Мұғалім үйге берілген тапсырманы «Балмұздақ таяқшасы» әдісімен тексеруді ұйымдастырады. (балмұздақ таяқшасына сынып оқушыларының есімдері жазылған. Мұғалім суырған таяқшада қай оқушының есімі оқылса, сол оқушы үй тапсырмасын түсіндіріп айтады.)

6-тапсырма.

Picture 1

Оқушылар үй тапсырмасының шығарылу жолын айтады.

Picture 3


Дескриптор:

-есептің шартын оқиды;

-есептің қысқаша шартын құрады;

-шешімін жазады;

-жауабын оқиды;


ҚБ Мұғалімнің түсініктеме бере отырып бағалауы

Балмұздақ таяқшалары


Мөр

/оқушы жұмысына қоямыз/


Өткен білімді еске түсіру

4 минут

Мұғалім өткен білімді еске түсіру мақсатында «Әткеншек» әдісімен 2 мысалды кезектесе орындауды тақтада ұсынады.

485:2=242 (1 қалдық)

975:4=243 (3 қалдық)


Ұжым болып бірлесе, түсіндіре отырып мысал шығарылады (карточкамен берілген мысалды тақтада есептейді, әдіс шарты бойынша бірнеше оқушы кезектесе орындау тиіс)

Білім алушылар тақтада бірлесе жұмыс істейді.


Дескриптор:

-мысалды оқиды;

-баған түрінде жазады;

-жүздікті бөледі;

-ондықты бөледі;

-бірлікті бөледі;

-қалдықты жазады;

-жауабын оқиды;


ҚБ «Бірін-бірі бағалау»


Карточка

«Әткеншек» әдісі QR – мен беріледі.


Жаңа білім

28 мин

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлайды. Сабақтың мақсаты - жазбаша түрде қалдықпен бөлудің алгоритмін, яғни бөлудің қадамдарын үйренетіндерін бірлесе айтады. Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» әдісі. Бұрынғы жұмысқа немесе әдіске негіздеп нақты, жақсы құрылымдалған түсініктеме беру.

1)Галилео Галилей— итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

1-тапсырманы орындау барысында ғалымның ғарышты зерттеу үшін не ойлап тапқанын білетін боламыз.

(телескоп)

Picture 5


2) мұғалім жазбаша түрде қалдықпен бөлудің алгоритмін тақтаны қолдана отырып, жазып түсіндіреді және оқушылардың бірлесе жұмыстануларына жағдай туғызады.


Picture 13


3) Жаңаны қолдану

Оқулықтағы №3 тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушыларды топтастырып, әр топқа үш мысалдан есептеуге нұсқау беріледі.

1 топ тапсырмасы:

564:5

937:3

638:3

2 топ тапсырмасы:

467:2

478:4

583:4


4) Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

Мұғалім оқушыларды 4 оқушыдан топтастырып, қалдықпен жазбаша бөлуге мысалдарды береді. Жұмыс "Tarsia" әдісімен ұсынылады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сыни ойлау қабілеттерін де арттырып, жаңа сабақты барынша терең түсінулеріне жақсы болады.

947:8=118 (3 қалд.)

778:5=155 (3 қалд.)

559:5=111 (4 қалд.)

815:9=90(5 қалд.)

767:3=255(2 қалд.)

134:3=44(2 қалд.)

766:8=95(8 қалд.)

637:3=212 (1 қалд.)

462:5=92(5 қалд.)

Оқушылар өткен сабақта алған білімдеріне негіздей отырып жаңа сабақты түсінеді.


1-тапсырманы орындайды /ауызша түрде/

























Мұғаліммен бірлесе жұмыс жасайды.














Оқушылар топтаса отырып үш мысалды есептейді және тексереді.


басқа өрнектерді де осы жолмен есептейді.




Picture 17


Білім алушылар «ТАРСИЯ» әдісі арқылы есептеулерді дұрыс орындап, пирамида түріндегі фигураны құрастырып береді. Өз жұмыстарын интерактивті тақтада көрсетілген жауап – пирамидасымен салыстырады.

Дескриптор:

-бөлуді орындайды;

-қалдықты табады;

-қалдық сандарды көбейтеді;

-мәнін айтады;

-ғалымның не ойлап тапқанын біледі;


ҚБ Салыстырмалы түрде мұғалімнің бағалауы


















Дескриптор:

-өрнекті жазады;

-жүздікті бөледі;

-ондықты бөледі;

-бірлікті бөледі;

-қалдықты жазады;

-жауабын оқиды;









Дескриптор:

-өрнекті жазады;

-жүздікті бөледі;

-ондықты бөледі;

-бірлікті бөледі;

-қалдықты жазады;

-жауабын оқиды;


ҚБ «Бірін-бірі бағалау»





Дескриптор:

-өрнекті жазады;

-жүздікті бөледі;

-ондықты бөледі;

-бірлікті бөледі;

-қалдықты жазады;

-жауабын пирамиданың сәйкес бөлігімен құрастырады;








Оқулық

Телескоп суреттері

Галилео Галилей ойлап тапқан телескоп



Қазіргі заманғы телескоп
















Тақта мен бор















Оқулық















«Тарсия» әдісі

Интерактивті тақта /АКТ/

















Бекіту

6 минут

Саралау тапсырмасының «Қорытынды» тәсілімен жұмыстар ұсынады. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Мұғалім барлық оқушыларға бағытталған нұсқау береді.

Оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Оқушылар өздерінің әрқайсысынан не күтілетінін түсінеді.

Дескриптор:

-өрнекті жазады;

-жүздікті бөледі;

-ондықты бөледі;

-бірлікті бөледі;

-қалдықты жазады;

-жауабын оқиды;


Тексеру үшін Дескриптор:

-бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеді;

-шыққан санға қалдықты қосады;

-бастапқы санның, яғни бөлінгіштің шыққанына көз жеткізеді;

ҚБ «Сканер»

АКТ құралы

Интерактивті тақтадағы өрнек мысалдар.

Кері байланыс, рефлексия

2 минут

Сабақ қорытындыланып, үй тапсырмасы беріледі. 68-бет, 4-тапсырма.

Мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақтың оқу мақсатына сай қаншалықты түсінік қалыптастырғандарын білу мақсатында кері байланыс беруді сұрайды.


Қызыл-түсінбедім

Көк – аздап түсіндім

Сары-көмек керек

Жасыл-өте жақсы түсіндім

Балалар әрқайсысы өздерінің қаншалықты түсінгендерін айтады да, таңдаған «бұрыш» түсіне қарай барады.


ҚБ «Бұрыш»

А4 парақтар


Оқу кабинетінің төрт бұрышына 4 түсті А4 қағаздары ілінеді.


Сабақтан соң мұғалім сауалдарға жауап жазады


-Мен нені қалай істедім?

-оқу мақсатына оқушыларды жеткізе алдым ба?

-қай әдіс мақсатқа жетуде ұтымды болды?

- енді келесі сабақты қалай жоспарлаған дұрыс? т/б











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!