400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

МАТЕМАТИКА - ҒЫЛЫМ БАСТАУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмысқа ынталандырып, саяхат сабағын жүргізген мұғалімдеріме - мың алғыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушы: Бермұханов Мейіржан

Ғылыми Жетекшісі: Тілекбаева Ардақ Сәтбекқызы

Тақырыбы: Математика - ғылым бастауы

Мақсаты: Ғылыми жобаны бастау жолымда мұғалімімнің

Мен алғашында «ғылыми жобамен» айналысуды қиын көретінмін. Бірақ қатысып, орын алып жүрген оқушыларға қызыға қараушы едім. Осы жылы біздің мектепке жаңадан математика пәні мұғалімі Ардақ Сәтбекқызы келіп, біздің сыныпқа сабақ беруін бастап кетті. Мұғаліміміз бізге, сабақ үйретіп, қосымша жарыстарға, ғылыми жұмыспен айналысуға баулыды. Мұғалімім маған «ғылыми жобамен» айналысу үшін, біраз теорияларын үйретті, сонымен қатар, саяхатқа шығып біршама зерттеу – сабақтарын өттік. Сол Саяхат сабағымнан кішкене сыр шертейін:

  • Мен бұл саяхатта, зерттеуде түрлі мағлұматтарды білдім. Жолда біз Артқапы деген орынға бардық. Ол жердегі кеуектермен танысып, толығырақ мәлімет алдық, сол жерде топтық жұмыс жасап, кеуектер жайында мағлұматтармен таныстық. Зерттеу жұмысының расында қалай жасалатынымен таныстық.

Келесі біздер Қараман ата қорымына бардық. Ол жердегі тамдардың басындағы көне белгілердегі таңбаларды байқадым. Олардың белгілері ол адамның қандай адам болғандығын білдіреді. Мысалыға, тарақ, қайшы белгілері болса әйел адамдар, ал қылыш, найза, қалқан болса ер адамдар екенін, егерде жәйнамаз, құман салғынған белгілер ол адамның дін жолындағы адам болғандығын білдіреді. Менің ол жерде тағы байқағаным тамдарда оттың, аттыла адамдардың киікті қуғаны, батырлардың суреттері көптеп кездеседі. Менің ойымша сол кездегі адамдардың бір болған оқиғаны суреттеп тұрған секілді. Маған ең қатты ұнағаны жерасты мешіті, мешіттердің бала оқыту үшін салынғаны, оның үңгір ретінде ойып, қашап жасағандығы, ұрпағын сақтау үшін жерастына салғандығы, аса қызығушылығымды оятты. Келесі біздер Шыңырауға барды. Шыңырау өте терең құдық. Ол жерде тұщы су қоры бар. Кезінде арнайы құдықшылар қазып кеткен. Оны кез – келген адам қаза бермейді, тек арнайы адамдар қаза алатын болған. Құдықтан мал су ішеді, қыста су қатпайды құдықтың ішінде белгілі бір температураны ұстап тұрады.

Мен ойымды түйіндей келе, енді ол жерлерді ғылыми тұрғыда таңбаларды зерттеп, оны басқа қорымдармен салыстырғым келеді,- деп жазып жіберген екен.

Мектепке арнайы шақырылған, Жанбибі, Жантөре апайларымызға, бір күндік табиғат аясында жүргізілген ғылыми-зерттеу сабағының құндылығын бізге көрсетіп, ұғындырғандарыңызға сізге мың алғыс. Жас ұрпақты ғылымға баулып, қасиетті аталарымыздың мешіттерінде алдағы уақытта да, сіздермен бірге зерттеу жүргізгіміз келеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.10.2020
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі