Материалдар / МАТЕМАТИКА - ҒЫЛЫМ БАСТАУЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАТЕМАТИКА - ҒЫЛЫМ БАСТАУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобаға оқушыларды ынталандыру мақсатында жүргізілген табиғат аясындағы сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2020
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика - ғылым бастауы

Мен мектепке анамның жолын қуып биыл алғаш мұғалім атандым. Өзімнің еңбек жолымның бастауын жас бүлдіршіндерді ғылымға тартудан бастағым келді. Көп ойланып жүрдім. Оқушылардың ішінен ерекше көзге көрінгендерін дайындағым келді.Осындай оймен жүрген мұғалімдердің ізденісін, құлшынысын №7 мектеп –лицейі ММ директорымыз Қабылқақова Жания Болатқызы, бейін жөніндегі орынбасарымыз Есболаева Назым Мамайқызы байқап, біздерге арнайы мектепке облыстан Қазақстанның ғылымына көп еңбек сіңірген, Халықаралық деңгейде ғылыми жобалардан орын алып, қаншама шәкіртті ғылымға баулып жүрген Дюсенбаева Жанбибі, Мамаева Жантөре есімді мықты ғалымдарды шақыртты.

Дюсенбаева Жанбибі, Мамаева Жантөре апайларымыз, бізге бір кунді толықтай арнап, ғылыми зерттеуді үйретуүшін «Қараман» атаның басына барудан бастаймыз деді. Әуелі бізді ғылыми жобаны жазуда теориялық ретімен таныстырды, сұрақ-жауап алмасу болды. Көптеген сансыз сұрақтардың теорияға қатысты жауабын алдым. №7 мектеп- лицейінің директоры бастаған топ, мұғалімдер оқушыларымызбен ғылыми - зерттеу сабағының жалғасын көзбен көріп жасап, үйренуге автобуспен жолға шықтық. Автобустың ішінде біздерді командаға бөліп, Жанбибі апай сабағын жолда бастап кетті.



Бұл жерде кімдер кетіп, кім қалмаған,

Қара жер қаза жетсе, кімді алмаған?

Қызылбас, Қытай, Қыпшақ, Қыпшақ, Қырым, Қырғыз,

Айладыр алтау болса, Қалмақ жетеу,

Ерлерден ертедегі қалынған жер..., - деген өлеңді топ-топқа бөліп әр шумағын үш айтқаннан жаттатқызды. Жаттап айтқандарды асыл қазына кітаппен марапаттады.

Енді неге жаттатқызды деген? Ой келді, мен өлеңді жаттау барысында, ойымды тез жинақтап, жаттап алуға тырыстым және алдағы сабақтарда сондай тапсырмалар беріп қалама?, - деп, әрбір айтқан сөзін жаттап алуға тырыстым. Сонда қазір ойланып отырсам, апайдың жаттатқызған себебі, өзінің сол бір кунгі сабағын жаттап алғандай тез ұғынсын дегені екен ғой. Және бұл өлең шумақтарын талдау барысында, Біздің жерімізде жеті жұрттың кімдер болғандығын нақтылап білдік. Сонымен қатар жолды, қара таудың тарихын, бұлақтарын айтып, олардың ерекшеліктерін айтып, апай біздің өзіміздің туған жеріміздің қасиеттелігін бойымызға тереңірек сіңіртіп жібергендей болды. Осылай өте қызықты сабағымызда, Артқапыға қалай тез жеткенімізді сезбей қалыппыз.

Табиғат аясында сабағымызды ары қарай жалғастырамыз деп Жантөре, Жанбибі апайларымыз бізді артқапының үңгіріне апарып, әр пән мұғалімдерімен, оқушыларды араслатыра отырып, біздіерді 3 топқа бөлді. Бөлдіде артқапыны Бірінші топқа болжауды, екінші топқа сипаттауды, үшінші топқа нақтылауды ұсынды. Уақыт берілді, біздер зерттеуді бастап кеттік.

Зерттеу барысында әр пән мұғалімі өзінің пәніне қарай тереңірек зерттеп кетті, оқушыларымыздың да ойлары керемет екен. Сонымен ортадан барлығымыз ойымызды түйіп, 3-топ үш түрлі бағытын жан-жақты ойларын, зерттеулерін түйіп айтты. Бұл жерде менің түйгенім, біріктірілген пәндермен сабақ жүргізуді жиі қолға алу керектігі, табиғат аясында сабақ өткенді және ғылыми зерттеу барысында жұмысты қалай бастау керектігін түсіндім. Жазық далаға шыққанда, ғылыми жобаға дайындап жүрген оқушыларның ішінен 9 а сыныбынан Бермұханов Мейіржанды, 6б сыныбынан Мүбдолла Айдардың қызығушылығы артып, ашылып бастады. Екі оқушының бойынан ерекше талғамын, талабын байқап, ғылыми жобаның не екенін түсіндіріп, оқушыларды ғылыми жобаға дайындауға қызығушылықтарын арттыру барысында қайтсем болады деген? Сұрағымның жауабын артқапыда басталған зерттеу сабағынан алдым. Бұл жерде Зерттеу барысында үш сатыдан тұратынын және нақтылап қорытындылауды үйрендік. Ар қарай Қараман атаға жол тарттық. Жол бойына Қараман атаның қасиеттілігін, шыншылдығын айтып, Серікбол Қондыбайдың, Әбіш Кекілбаевтың кітаптарындағы үзінділермен апай ауызша айтқанда, Екі ғалым апайымыздың тұнып тұрған асыл тұлға екенін түсіндім. Тыңдай бердім, тыңдай бердім...

Қараман атаға да жеттік, әулие басына зияраттап келдікте, жер асты мешітіне түстік. Оқушыларға бұл мешіт және қазіргі мектеп екендігін түсіндіріп, бұл жерде тарихтан біраз сыр шертілді. Оқушылар мен қоса біздерде біраз мәлімет білдік. Қандай тамаша, жас ұрпағымызбен Қасиетті қараман атаның жер асты мешітінде Үлкен Ғалым апайларымыздан тәлім алып жатырмыз. Бұл мақтанарлық дүние деп ойлаймын.

Ары қарай атаның Шымырау құдығына келдік, құдығына келіп тағы да 3 топқа бөлініп зерттеу жұмысын жүргіздік, бұл зерттеуімізде алдындағыдай емес, ширақтау болдық. Оқушыларымызда өте жақсы белсенділік танытты. Құдыққа жан – жақты зерттеу жүргізіп, соңында нақтылап қорытындыладық. Су тіршілік – көзі атты бір мақалмен сабағымызды аяқтадық. Соңында белсенді мұғалімдер мен оқушыларды кітаппен марапаттады.

Қайтіп бара жатқанда жолда екі оқушыммен ой бөлістім, не түйдіңдер? Не білдіңдер? . Мейіржан өзінің бар ойын қағазға түсірді, Айдар өзінің ғылыми зерттеудің барысын қалай жүргізілетінін түсінгенін, алдағы уақытта міндетті түрде ғылыми жобамен айналыса беретіндігін қуанып айтты. Кешірек Мейіржанның:

  • Мен бұл саяхатта, зерттеуде түрлі мағлұматтарды білдім. Жолда біз Артқапы деген орынға бардық. Ол жердегі кеуектермен танысып, толығырақ мәлімет алдық, сол жерде топтық жұмыс жасап, кеуектер жайында мағлұматтармен таныстық. Зерттеу жұмысының расында қалай жасалатынымен таныстық.

Келесі біздер Қараман ата қорымына бардық. Ол жердегі тамдардың басындағы көне белгілердегі таңбаларды байқадым. Олардың белгілері ол адамның қандай адам болғандығын білдіреді. Мысалыға, тарақ, қайшы белгілері болса әйел адамдар, ал қылыш, найза, қалқан болса ер адамдар екенін, егерде жәйнамаз, құман салғынған белгілер ол адамның дін жолындағы адам болғандығын білдіреді. Менің ол жерде тағы байқағаным тамдарда оттың, аттыла адамдардың киікті қуғаны, батырлардың суреттері көптеп кездеседі. Менің ойымша сол кездегі адамдардың бір болған оқиғаны суреттеп тұрған секілді. Маған ең қатты ұнағаны жерасты мешіті, мешіттердің бала оқыту үшін салынғаны, оның үңгір ретінде ойып, қашап жасағандығы, ұрпағын сақтау үшін жерастына салғандығы, аса қызығушылығымды оятты. Келесі біздер Шыңырауға барды. Шыңырау өте терең құдық. Ол жерде тұщы су қоры бар. Кезінде арнайы құдықшылар қазып кеткен. Оны кез – келген адам қаза бермейді, тек арнайы адамдар қаза алатын болған. Құдықтан мал су ішеді, қыста су қатпайды құдықтың ішінде белгілі бір температураны ұстап тұрады.

Мен ойымды түйіндей келе, енді ол жерлерді ғылыми тұрғыда таңбаларды зерттеп, оны басқа қорымдармен салыстырғым келеді,- деп жазып жіберген екен.

Жанбибі, Жантөре апайларымызға, бір күндік табиғат аясында жүргізілген ғылыми-зерттеу сабағының құндылығын бізге көрсетіп, ұғындырғандарыңызға сізге мың алғыс. Жас ұрпақты ғылымға баулып, қасиетті аталарымыздың мешіттерінде алдағы уақытта да, сіздермен бірге зерттеу жүргізгіміз келеді.



Математика пәні мұғалімі: Тілекбаева Ардақ Сәтбекқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!