«Математика – ғылымдар патшасы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Математика – ғылымдар патшасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС МАМАНДАРҒА
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Математика – ғылымдар патшасы»

Мақсаты: Балаларды математика оқу қызметінен жыл бойы өткен материалдарды қайталау, дидактикалық ойындар арқылы білімдерін бекіту, ой-өрісін, талғамын кеңейту, мақал-мәтел, санамақ арқылы ой танымын қалыптастыру, логикалық тапсырмалар орындау арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік: Кесте, кеспе сандар, геометриялық пішіндер, логикалық ойындар, дидактикалық ойындар материалдары, атрибуттар.

Оқу қызметінің байланысы: көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, драма, қоршаған ортамен танысу, Монтессори әдісін қолдану.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғаушы





Ұйымдастыру - ізденістік

Гимн орындалады

Шаттық шеңбері

- Бүгін бізде ерекше оқу қызметі болғалы тұр.

- Қазір қандай жыл мезгілі?



- Көктемде неше ай бар?



- Қазір қай айы?

- Бір жылда неше ай бар?

Тосын сәт:

Атай кіріп келеді.

- Менің бір құпиялы сандығым бар еді. Кілтін таппай жүрсем, қатыгез ханшайым әкетіп қапты.

Оқу қызметімізді білім сандығымыздың кілтін іздеумен жалғастыру. Яғни, жыл бойы өткен тапсырмаларды қорытындылап шығамыз.

Мына хатты тастап кетіпті.

Тәрбиеші оқиды: - Кімде кім мына тапсырмаларды орындай алса, кілтті қайтарып беремін депті.

Қария: - Балалар, бұл өте сиқырлы кілт еді. Көмектесіңдерші. Сендер өте білімді бала көрінесіңдер.

1 Тобыңда ғажайып қоржын бар.

а) Д.о. «Ғажайып қоржын»

Мақсаты: Заттарды сипап сезу арқылы қолмен ұстап, санау дағдыларын бекіту.

ә) Адасқан сандар.

б) Тура және кері санау.

2 Қызыл түсті 5 санының артында берілген.

а) «Жұбын тап»

ә) «Тақ-жұп санды ата»

Мақсаты: Тақ-жұп сандарды ажырата білу, бірлік, ондықты атау.

3 7-саны жұп сан ба?

Тақ сан ба?

Ханшайым: - 7 саны киелі деп атайды. Қалай дәлелдейсіңдер?

1) 7 – моншақ өткізу

2) 7 – санын баумен өткізу

3) 7 түс – кемпірқосақ салу

4) 7 шелпек (пластиллиннен)

5) 7 қазынаның суретін табады

6) 3 – 4 бала есеп шығарады

3 + 4 = 7 5 – 3 = 2

9 – 2 = 7 3 + 2 = 5

Қалған балалармен 7 санына нақыл сөздер:

а) Жеті атасын білмеген – жетесіз.

ә) 7 қарақшыны таныған 7 түнде адаспас.

б) Бала 7-ге дейін жерден таяқ жейді.

в) Ит жеті қазынаның бірі.

4 7 санынан кейін 9 санының алдындағы сан артында (8) тапсырма.

Тәрбиеші: - Балалар, бұл кеңістікті бағдарлау жайында екен.

Д.о. «Кезекте кім»

Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.

Қуыршақ театры

Айболитке аңдар емдеуге келеді.

Кезекте кім І, ІІ кім?

Ортасында кім жоқ?

Айболит аңдарды емдеп, қайтарады.

Музыкамен сергіту жаттығуын жасайды.



5 Түлкінің себетінде не зат?

Сұйық па, сусымалы ма?

Тәрбиеші: - Балалар, сусымалы заттарға нелер жатады?

Сұйық заттарға ше?

Өлшем бірліктерін ата?

Сусымалы заттар: г, кг, тонна.

Сұйық заттар: литр, мл, мг

Ұзындықты өлшеу: мм, см, м, км.

«Неге ұқсайды?»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратып атайды.

Берілген сюжетті суреттерден қанша геометриялық пішіндер бар?

6 Ханшайым өзі шығады:

- Балалар, жарайсыңдар.

Енді сендер көп біледі екенсіңдер. Санамақ айта аласыңдар ма?

ә) Шығыста – таң алауланып атады.

Батыста – күн жалауланып батады.

Солтүстікте – мұхит мұз боп қатады.

Оңтүстікте – шөлде гүлдеп жатады.

Тәрбиеші: - Ханшайым және Атай.

- Міне, көрдіңіздер ме. Балалар барлық тапсырмаларды орындап шықты.

Мақал-мәтел де біледі.

1. Білекті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

2. 2 жақсы қас болмас,

2 жаман дос болмас.

3. Ақылды 3 жылда үйренеді

Ақымақ 3 күнде үйренеді.

4. Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

5. 5 саусақ бірдей емес.

6. 6 жыл аш болсаң да

Ата салтын ұмытпа.

7. 7 жұрттың тілін біл

7 түрлі ілім біл.

8. Жігіт 8 қырлы, 1 сырлы.

9. Білгенің бір 9

Білмегенің 99.

10.Бір тал кессең

Он тал ек.

7 Ханшайым: - Соңғы тапсырмам, балалар, кілтті оңай бергім келмей отыр.

«Сөзжұмбақ»

К

І

Л

Т

1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама

2. Киелі сан

3. 7 санының алдыңғы көршісі

4. Қандай оқу қызметін өттік.



Музыка ойналып осы сөзжұмбақ артында жасырулы кілт шығады.

Ханшайым Атайға береді:

Атай балаларға алғыс айтып батасын береді.

Тәрбиеші: Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Ғарыштық кеме, атылған тас.

Аққан су, соққан дауыл, айналған жер,

Бәрінің заңы «есеп» екені рас.

Сондықтан таңбалардың сырын терең,

Ізденушіге оқып үйрен дер ем.

Демесең егер еңбегім еш

Әуелі есепті оқып үйрен дер ем.

Балалар: хормен

Егеменді Қазақтың біз ұланы

Өз туы бар, елтаңба, ән ұраны

Тәрбиеші кілтпен сандық ашады. Білім сандығы. Білімге бастар жол

Карта

Қалам

Дәптер

Әліппе

Математика шығады.

Қорытынды



Қимыл-іс әрекетпен қонақтарға тілек-лебізін білдіреді.

- Көктем. «Көктем» әнін орындайды.

- Наурыз, Сәуір, Мамыр.

- Сәуір айы.

- 12 ай бар. Атап шығады.





























- Балалар келіседі.





2 тақта, 2 түрлі моншақ тастарды қанша екенін санау.





Үш тілде санайды.





Балалар тақтаға ілінген аралас ертегі мульфильм кейіпкерлерінің жұбын топтастырады.



Тақ сан





Балалар қалаған тапсырмаларды орындауға отырады.





Қалған балалар есеп шығарады.





Нақыл сөздер айтады.









Мәнерлеп айтады.



8 саны





















І – тышқан

ІІ – қоян

ІІІ – қасқыр

IV - түлкі

V – аю

Қимылмен көрсете отырып, көңілді орындайды.



Сүт – сұйық

Сусымалы – шекер-қант





Сурет бойынша сұйық, сусымалы, ұзындық өлшем бірліктерін ажыратып атайды.



Атап, санап шығады.







Бас бармағым – атам – үйдің данасы.

Балан үйрек – әжем – ошақ анасы.

Ортан терек – әкем – отау панасы.

Шылдыр шүмек – шешем – шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен – бәрінің базары.

















Әр бала сан ретімен мақалды айтып шығады.



































Тақтада сөзжұмбақты шешеді.







Кітап



7 (жеті)

6 (алты)

математика



Балалар қуанады.









Мұқият тыңдайды.



































Қол шапалақтайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай біледі;

Игеру керек: Дамытушы ойындар, логикалық есептер арқылы ой қабілеті дамиды, сандарды ажыратуды, тура, кері санауды, сұрақтарға нақты дұрыс жауап беруді;

Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай табуды, берілген тапсырмаларды есте сақтап, меңгергендері байқалады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.08.2018
785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі