400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика Ашық сабақ 3 сынып Ішкі жиын

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар 3 сынып Математика
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Математика

Бөлім

4В Есепті шығару жолдары

Педагог


Күні

16.04

Сынып: 3 В

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ішкі жиын Ауаның құрамындағы су

Оқу мақсаттары

3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру

Сабақтың мақсаты

сандар жиынының ішкі жиынын құрады;


Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру бөлімі

«Қалпақ» ойынын ұсынады.



Ойын барысында көбейту кестесін қайталайды.

ҚБ «Отшашу»

Қалпақ

Үй тапсырмасын тексеру

31 бет 5 т




Үй тапсырмасын өзара тексереді, дұрыстығын анықтайды.

567

932

ҚБ «Өзара бағалау»

дәптер

Алдыңғы білімге шолу


«Садақ ату» интерактивті тақта ойынын ұсынады.



«Садақ ату» интерактивті тақта ойынын ойнайды.

  1. Қағаз ақша қалай аталады?

  2. Металл ақша қалай аталады?

  3. Ұлттық валютамыздың атауы?

  4. Екі мың теңгені қалай ұсақтар едің?

Сенде он мың теңге бар еді. Сатып алған тауарға төрт мың теңге жұмсалды. Дүкенші саған қанша ақша қайтарады?

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Моноблок


Сабақтың ортасы

30 минут

Жаңа сабақты түсіну ҰЖ

3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру туралы сабақ мақсаты хабарланады, түсіндіріледі.

ІШКІ ЖИЫН

Егер А жиынының ішіндегі барлық элементі

В жиынына кірсе, онда А жиыны В жиынына тиісті болады.



Жиын. Жиын ұғымы — математиканың негізінде жатқан жалпы ұғымдардың бірі. Сондықтан жиын ұғымының дәл анықтамасын беру мүмкін емес. Біз жиын деп нені түсінетінімізді ғана айта аламыз. Әдетте жиын ретінде әртүрлі объектілердің алдын ала берілген ерекшеліктері бойынша элементтердің топтастырылуын айтамыз.

Гүлдер жиыны

Жануарлар жиыны

Әріптер жиыны

Сандар жиыны ... дегендей.

ҚБ «Мұғалімнің түсініктеме бере отырып бағалауы»

Суреттер, бор мен тақта

Эйлер дөңгелектері, А мен В

Жаңаны меңгеру

ҰЖ

Оқушылардың практикалық жұмысы

1 т 33 бет


2 т 33 бет



1 т 33 бет

1 жиын «Киімдер»

2 жиын «Ауа райы»





2 т 33 бет


А жиыны 2 4 6 8 «Бір таңбалы жұп сандар» жиыны

В жиыны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 «Бір таңбалы сандар» жиыны

Ортақ қасиеті: БІР ТАҢБАЛЫ САНДАР


А ЖИЫНЫ В ЖИЫНЫНА ТИІСТІ. Себебі, А жиынына тиісті сандар В жиыны ішінде тұр. Сондықтан А жиыны В жиынының ІШКІ жиыны болады.

А ⸦ В

А ={2 4 6 8 }

B= {1 2 3 4 5 6 7 8 9}


Дескриптор:

-бірінші жиынды анықтайды; 1 б

-екінші жиынды анықтайды; 1б


Дескриптор:

-бірінші жиынға атау береді; 1 б

-екінші жиынға атау береді; 1 б

-жиындардың ортақ қасиетін анықтайды; 1 б



Қима қағаздар, сандар, Эйлер дөңгелектері, А мен В

Жаңа сабақты бекіту. ЖЖ

Функционалдық тапсырма ұсынады.



✍️ Тапсырма:

Мына жиынды қара:

A = {қасқыр, түлкі, аю, қоян}

1. Төмендегі жиындардың қайсысы A жиынының ішкі жиыны болып табылады? Белгіле: ✅ немесе ❌

а) {қасқыр, түлкі}
ә) {барыс}
б) {қоян, аю}
в) {}
г) {қасқыр, арыстан}

Дескриптор:

-бірінші ішкі жиынды анықтайды; 1 б

-екінші ішкі жиынды анықтайды; 1 б

үшінші ішкі жиынды анықтайды; 1 б


ҚБ «Термометр»


Қима қағаздар жасыл және қызыл қарындаштар

Сабақтың соңы

8 минут

Саралау тапсырмалары Оқушыларға оқу мақсаты бойынша тапсырма беріледі. Әр оқушы жеке орындайды.



Оқушылар тапсырманы он баллдық деңгейде орындайды.

  1. Жиындардың қайсысы ішкі жиын болады? Белгіле.

A = {алма, алмұрт, өрік, жүзім, шие}

В = {алма, өрік, шие}

В ⸦ А

С = {10 12 13 20 22 26 30 32 37 40 42} жиыны берілген. Осы С жиынына тиісті ЕКІ ІШКІ ЖИЫН құрап жаз. Әр жиын элементтерінен өзің байқаған қасиеттер бойынша атау бер. Құрған ішкі жиындарыңды С жиынына тиісті екендігін белгіле.

А ⸦ С

В ⸦ С








ҚБ «Өзін -өзі бағалау»


Дескриптор:

- ішкі жиынды анықтайды; 1 б


-ішкі жиынды белгілейді; 1 б







Дескриптор:

-бірінші ішкі жиынды құрады; 2 б


-екінші ішкі жиынды құрады; 2 б


-бірінші ішкі жиынға атау береді; 1 б


-екінші ішкі жиынға атау береді; 1 б


-бірінші ішкі жиынды белгілейді; 1 б


-екінші ішкі жиынды белгілейді; 1 б



Моноблок

Рефлексия


GUNZY платформасында «Бағдаршам» жануы бойынша кері байланыс алу.




Үйге тапсырма беру

GUNZY платформасында рефлексия жасайды.










34-бет 4 т

ҚБ «Мұғалімнің бағалауы»

Интерактивті тақта, GUNZY платформасы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 сәуір
279
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі